Подпишитесь на наши новости:
Жастар және білім беру
- Жастар және білім беру
- Азаматтарды тарту және тиімді басқару
- Кәсіпкерлікті қолдау
- Әлжуаз топтарға көмек көрсету
- Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті дамыту
«Тең IT-мүмкіндіктер әлемі» жастар лагері»
Общая информация о проекте
Жобаның басты мақсаты мүмкіндігі шектеулі адамдардың басқа үміткерлермен салыстырғанда жұмысқа орналасу барысындағы төмен бәсекеге қабілеттілік мәселесін шешу болып табылады.Дегенмен бұл мәселе тек «айсбергтің ұшы» ғана, мүмкіндіктері шектеулі балалар мектеп кезінен бастап оқу орындарының қолайсыздығы, әдістемелік оқулықтардың, басқа да оқытудың баламалы ресурстарының болмауы сияқты түрлі кедергілерді бастан кешіреді. Бұл факторлар мүмкіндіктері шектеулі жастарға жоғарғы оқу орнына түсу, кейін жұмысқа орналасу барысында қиындықтар туындатады.
«Тең IT мүмкіндіктер әлемі» жастар лагері» - бұл тек көп модульді оқыту курсы емес, сонымен қатар IT саласындағы тәжірибе мен біліміне ену. Бағдарламалау, веб-дизайн, жобаларды басқару, веб-жасақтау, үлкен массивті ақпараттармен жұмыс істеу, көшбасшылық құзыреттерін дамыту, шешендік, командалық құру саласындағы ең үздік сарпашылардан және қоғамның өзекті мәселелерін шешуге арналған заманауи технологияларды қолданатын әлеуметтік танымал спикерлердің және қанаттандыратын бастамаларды жасаушылардың дәрістерінен тұратын кіріспе курсы. Бұның өзі бағдарлама қатысушыларының алатын білімдерінің толық тізімі емес.
Жоба міндеттері:
- Ақпараттық бөлім:
- Әлеуметтік жобаны іске қосу туралы баспасөз мәслихатын өткізу;
- Қазақстан Республикасының 16 аймағында (хакатон / митап) ақпараттық және жұмылдыру науқанын жүргізу;
- 16 IT-командаларын анықтау / қалыптастыру;
- Оқу бөлімі:
- Инклюзивті тәсілдер мен тәлімгерлікті қоса алғанда, білім беру іс-шараларын жүргізу;
- Жастарға арналған IТ-лагерін өткізу (Алматы қ., «Тау-Тұран» базасында);
- Жобаның қатысушыларын қолданыстағы IТ жобаларына қосу арқылы тәжірибелік инклюзивтік білім беруді ұйымдастыру;
- Жастар IT-командалары арасында «Әлеуметтік салаға арналған IT-жобалар» байқауын өткізу;
- 2 млн. теңгеге 4 грант беру. (жалпы жүлде қоры 2 млн. теңге).
- Практикалық бөлім:
- Жастар IT-командалары арасында «Әлеуметтік салаға арналған IT-жобалар» байқауын өткізу;
- 2 млн. теңгеге 4 грант беру. (жалпы жүлде қоры 2 млн. теңге).
Жоба «Ерекше Таңдау-Шелек» Корпоративтік қоры, «Мойымайтын Мүгедектер Қоғамы» Қоғамдық бірлестігі, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бірлестігі мен «Шеврон» компаниясы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және «Орталық Азияның Евразия Қоры» Корпоративтік қорының қолдауымен жүзеге асырылды.
Ресурсы и файлы проекта
Поиск по проектам
Другие проекты этого направления
- Активные
- Завершенные
3.2.1 – СТАРТ!
Жобаның мақсаты: экология саласындағы жастардың бастамаларын дамыту және жастардың эко-бірлестіктерін құру.
ПодробнееОрталық Азиядағы азаматтық қоғамды қолдау бағдарламасы (USAID)
1 Компонент: Әлеуметтік жауапты жас көшбасшылар қауымдастықтарына қолдау көрсету (CAYLA)
ПодробнееБастауыш білім беруді жетілдіруге бағытталған "Бірге жұмылып, білімге талпынайық!" жобасы
Жоба Құрық ауылында бастауыш білім беру сапасын жақсартуға бағытталған
ПодробнееҚұрық ауылындағы мектептерде кәсіптік бағдарлау бойынша "Бірге жұмылып, білімге талпынайық!" жобасы
Жоба мектептерге жәрдемдесу және кәсіптік бағдарлау қызметін жақсартуға бағытталған
Подробнее