Подпишитесь на наши новости:
Жаңалықтар
другие Жаңалықтар
Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын
«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола
5 маусым 2018 ж.
Жасөспірімнің демалысын қалай ұйымдастыруға болады?
Халықаралық балаларды қорғау күнінде «Жасөспірімден демалыста» атты вебинар өткізілді. Шараны USAID-тың «TEENS – қолжетімді әрі сапалы көмек» жобасының командасы ұйымдастырды. Ақпараттық серіктес ҚР Білім және ғылым министрлігінің балалар құқықтарын қорғау жөніндегі Комитеті болды.
Жобаны «Тиімді басқаруды қолдау бастамасы» бағдарламасының аясында «Әйел көшбасшылығының қоры» ҚҚ жүзеге асырады.
Вебинарда ата-аналар http://www.teenslive.kz онлайн-сервисі туралы білді және психолог Елена Смольяниновадан жасөспірімдердің демалыстарын максималды пайдалы болатындай қалай ұйымдастыруға болады деген сұраққа жауап алды. «Жасөспірімдік жастың ерекшеліктері», «Қай уақытта балаға қолдау мен араласу, ал қай уақытта еркіндік пен жалғыздықта болу қажет? », «Жасөспірімдермен мінез-құлықтың дұрыс және бұрыс стратегиялары» сынды сұрақтарға жауап алынды, бірнеше тәжірибелік жаттығулар көрсетілді. Ата-аналар маманға тәрбиеге қатысты өз сұрақтарын қойып, оларға жауап алу мүмкіндігін пайдаланды.
«Аталған шараның арқасында емтихандар мен жазғы демалыс алдында мүдделі ата-аналардың психологиялық сауаттылығын арттыру міндеті сәтті іске асырылды, бұл өз кезегінде жанұялардағы писхологиялық шиеленіс, жасөспірімдер суициді мен девиантты мінез-құлқының профилактикасы мәселелерінің шешіміне қосылған елеулі үлес болып табылады», - дейді жоба жетекшісі Светлана Богатырева.
Вебинарға 831 адам тіркеліп, 247 жасөспірімдер ата-анасы қатысты. Барлық тіркелген қатысушылар видеожазба мен презентацияларды алды. Вебинардың материалдары әлеуметтік желілерде ашық түрде қолжетімді болады.
«Мен жасөспірімдермен қарым-қатынасқа байланысты көптеген өзекті сұрақтарыма жауап алдым. Мұндай форматтағы шараларды түрлі тақырыптарға өткізіп тұру қажет, себебі бұл қазіргі заманғы ата-аналардың жұмысбастылығы жағдайында ақпарат алудың өте ыңғайлы каналы», - деп шараға қатысушылардың бірі пікірін білдірді.
Вебинардың видеожазбасына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=r_XyTxySXJ4&feature=share