Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Табыс тарихы

другие Табыс тарихы

1 желтоқсан 2022 ж.

Боранқұл ауылында балалар және спорт алаңдары ашылды!

Шалғайдағы ауыл аймақ заман талабына сай құрал жабдықпен қамтамасыздандырылуда.
1 желтоқсан 2022 ж.

Ақкиізтоғай ауылы "Жарық көше" жобасы

Qoǵamdyq keńistikter жобасы аясында ауылдың көшелері жарықтандырылды.
21 маусым 2022 ж.

Қазақстандағы медицина сапасын жақсарту үшін

Бүгінгі таңда Қазақстан медицинасы тап болатын сын-қатерлерге көрсетілетін

14 наурыз 2016 ж.

ERSAI Caspian Contractor LLC компаниясы Құрық ауылындағы мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыруға атсалысуда

«Осы күнге дейін бір топта 25-30 бала оқитын. Олардың барлығы парталарға отырғызылып, оларға бірдей оқу әдісі қолданылып, бір тақырып түсіндірілді.   Барлық оқушының тек 4-5-уі ғана сабаққа белсене қатысатын...

«Степ бай степ» технологиясының еңгізілуімен балабақшадағы жағдай күрт өзгерді! Қазір балабақшада 5 білім беру орталығы ұйымдастырылған. Бүлдіршіндер қай орталыққа барғысы келетінін өздері таңдайды немесе бір орталықтан келесіге ауысып, барлық орталықтардағы сабақтарға да қатысуы мүмкін.   Басқаша айтқанда, бір топта оқитын балалардың саны  5-6 балаға дейін қысқарып, барлығы бір тақырыпты тек әртүрлі әдістермен меңгереді. Бұл әдіс әрбір балаға жеке көңіл бөлуге мүмкіндік береді! Оқу барысында әрбір бала белсенді!»

Маржан Қаржаубаева, әдіскер

«Құлыншақ» балабақшасы 

2013 жылы Маңғыстау облысының Құрық ауылында мектепке дейінгі білім берудің сапасын арттыру үшін «Бірге өсеміз!» жобасы аясында балабақшылардың әкімшілік басқармасы мен мұғалімдердің біліктілігін арттыру, ата-аналармен байланыс орнату, оқу үдерісіне әрбір бала белсенді болатындай оқыту әдістерін енгізу қолға алынды.

Балабақша әкімшілігіне арнайы оқыту семинарлары өткізілді. Семинарлар балабақша қызметкерлерін тиімді басқару, мұғалімдердің жұмысқа деген ынталарын ояту, мемлекеттік стандарттарға сай білім беру сапасы мен стратегиялық жоспарлауда мүғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру сияқты тақырыптарды қамтыды.  

2013 жылы  «Құлыншақ» балабақшасы  «Степ бай степ» оқыту технологиясы пилоттық жоба ретінде ендірілген екі балабақшаның бірі.  Мұғалімдер «Степ бай степ» оқыту технологиясын меңгеру үшін технологияның негізі мен күрделі оқыту әдістерін үйренді, оқыту орталықтарының ерекшеліктерімен танысып, баланың білім алу үрдісіне ата-аналарды тиімді кіріктіруге үйреткен 5 тренингке қатысты.

2013 жылы «Степ бай степ» орталығының білікті мамандары арнайы орталықтарды жабдықтауға көмектесіп, 3 сыныпта дәстүрлі оқыту әдістері толығымен «Степ бай степ» технологиясына көшірілді. Сондай-ақ, 2013 жылы арнайы оқытылған мұғалімдер Астана қаласындағы алдыңғы қатарлы «Степ бай степ» орталығына барып, технологияны тиімді қолданудың үлгілерін көруге мүмкіндік алды. Ал 2015 жылы Қазақстанда «Степ бай степ» технологиясын пайдалануда ең үздік деп танылған Семей қаласындағы «Ақбота» балабақшасына тәжірибе алмасуға барып келді.

Орталық Азияның Еуразия Қоры мен «Степ бай степ» орталығының білікті мамандары 2013, 2014 және 2015 жылдары бақылау мен бағалау жүргізіп, мұғалімдердің технологияны игерудегі қателіктері дер кезінде дұрысталды.  Нәтижесінде, «Құлыншақ» балабақшасында мектепке дейінгі білім беру сапасы жақсарды! «Құлыншақ» балабақшасының мұғалімдерінің жинаған тәжірибесі арқасында 3 жаңа сынып ашылып, 2015  жылы жаңа 6 маман дайындап шығарылды.

Бүгін «Құлыншақ» балабақшасында  20  астам маман бар. Олар демократиялық құндылықтарды назарға ала отыра, заманауи жабдықталған сыныптарда 150 бүлдіршінді оқытып, ата-аналармен тығыз қарым-қатынас орнатқан.  Балабақшаға баратын балалардың 60%-ы оқуға деген талпыныстары мен қызығушылығын білдірген, өздері таңдау жасай алады, жасампаз, басқа балалармен оңай қарым-қатынас орната алады, сөздік қорлары кеңейген, өз ойларын еркін жеткізе алатын болды. 

Поделиться страницей: