Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

4 шілде 2019 ж.

Жұмылсақ – жұдырық боламыз!

Маңғыстау облысының Форт-Шевченко қ. мен Баутин а. тұрғындары мен балалары үшін қуанышты оқиға! 3 шілдеде аталған елді-мекендердің жергілікті тұрғындарының жұмылуымен жүзеге асырылған үш нысанның ашылуы өтті:

  1. «Күшіміз бірлікте» шағын жобасы: Форт-Шевченко қ.Еркеғұлов көшесіндегі спорт алаңы.
  2. «Күншуақ» шағын жобасы: Форт-Шевченко қ. балалар ойын алаңы.
  3. «Тал астындағы демалыс орны» шағын жобасы: Баутин а. бүкіл отбасына арналған демалыс орны.

Бұл шағын жобалар Форт-Шевченко қ. мен Баутин а. жергілікті белсенділерінің, жастар мен тұрғындарының Орталық Азияның Еуразия Қорының бастамасымен, «Теңізшевройл» ЖШС-мен серіктестікте және қаржылай қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Қоғамдық кеңістіктер» жобасына қатысуының арқасында мүмкін болды.

«Күншуақ» жобасының жетекшісі Жанар Әбішованың (Форт-Шевченко қ.) айтуынша, «мұндай жобалар қажетті және маңызды. Жобаға қатысу арқылы біз өзіміз тұратын қауымдастықты жақсартудың мүмкін екеніне көз жеткіздік. Біздің ойын алаңымызда тек біздің балалар ғана емес, сондай-ақ барлық жақын маңдағы көшелердің балалары уақыт өткізетін болады. ТШО мен Орталық Азияның Еуразия Қорына осындай керемет жоба үшін үлкен алғыс білдіреміз». 

 «Қоғамдық кеңістіктер» жобасының мәні жергілікті белсенділер мен тұрғындарды өз күштерімен жергілікті қоғамдық инфрақұрылымды жақсарту үрдісіне тарту арқылы жергілікті тұрғындардың өз қауымдастықтарындағы өмір сапасын жақсартуға жауапкершіліктерін арттыру. Жалпы 2019 ж. Түпқараған ауданында 5 шағын жоба жүзеге асырылады.

Поделиться страницей: