Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Табыс тарихы

другие Табыс тарихы

1 желтоқсан 2022 ж.

Боранқұл ауылында балалар және спорт алаңдары ашылды!

Шалғайдағы ауыл аймақ заман талабына сай құрал жабдықпен қамтамасыздандырылуда.
1 желтоқсан 2022 ж.

Ақкиізтоғай ауылы "Жарық көше" жобасы

Qoǵamdyq keńistikter жобасы аясында ауылдың көшелері жарықтандырылды.
21 маусым 2022 ж.

Қазақстандағы медицина сапасын жақсарту үшін

Бүгінгі таңда Қазақстан медицинасы тап болатын сын-қатерлерге көрсетілетін

3 қыркүйек 2019 ж.

Қарапайым қуаныштарды қайтарамыз

2016 жылы 25 жасында Ержан (есімі өзгертілді) көлік апатына ұшырап көптеген жарақаттар алады, ал 10 күннен соң инсультқа шалдықты. Денесінің мойнынан төменгі бөлігі істен шығып, аяқ бұлшықеттерінің гипотрофиясы пайда болады. Алайда ештеңеге қарамастан Ержан берілген жоқ. Бос уақытын ол емдік дене шынықтыруға арнады. Табандылығының арқасында ол оң қолының қалыпты жұмыс істеуі мен орташа физикалық жағдайын сақтап қалды. Емдік дене шынықтыру курстарын Алматыда алып жүрді.  

Ата-анасы Ақтауда жаңа «Ясин» оңалту орталығының ашылғаны туралы біліп, Ержанды осында алып келді. Бұл уақытта ол мүлдем отыра алмайтын, тек қана жата алатын. Мамандар онымен күніне үш сағаттан айналысты. Әр саусақты, содан кейін әр буынды пассивті түрде өңдеуден бастады. Вертикализатор, содан соң швед қабырғасына қойды.

«Қазір ол өз бетінше отыра алады, жаттығулар жасайды, басын сенімді ұстайды, қолдарын қозғалтып, пернетақтада мәтін тере алады. Аяқтарының бұлшықеттері нығайып, бүгінде тізесін бүге алатын болды. Мұндай нәтижелерден соң оның өмірге деген құштарлығы оянды. Жүріп кете алатындығына сенімді», - дейді реабилитолог-дәрігер Күмісай Қарабасова.

Оңалту орталығы 2018 жылы қыркүйек айында «Ясин» емханасының тұсынан инсульт, жарақат, омыртқаға жасалған нейрохирургиялық операциялар, жарық (грыжа) және буындардың эндопротезированиесінен кейінгі науқастарды оңалту мақсатында ашылған болатын. Осы қысқа уақытта орталықта 140 емделуші денсаулықтарын қалпына келтіруді бастады.

2019 жылы «Ясин» орталығының директоры Айнагүл Махамбетова «Жарқыра» әлеуметтік кәсіпкерлік байқауына қатысып, жеңімпаздар  қатарынан табылған болатын. Байқау шеңберіндегі қаржылай қолдаудың көмегімен орталыққа аяқ-қолды қалпына келтіруге қажет итальяндық «Мотомед» жабдығы алынды. Бұл жабдық Ержан сияқты науқастардың оңалуын тездетеді. Сонымен қатар, орталықтың дәрігері Мәскеудегі Медициналық оңалтудың халықаралық академиясында ПНФ методикасы бойынша оқу өтті. Бұл орталықтың қызметтер деңгейін жаңа деңгейге көтеруге септігін тигізеді.

Орталықта түрлі құралдармен жабдықталған бірнеше кабинет пен білікті мамандардың мүлтіксіз командасы қызмет атқарады. Емдік дене шынықтыру кабинетінде аяқ-қолды қалпыға келтіру үшін жаттығулар жасалынады. Эрготерапевт-дәрігер науқасқа өз-өзін күтуді, жұмыс істеуді басынан бастап үйретеді. Когнитивті функцияларды қалыпқа келтірумен айналысатын және науқастың туыстарымен жеке жұмыс жүргізетін психологтың кабинеті де бар.  

 «Орталықты ашу идеясына науқастарым үшін негізгі неврологиялық емнен кейін сауығу үшін оңалту қаншалықты маңызды екенін түсінгенде келдім. Өзіңіз сенетін істі жүзеге асырудан ешқашан күшіңізді аямаңыз! Біздің науқастар соның жарқын үлгісі -  олар өмірдегі қарапайым қуаныштарға қайтып келу үшін еш аянбайды», - деп атап өтті Айнагүл.

Поделиться страницей: