Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

23 маусым 2023 ж.

Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында халықтың

Қатысушылар қолөнер немесе көкөніс өсіруді үйреніп, жеке микробизнесін дамытуға
16 мамыр 2023 ж.

Орал қаласында Orle Fest қалалық фестивалі өтеді

Келген қонақтарды жергілікті қолөнершілердің дизайнерлік бұйымдар мен
15 мамыр 2023 ж.

Ақмола облысында иппотерапия сабақтары мен ат турлары

«Keremet jol» қоғамдық бірлестігі Ақмола облысында иппотерапия сеанстарын өткізіп

30 шілде 2020 ж.

"Жарқыра" байқауының жеңімпаздары марапатталды

«Орталық Азияның Еуразия Қоры» корпоративтік қоры (бұдан әрі – ОАЕҚ) 2020 жылдың 29 шілдесінде «Теңізшевройл» ЖШС демеушілігімен ұйымдастырылған «Жарқыра» әлеуметтік кәсіпкерлер (ӘК) байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімін онлайн режимде өткізді.

2020 жылы «Жарқыра» әлеуметтік кәсіпкерлік байқауына 112 өтінім келіп түсті. Олардың ішінен маркетинг, қаржы, стратегиялық жоспарлау және көпшілік алдында сөйлеу сияқты төрт бағыт бойынша іскерлік дағдыларын меңгерген 30 жартылай финалистер таңдалды. Жобаны қорғаудың нәтижесінде Атырау қаласынан 5 және Махамбет ауданынан 1 финалистке 15 360 000 теңге көлемінде 4 несие мен 2 грант берілді. Жалпы соманың 11 860 000 теңгесі ОАЕҚ-на өткен жылдардың жеңімпаздары қайтарған несиелерден бөлінді.

Жоба жеңімпаздары:

  1. Шапабаев Қайрат, Махамбет ауданы, «Қазақ қолөнер бұйымдарын жасау шеберханасы» жобасы (несие). Шеберхана үш бағытта жұмыс істейді – зергерлік бұйымдар, ағаш және керамикадан жасалған бұйымдар. Қайрат Атырау қаласындағы жоғары оқу орындары мен колледж студенттеріне сабақ береді, туристік компаниялармен серіктестікте жұмыс істейді және ерікті түрде мұражайларға экспонаттарды қалпына келтіруге көмектеседі.
  2. Бисенова Жібек, Атырау қ., «Болашақ» сауықтыру орталығы маңындағы «PAIN MANADGEMENT» кабинетін жабдықтау жобасы (несие). Жоба ауыруды меңгеру саласындағы соңғы медициналық жетістіктерді қолдана отырып, тұрақты немесе созылмалы ауруы бар адамдарға көмектеседі.
  3. Кубаева Әлия, Атырау қ., БМС ауруы бар балаларға арналған «Жан Еркемай - Атырау» шағын орталығын ашу жобасы (грант). Орталық ата-аналарға балаларын бірнеше сағатқа білім беру және дамыту үшін қалдыруға мүмкіндік береді, бұл Атыраудағы ерекше балалардың ата-аналарына аса қажет қызметтер ұсынады.
  4. Мухсинова Асия, Атырау қ., «Қыздардың жан-жақты дамуына арналған «Жас ханым» академиясы» жобасы (несие). Академия 10 түрлі бағытта сабақ береді, оның ішінде практикалық дағдылар (аспаздық, шығармашылық және тігін ісі) және көшбасшылыққа, этикет пен танымал психологияға үйрету де бар.
  5. Жұмашева Самал, Атырау қ., «БМС ауруы бар балаларға арналған бейімделген спорт пен футбол бойынша бейімделу орталығы» жобасы (несие).
  6. Манасова Венера, Атырау қ., «Төрт бағыттағы «Фламинго» би студиясы» жобасы (несие). Жобаның мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастыру, балалар мен ересектердің артық салмағымен күресу.

«Жарқыра» бағдарламасы әлеуметтік кәсіпкерлерге барлық кезеңде қолдау көрсетіп отырады: өтінімдерді таңдауда, оқытуда, жобаларды қаржыландыруға арналған конкурс, тәжірибе алмасу және тәлімгерлік кезінде. Әлеуметтік кәсіпкерлік – бұл қоғамға өзекті мәселелерді инновациялық жолмен шешуге көмектесетін әлеуметтік миссиясы бар бизнес. Бұл қоғамның өткір мәселелерін азаматтардың өздері тиімді шешуі үшін ұзақ уақыт бойы әр түрлі елдерде сәтті қолданылып келеді. Әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау мемлекетке әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектеу, бұл оңтайлы қайырымдылық, бұл белсенді және қамқор азаматтардың идеяларын жүзеге асырудың бір түрі.

Поделиться страницей: