Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

23 қаңтар 2023 ж.

Заманауи саяхатшыларға арналған туризмнің жаңа бағыттары

Соңғы жылдары алуан мәдениеттермен танысуға және рухани баюға көмектесетін туризмнің жаңа түрлері танымал бола бастады. Бүгінгі турист саяхаттың ерекше және танымдық түрлерін таңдайды. Туризмнің балама түрлеріне деген қызығушылыққа жауап ретінде компаниялар жаңа бағыттарды қолдайтын жобаларды ойлап табады. Мысалы, «Байтақ жер» жобасы Ақмола облысында эко және этнотуризмді дамытуға бағытталған. Бұл назар аударуға тұрарлық бағыттардың бірнешеуі ғана. Осы топтамада бірқалыпты турлардан шаршағандар үшін туризмнің 3 түрі жинақталған.

Экотуризм – бұл қоршаған ортаға жауапкершілікті ескеріп, табиғи нысандарға баруды көздейтін туризм түрі. Ол экожүйелерді, биоәртүрлілікті сақтау және табиғатқа зиянды әсерді азайту қағидаларын қамтиды.

Экотуризмнің негізгі принциптеріне мыналар жатады:

Табиғатты сақтау. Саяхатты жоспарлау кезінде турист қоршаған ортаға теріс әсерді азайтатын және жергілікті экожүйелерді қолдауға көмектесетін опцияларды таңдауы керек. Мысалы, мүмкіндігінше экологиялық таза көлік түрлерін таңдаңыз: ұшақтың орнына пойыз, қысқа қашықтықта автомобильдің орнына велосипед. Хайуанаттар бағына баруды табиғи ортада жануарлар мен құстарды бақылаумен ауыстыруға болады. Бұл ретте, әрине, табиғи аумақтарға бару, жануарларды қорқытпау, қоқыс тастамау және ықтимал қауіпті жағдайлар туғызбау ережелері туралы ұмытпаңыз.

Экологиялық ағарту, яғни туристердің жергілікті ландшафттың, флораның, фаунаның ерекшеліктері туралы экологиялық және мәдени хабардарлығын арттыру. Бірегей орындарға бармас бұрын, не істеуге рұқсат етілгенін және неден бас тартқан дұрыс екенін сұраған жөн. Ұлттық саябақтар мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға кірген кезде әдетте туристерге арналған мінез-құлық ережелері бар стендтер, буклеттер болады. Олардан сіз қандай жолдармен жүру керектігін, қайда суретке түсуге болатындығын, өсімдіктер мен жануарлардың қандай түрлерін кездестіруге болатындығын және т. б. біле аласыз.

Экономикалық тұрақтылық. Жергілікті тұрғындар үшін қаржылық пайданы қамтамасыз ету және оларды туристік және бизнес қызметіне тарту. Туристік қызметтен түсетін табыстың негізгі бөлігі ірі қонақ үйлер мен компанияларға тиесілі. Экотуризм жергілікті халықтың экономикалық әл-ауқатын арттыруға үлес қосуға шақырады. Мысалы, жақын маңдағы аудандар мен ауыл тұрғындарының қонақ үйлерінде тұруға болады. Олай, сіз тұруға ақша үнемдеп қана қоймай, осы аймақтың мәдениеті туралы көбірек біле аласыз. Кейбір тұрғындар гидтер қызметін ұсынады, кәдесыйлар мен зергерлік бұйымдарды сатылымға шығарады. Оларды сатып алу арқылы турист қолдан жасалған ерекше затты ала алады.

«Байтақ жер» жобасын Орталық Азияның Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте әзірледі. Оның мақсаты – ауыл тұрғындарын қолдау және туризмнің тұрақты бағыттарын дамыту. Жоба эко және этнотуризм салаларындағы шағын және орта бизнес кәсіпкерлерін қолдайды. Қазіргі уақытта бизнесті жүргізуді оқыту кезеңі жүріп жатыр. Болашақта инкубациялық бағдарлама, кәсіпкерлерді қаржылы түрде қолдау, студенттер үшін тағылымдамалар және адвокациялық компонент жоспарлануда. Жоба туралы толығырақ http://baitaqzher.kz/kz сілтемесі бойынша табуға болады.

Этнотуризм немесе этникалық туризм – жергілікті тұрғындардың дәстүрлері мен өмірімен танысу мақсатында жүзеге асысрылатын туризм түрі. Мұндай мәдени-танымдық саяхаттың негізгі мақсаты – осы аймақта өмір сүрген немесе әлі де өмір сүріп жатқан халықтың әдет-ғұрыптарымен, мерекелерімен, тағамдарымен және мәдениетінің басқа компоненттерімен танысу. Этнотуризм ауыл туризмі, этнографиялық туризм, оқиғалық туризм немесе аспаздық туризм сияқты туризмнің басқа түрлерінің элементтерін қамтуы мүмкін.

Этнотуризмнің жарқын мысалдары ретінде этноауылдарды, ұлттық стильдегі қонақ үйлерді, этнофестивальдерді атауға болады.

Этноауыл – көшпенділер заманындағы ауыл ретінде стильдендірілген туристік ұлттық кешен. Этноауылдарда әдетте бірнеше киіз үй бар, ал қызметкерлер келушілерді ұлттық костюмдер мен тағамдармен таныстырады. Сіз ұлттық стильдегі ойындар мен мерекелерді көре аласыз, кәдесыйлар мен зергерлік бұйымдар жасау бойынша шеберлік сабақтарына, тамақ әзірлеуге қатыса аласыз. Осылайша, этноауыл киіз үйде біраз уақыт өткізуге және көшпелі өмір салты атмосферасына енуге мүмкіндік береді.

Кейбір туристер тыныштықта ұлттық стильдегі элементтері бар қонақ үйде бірнеше күн өмір сүргісі келеді. Ол үшін этноауылға бармай-ақ, бөлек орналасқан киіз үйлерде немесе үйлерде түнеп, иелерінен тамақтануға болады.

Этнотуризмнің тағы бір бағыты – этникалық фестивальдар. Бұл қолданбалы өнер көрмелері, сән көрмелері немесе белгілі бір күндерге немесе жыл мезгілдеріне қатысты оқиғалар болуы мүмкін. Мысалы, қолөнершілер киізден жасалған бұйымдар, ұлттық әшекейлер, ағаштан жасалған бұйымдар фестивальдерін ұйымдастырады. Дизайнерлер ұлттық киімдерді, сондай-ақ ұлттық стильдегі өрнектері немесе бөлшектері бар заманауи киімдерді көрсететін сән көрсетілімдерін ұйымдастырады. «Ұлытау қымызы» этномәдени фестивалі жылқы шаруашылығымен байланысты әдет-ғұрыптарды еске түсіріп, құрметтейді.

Дизайн туризмі

Мұндай саяхаттарға әдетте дизайнерлер, суретшілер, фотографтар барады. Алайда, бүгінде турлардың бұл түрлерін көркемөнер көрмелері, сәулет және интерьер дизайны қызықтыратын әр түрлі мамандықтағы адамдар пайдаланады. Бұл туризмнің жаңа түрі, ол әлі жаппай туризм болып саналмайды. Мұндағы орталық элемент – өнер бұйымдарымен танысу. Travel me бюросы дизайн-саяхаттармен айналысады. Ол туристерді Еуропаға, Оңтүстік Америкаға және Таяу Шығысқа апарады.

Дизайн турлары, кез келген турлар сияқты, тұру, ұшып бару және трансферді қамтиды. Сонымен қатар, оның құнына көрмелерге, галереяларға, шеберханаларға, антиквариат дүкендеріне бару кіруі мүмкін. Саяхат мақсатына байланысты әр турист өзіне бір нәрсе таба алады. Дизайнерлер жаңа бағыттарды таба алады, қарапайым тұрғындар үйлнріне арналған интерьер заттарын таба алады, ал білгірлер қызықты іс-шараларға қатыса алады.

Әдетте мұндай турларда дизайн және өнер саласында маман болып табылатын экскурсовод болады. Мұндай адам туристерді бағдарлауға көмектеседі.

Дизайн саяхаттары туризмнің қымбат түрлеріне жатады. Бірақ одан арзанырақ нұсқалар да бар. Архитектуралық стильдерді зерттеу үшін алыс жерлерге барудың қажеті жоқ, көрші аймақтардан немесе елдерден бастауға болады. Барлық жерде сіз қызықты архитектуралық құрылымдар мен қолөнер бұйымдарын таба аласыз. Атақты суретшілердің шеберханаларының орнына базарларлы табуға немесе кеңінен танымал болып саналмайтын шеберлердің көрмелеріне баруға болады. Сондай-ақ, мұндай саяхатты өзіңіз ұйымдастыра аласыз немесе жұмыс не білім беру сапарымен біріктіре аласыз.

Байланыс:

Алия Испаева, жоба менеджері aliya@ef-ca.org

Айжан Жансултанова, жоба ассистенті aizhan@ef-ca.org 


«Байтақ жер» жобасын Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) «Шеврон» компаниясымен серіктестікте әзірледі.

ОАЕҚ – 2005 жылы аймақта құрылған үкіметтік емес ұйым. ОАЕҚ жергілікті қауымдастықтарды нығайту мен азаматтық және экономикалық әл-ауқатты жақсарту арқылы азаматттардың өз болашағын құруда белсенді қатысуға көмектесу үшін қоғамдық және жеке ресурстарды жұмылдырады.

«Шеврон» – дүниежүзіндегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз табысты да тұрақты әлем құруда қолжетімді, сенімді әрі таза энергияның рөлі зор деп санаймыз. «Шеврон» мұнай мен табиғи газ шығарады, транспорттық отын, жанар-жағармай және мұнайхимия өнімдерін өндіреді, бизнес пен саланы жетілдіретін технологияларды дамытады. Біз өз операцияларымыздағы көміртегі көлемін төмендетуге және дәстүрлі бизнес бағыттарымызбен қатар көміртегі аз бизнесті дамытуға ұмтыламыз. «Шеврон» туралы қосымша ақпаратты www.chevron.com сайтынан табуға болады.

Поделиться страницей: