Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

12 сәуір 2018 ж.

«Жарқыра» байқауының жартылай финалистері анықталды

2018 ж. 11 сәуірде «Ривер Палас» (Ренко) қонақ үйінде «Жарқыра» байқауының бірінші турында жеңіске жеткен әлеуметтік кәсіпкерлерді құттықтау салтанаты өтті. Салтанатты іс-шараға Теңізшевройл, ОАЕҚ, БАҚ, Атырау әкімдігінің, Кәсіпкерлер палатасының, Даму қорының өкілдері қатысты. Байқау Атырау облысында әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы шеңберінде өткізілді. Бағдарламаны Орталық Азияның Еуразия қоры «Теңізшевройл» ЖШС әлеуметтік инвестициялық жобалар желісінің қаржылай қолдауымен жүзеге асыруда.

Бағдарлама ақпан айында 160 адам қатысқан әлеуметтік кәсіпкерлікпен таныстырудың 3 күндік семинарларынан басталды. Атырау облысында үшінші жыл өткізіліп жатқан әлеуметтік бизнестерді қолдайтын «Жақыра» байқауының басталғаны да осы уақытта жарияланды. Байқаудың бірінші турына бизнес-идеялардың 61 тұжырымдамасы түсті. Оларды Қазақстан, Қырғызстан және Ресейдің бизнес, әлеуметтік кәсіпкерлік және ҮЕҰ салаларындағы 8 сарапшы бағалады. Нәтижесінде байқаудың бірінші турының 25 жеңімпазы іріктеліп, тізімі ОАЕҚ ресми сайтында жарияланды. Іріктелген жобалардың 19-ы Атырау қаласынан, 6 жоба облыс аудандарынан (Жылыой ауданынан 4 жоба, Індер ауданынан 1 жоба, Махамбет ауданынан 1 жоба).

Жобалардың қызмет саласы келесідей орналасты: мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау және оңалту – 6; балалардың білім алуы және бос уақытын өткізуі – 4; шығармашылық, музыка және өнер – 5; әйел адамдарды қолдау – 3; спорт және денсаулық – 2; туризм және этно туризм – 2; қарттарға көмек көрсету – 1; сотталғандарды оңалту – 1; жануарларға көмек көрсету – 1.

 Салтанатты іс-шарада байқаудың жартылай финалистері бизнес дағдыларды дамытуға арналған акселерация бағдарламасына тегін жолдама беретін сертификаттарға ие болды. Акселерациялық бағдарлама 4 тренингтен тұрады – маркетинг пен сатулар, қаржы, стратегиялық жоспарлау және  көпшілік алдында сөз сөйлеу. Тренингтардан бөлек, қатысушылар әр түрлі саладағы мамандардан кеңес алады. Ұйымдастыру шығындарын есептемегенде, тренингтердің жалпы құны 3 750 000 теңгені құрады. Тренингтерді Алматы мен Атыраудың үздік тренерлері өткізеді.

Тренингтердің нәтижесінде, бағдарламаның қатысушылары өтінімдерін бизнес-жоспар деңгейіне дейін көтеріп, байқаудың финалына қатысады деп күтілуде. Финалдың жеңімпаздары әлеуметтік бизнес-жобаларын жүзеге асыруға пайызсыз қарыз алады және Қазақстанның басқа аймақтарында немесе Ресейде кәсіби тағылымдамадан өтіп, тәжірибе алмасады. 2016-2017 жж. 13 әлеуметтік бағыттағы кәсіпкерліктерге қолдау көрсетілді. Олар Атырау мен Жылыой ауданының 10000-нан аса тұрғындарына қызмет көрсетіп, табысты дамып жатыр және бизнес-көрсеткіштерін анағұрлым жақсарта алды.

Байқаудың жартылай финалына өткен Арайлым Нугманова: «Əлеуметтік кəсіпкерлікті қолдауға бағытталған "Жарқыра" байқауына қатысып, жартылай финалға жолдама алғаныма қуаныштымын. Байқауға "Зейін" ерекше балаларды  дамыту орталығы"   атты жобаммен қатысып отырмын.  Кəсіпкерлікпен айналысып қана қоймай,  əлеуметтегі бір мəселені шешуге ықпал ету – басты мақсатым. Əлеуметтік  кəсіпкерлікке кең жол ашып, қолдау көрсетуші "Жарқыра" байқауын ұйымдастырушыларға  зор алғыс айтамын.  Алдағы жартылай финалда үздіктер  қатарында болып,  жеңіске жету үшін тырысамын».

«Жарқыра» бағдарламасында ӘК қолдаудың бүкіл кезеңі қарастырылған: өтінімдерді іріктеу, оқыту, қаржыландыру алу байқауы және тәлімгерлік.  Әлеуметтік кәсіпкерлік – бұл қоғамдағы өзекті мәселелерді жаңашыл жолмен шешуге бағытталған әлеуметтік миссиясы бар бизнес. Әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау – бұл мемлекетке әлеуметтік мәселелерді шешуде көмектесу және дұрыс жасалған қайырымдылық.

Поделиться страницей: