Подпишитесь на наши новости:
Жаңалықтар
другие Жаңалықтар
Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын
«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола
26 қазан 2022 ж.
Орталық Азияның Еуразия қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте Ақмола облысында эко және этнотуризм саласындағы кәсіпкерлерді қолдау бойынша жобасын іске қосуда
Орталық Азияның Еуразия қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте «Байтақ жер» жаңа жобасын іске қосады. Жоба эко және этнотуризм саласындағы кәсіпкерлікті қолдау мен жастарды тарту есебінен ауылдық жерлердегі халықтың экономикалық проблемаларын қысқартуға бағытталған. Жобаның көмегімен жастар, жас кәсіпкерлер мен ҮЕҰ-дар өңірді одан әрі дамыту үшін өз әлеуетін арттыра алады. Жобаның серіктестері ретінде MOST бизнес-инкубаторы, Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы, сондай-ақ БҰҰДБ жобаларында жұмыс тәжірибесі бар сарапшылар тартылады.
Жобаның географиясы ретінде бастапқы кезеңде Ақмола облысы таңдалды. Бұл жерде туристік әлеуеті зор үш ауданға, атап айтқанда Зеренді, Сандықтау және Қорғалжын аудандарына назар аударылатын болады.
«Байтақ жер» жергілікті ШОБ және ҮЕҰ бизнес-идеяларын қолдайды. ШОБ-ке мөлшерлемесі 0% және кепілдігі бар қарыздардың дәстүрлі түрі берілетін болады. ҮЕҰ-дарға грант түрінде демеушілік көмек көрсетіледі. Жобаларды әзірлеуге қалалық және ауылдық жастар тартылатын болады.
Жоба сондай-ақ адвокация және білім беру бағыттары бойынша жұмыс істейтін болады. Осы мақсатта ОАЕҚ ұлттық парктермен, туристік агенттіктермен, университеттермен, колледждермен және БАҚ-мен бірге жұмыс жасайды.
Жобаны таныстыру мақсатымен облысқа жасалатын сапарлар кестесі:
Қорғалжын ауданы – 31 қазан
Зеренді ауданы – 2 қараша
Сандықтау ауданы – 3 қараша.
«Байтақ жер» жобасы туралы толық ақпаратты жобаның http://baitaqzher.kz/kz ресми сайтынан, сондай-ақ Instagram және Facebook парақшаларынан таба аласыз.
Байланыс:
Алия Испаева, жоба менеджері aliya@ef-ca.org
Айжан Жансултанова, жоба ассистенті aizhan@ef-ca.org
«Байтақ жер» жобасын Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) «Шеврон» компаниясымен серіктестікте әзірледі.
ОАЕҚ – 2005 жылы аймақта құрылған үкіметтік емес ұйым. ОАЕҚ жергілікті қауымдастықтарды нығайту мен азаматтық және экономикалық әл-ауқатты жақсарту арқылы азаматттардың өз болашағын құруда белсенді қатысуға көмектесу үшін қоғамдық және жеке ресурстарды жұмылдырады.
«Шеврон» – дүниежүзіндегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз табысты да тұрақты әлем құруда қолжетімді, сенімді әрі таза энергияның рөлі зор деп санаймыз. «Шеврон» мұнай мен табиғи газ шығарады, транспорттық отын, жанар-жағармай және мұнайхимия өнімдерін өндіреді, бизнес пен саланы жетілдіретін технологияларды дамытады. Біз өз операцияларымыздағы көміртегі көлемін төмендетуге және дәстүрлі бизнес бағыттарымызбен қатар көміртегі аз бизнесті дамытуға ұмтыламыз. «Шеврон» туралы қосымша ақпаратты www.chevron.com сайтынан табуға болады.