Подпишитесь на наши новости:
Жаңалықтар
другие Жаңалықтар
Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын
«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола
19 қараша 2019 ж.
"Жұмылсақ - жұдырық боламыз!": шағын жобалар байқауына өтінім қабылдау басталды
18 қарашада "Қоғамдық кеңістіктер" жобасының аясында өткізілетін "Жұмылсақ - жұдырық боламыз!" атты шағын жобалар байқауына өтінім қабылдау басталды. Жобаны "Теңізшевройл" ЖШС-нің қаржылай қолдауымен Орталық Азияның Еуразия Қоры жүзеге асырады.
Байқау жобаның қатысушылары, яғни Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласы, Баутин ауылы және Бейнеу ауданы Боранқұл ауылының тұрғындарының арасында жарияланады.
Байқау 18 қараша мен 30 желтоқсан аралығында өткізіледі. Өтінімдер 30 желтоқсан күні сағат 18:00-ге дейін (Астана уақытымен) қабылданады,
«Қоғамдық кеңістіктер» жобасының басты мәні – жергілікті белсенділер мен тұрғындарды қоғамдық инфрақұрылымды жетілдіру үрдісіне жұмылдыру арқылы жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартудағы жауапкершіліктерін арттырып, әрбір тұрғынның өз қаласы мен ауылының дамуына, гүлденуіне жауапты екендігін және оған ынталы топтармен бірігіп шағын жобаларды жүзеге асыру арқылы қол жеткізуге болатындығын түсіндіру.
Өткен жылы "Қоғамдық кеңістіктер" жобасының шеңберінде 10 шағын жоба сәтті жүзеге асырылды. Олар спорт алаңын қалпына келтіру, балалар алаңын жасақтау, мүгедектігі бар балаларға арналған сенсорлық кабинет, ана мен бала бөлмесі, жастар аллеясы сынды алуан түрлі салаларды қамтыған болатын. Аталған жобалар Форт-Шевченко, Баутин, Боранқұл елдімекендерінің белсенділері, жастар мен тұрғындарының белсенді қатысуы мен жергілікті әкімдіктердің қолдауының арқасында орындалды.
"Қоғамдық кеңістіктер" жобасына және байқауға қатысты сұрақтарыңыз бойынша хабарласуыңызға болады: Жазира Жүнісова (жоба ассистенті), zhazira@ef-ca.org, 8 775 158 24 28.