Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жастар және білім беру

Карта деятельности Фонда

Орталық Азиядағы азаматтық қоғамды қолдау бағдарламасы (USAID)

Дата начала: 25.11.19 Дата завершения: 29.09.24

Общая информация о проекте


Бағдарламаның мақсаты– Орталық Азияда белсенді және жауапты азаматтық қоғамды қалыптастыру.
 
Бағдарламаның міндеттері:
 
1. Әлеуметтік жауапты жас көшбасшылар қауымдастықтарына қолдау көрсету (CAYLA).
2. Ашықтық пен есеп берушілікті арттырудағы азаматтық қоғамның рөлін күшейту.
3. Азаматтық қоғамның пайда болған мүмкіндіктерге тиімді жауап беру қабілетін арттыру.
4. Үкіметтік емес ұйымдардың институционалдық дамуы.
 

CAYLA Орталық Азияның жас көшбасшыларының өзара әрекеттесуіне арналған интерактивті алаң, ол оқыту, байланыс орнату, көшбасшылық қабілеттерді кеңейтуді қолдайды және жастар мен олардың қауымдастықтарының дамуына оң ықпал етеді. Бес жыл көлемінде CAYLA интерактивті алаң ретінде бүкіл Орталық Азия бойынша, кем дегенде, 450 жас көшбасшылар мен қоғам қайраткерлері үшін қызмет етеді әрі оларға онлайн-оқыту мен жеке дамуды, сондай-ақ тәлімгерлікті ұсынатын болады. Байланыс орнату жас көшбасшылар мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері арасында қоғамның оң даму құндылықтарын бөлісетін байланыстар орнатуға ықпал ететін болады. Барлық тренингтерден өткен CAYLA қатысушылары қорытынды сертификатын алады және әлеуметтік жобаларды қолдауға арналған шағын гранттар бағдарламасы бойынша қаржыландыруға өтінім беруге шақырылады, бұл оларға өздерінің жаңа білімдері мен дағдыларын іс жүзінде қолдануға мүмкіндік бермек.

Орталық Азиядағы азаматтық қоғамды қолдау бағдарламасының аясында CAYLA қатысушылары келесі іс-шараларға қатыса алады:

  • CAYLA-ның ұлттық және аймақтық конференциялары;
  • Оқытуға арналған онлайн-платформа;
  • Дөңгелек үстелдер;
  • Интерактивті лекциялар;
  • Ұлттық және аймақтық нетворкинг лагерлері;
  • Стади-турлар (оқу-танысу сапарлары);
  • Тағылымдама және тәлімгерлік мүмкіндіктері;
  • Стипендиялар бағдарламасы;
  • Шағын гранттар бағдарламасы.

 

СAYLA байқауында қоғамдық жобаларға, волонтерлік және қауымдастықты дамыту жөніндегі жобаларға қатысу тәжірибесі бар кандидаттарға артықшылық беріледі. Толтырылған өтінімдердің барлығы қаралады және СAYLA қатысушылары келесі критерийлер негізінде іріктелетін болады:

• Жасы: 18 – 30 жас;

• Жоғары көшбасшылық әлеует;

• Өтініш берушінің қауымдастығында жастардың алдында тұрған мәселені нақты және қысқа тұжырымдау қабілеті, сондай-ақ мәселені шешудің мүмкін жолдары;

• Жастарды қоғамдық мәселелерге тартуға жәрдемдесуде тәжірибесінің болуы;

• Жергілікті деңгейде жастар бастамаларын ілгерілету туралы білуге деген ынта мен ниетінің болуы;

• Волонтерлік немесе қоғамдық жұмыс тәжірибесінің болуы, кәсіби немесе кәсіпкерлік тәжірибесінің болуы жақсы қосымша болады. 

 

Өтініштің онлайн формасы: www.bit.ly/CAYLAapply

Өтініштер 5 мамыр 2020 ж. дейін қабылданады.

Толығырақ конкурс туралы ақпаратты келесі сілтемелер арқылы көруге болады:

Қазақ тілінде: www.bit.ly/CAYLA-RFA-KAZ
Орыс тілінде: www.bit.ly/CAYLA-RFA-RUS
Ағылшын тілінде: www.bit.ly/CAYLA-RFA-ENG


Доноры и партнеры проекта


Ресурсы и файлы проекта

Поиск по проектам






с по



Другие проекты этого направления

3.2.1 – СТАРТ!

Жобаның мақсаты: экология саласындағы жастардың бастамаларын дамыту және жастардың эко-бірлестіктерін құру.

Подробнее

Орталық Азиядағы азаматтық қоғамды қолдау бағдарламасы (USAID)

1 Компонент: Әлеуметтік жауапты жас көшбасшылар қауымдастықтарына қолдау көрсету (CAYLA)

Подробнее

Бастауыш білім беруді жетілдіруге бағытталған "Бірге жұмылып, білімге талпынайық!" жобасы

Жоба Құрық ауылында бастауыш білім беру сапасын жақсартуға бағытталған 

Подробнее