Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Табыс тарихы

другие Табыс тарихы

1 желтоқсан 2022 ж.

Боранқұл ауылында балалар және спорт алаңдары ашылды!

Шалғайдағы ауыл аймақ заман талабына сай құрал жабдықпен қамтамасыздандырылуда.
1 желтоқсан 2022 ж.

Ақкиізтоғай ауылы "Жарық көше" жобасы

Qoǵamdyq keńistikter жобасы аясында ауылдың көшелері жарықтандырылды.
21 маусым 2022 ж.

Қазақстандағы медицина сапасын жақсарту үшін

Бүгінгі таңда Қазақстан медицинасы тап болатын сын-қатерлерге көрсетілетін

8 тамыз 2017 ж.

Алға қадам

Олег Козедуб – 2016 жылғы «Жарқыра» бағдарламасының жеңімпазы. Олег бағдарламаға «Сказка» балалар мәдениет орталығын кеңейту мақсатында қатысты. Орталық Атырауда 2013 жылы балаларды Қазақстан аумағында өмір сүретін халықтардың дәстүрлерін сақтау және жандандыру рухында тәрбиелеу үшін құрылды. Бұл – әлем ертегілерінің сарыны бойынша бірнеше ертегілердің көрінісімен әсемделген ерекше ойын алаңы. Орталықта балалар мен ересектерді нағыз ертегі кейіпкерлері қарсы алып, ертегі әлеміне саяхаттатады.

Ата-аналардың бәрі балаларының бақытты, дені сау болып, айналадағы адамдармен араласа білгендерін қалайды. Араласу – маңызды адами қажеттіліктердің бірі. Ол адамға өзін-өзі тануға, өмірдегі өз орнын табуға көмектеседі. Араласа білу, басқа адамдармен қарым-қатынас орнату, басқа адамды түсіне білу – бала кезден іргесі қаланып, қалыптасатын маңызды қасиет. Бала дамуының осы тұсына ертерек назар аударсақ, алдағы өмірінде де қиындықтары азырақ болады.

Яна – алты жасар қыз. Яна біздің орталыққа бірінші рет 2016 жылы келді. Бұл қызды бәріміз бірден байқадық: ол Ертегілер мұражайына жиі келетін, бірақ анасынсыз кіруден мүлдем бас тартатын. Интерактивті сипаттағы көріністерде Яна ойындарға қатысудан және тапсырмалар орындаудан бас тартып, енжар көрермен рөлін таңдайтын. Балалармен және әртістермен әрекеттесуді қаламаушылығы, тұйықтық, жаңсақтық, төмен белсенділікпен жылаңқылық та қатар жүрді. Анасының сөзінше «… жақын тусыстармен ғана араласуға үйреніп қалған үйдің баласы, бірақ үйде өте белсенді, бірігіп жасаған іс-шараларға қуана қатысады».

Янаны театр студиясына алып келуді анасы ойлап тапты. Және қателескен жоқ. Бірінші сабақта қыз бала бірде-бір сөз айтпады, қызығушылығын білдірмеді. Бірақ әртістік шеберліктің педагогы Дарина Тамбовцевадан кеңес алғаннан кейін, анасы баламен тағы бір рет келетін болды.

Театрда ойнату баланы рухани және шығармашылықты дамытудың құралы ғана емес, сонымен бірге ол балаға ұялшақтықпен және жаңсақтықпен күресуге көмектеседі. Балалар ерекше ұнататын ойын үлгісіндегі сабақтардың арқасында қоғамдағы жүріс-тұрыс дағдылары иеленеді.

Қазір, Яна – «Буратино» театр студиясының ең белсенді қатысушыларының бірі. Ол уайым, қуаныш, ашу, жиіркеніш, таң қалу, ұрыс, ренжіш және ризашылық сияқты негізгі эмоцияларды көрсететін этюдтерде ойнауды ұнатады. Әр этюд кішігірім көрініс болып табылады. Яна сенімдірек, дербесірек, белсендірек бола бастады. Анасынсыз қалудан қорықпайды. Біз оның коммуникативтік мінез-құлқына қатысты қиындықтарынан толықтай арылды деп айта алмаймыз, бірақ оның қоршаған ортамен қарым-қатынасы үйлесімдірек болды деп үміттенеміз. 

Поделиться страницей: