Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
13 қараша 2023 ж.

Ақмола облысының кәсіпкерлеріне «Байтақ жер» жобасы

Төрт күннің ішінде ОАЕҚ мамандары Астана, Көкшетау қалаларын, Аршалы, Ерейментау,

4 сәуір 2024 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне жеті млн теңгеге дейін қаражат беріледі

Туризм саласындағы кәсіпкерлікті дамыту үшін мөлшері жеті миллионға дейін қарызға өтінім беру ақмолалық кәсіпкерлерге ұсынылады. Бастама Орталық Азияның Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте жүзеге асырылатын «Байтақ жер» жобасының ІІ кезеңімен байланысты.  Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы кәсіпкерлікті қолдау арқылы ауылдық жерлерде тұратын азаматтардың экономикалық мәселелерін қысқарту. 

Жобаның бір жылдық жұмысының нәтижесінде Ақмола облысы Зеренді, Қорғалжын, Сандықтау аудандарының 40-тан астам кәсіпкері арнайы оқудан өтіп, алтауы өз жобаларын іске асыруға, кірістерін көбейтуге мүмкіндік алды. 

Биыл да ОАЕҚ Ақмола облысындағы туризм саласының дамуын кәсіпкерлерге арналған пайызсыз мөлшері жеті млн дейін қарыздармен қолдауын жоспарлап отыр.  Кәсіпкердің қызмет ету саласы, жобасының құны қарыз сомасын есептеуде назарға алынады. 

- Бөлінген қаржыландырудың пайдасы тию үшін біз онлайн және оффлайн оқыту, бизнес-инкубатор ұйымдастырып, сарапшыларды шақырамыз. Оқу кезінде кәсіпкерлер бизнес-үрдістерді зерттеп, тәуекелдерді анықтап, қажетті дағдыларды үйреніп, өз идеяларын жоба ретінде әзірлейді. Білікті мамандардан тұратын комиссия көмегімен байқау өткізіп, қаржыландыруға арналған жобаларды таңдаймыз. Оқытуға қатысқандардың барлығы құр қолмен кетпейді - олар құнды білімдер мен таныстыруларды өзімен бірге алып кетпек, - деді «Байтақ жер» жобасының менеджері Әлия Испаева.

Екі жылға дейін берілетін қарыздың басты шарты - Ақмола облысы ауданының бірінде туризм саласындағы кәсіпкерлікпен айналысу болып табылады. Бұл шартты өткен кезеңде Марат Алтынбеков орындап, өзінің оқудан өтуі, бизнес-тренерлермен бірлесіп жұмыс істеуі және де бірнеше миллионнан тұратын жобасы жайлы бөлісті:

- Оқыту кезінде мен қаржы сауаттылығы, гранттық қаржыландыру мүмкіндігі, ҮЕҰ жұмысының ерекшелегі, адамдарды басқару, маркетинг, есеп туралы жаңа білімдерді жинадым, - деді кәсіпкер. - Табыстарды ұлғайтумен қатар шығындар бөлігін де азайту аса маңызды, әсіресе, бұл қуатты үнемдеуге қатысты. Сол себептен мен 6,1 млн теңге құрайтын қарыздың толық сомасын екі геотермальдық (жылулық) сорғыны сатып алуына және орнатуға жұмсадым. Бұл моншамыздағы бассейндердің жылыту жүйесін экологиялық таза жылу көзіне аударуға мүмкіндік берді. Осымен қатар, жобамның іске асырылуы шағын болсын, үнемі өсіп тұратын экономикалық әсер береді.

Байтақ жер командасы жобаны халыққа таныстыру мақсатымен Астана және Көкшетау қалаларына, сондай-ақ Аршалы, Ерейментау, Ақкөл, Зеренді аудандарына барып, кәсіпкерлер сұрақтарына жауап берді. 

«Байтақ жер» жобасы туралы толық ақпаратты http://baitaqzher.kz/kz ресми сайтынан, сондай-ақ жобаның Instagram парақшасынан таба аласыз.

 

Байланыс:

Алия Испаева, жоба менеджері aliya@ef-ca.org 

Айжан Жансултанова, жоба маманы aizhan@ef-ca.org

_________________________________

«Байтақ жер» жобасын Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) «Шеврон» компаниясымен серіктестікте әзірледі.

ОАЕҚ – 2005 жылы аймақта құрылған үкіметтік емес ұйым. ОАЕҚ жергілікті қауымдастықтарды нығайту мен азаматтық және экономикалық әл-ауқатты жақсарту арқылы азаматттардың өз болашағын құруда белсенді қатысуға көмектесу үшін қоғамдық және жеке ресурстарды жұмылдырады.

«Шеврон» – дүниежүзіндегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз табысты да тұрақты әлем құруда қолжетімді, сенімді әрі таза энергияның рөлі зор деп санаймыз. «Шеврон» мұнай мен табиғи газ шығарады, транспорттық отын, жанар-жағармай және мұнайхимия өнімдерін өндіреді, бизнес пен саланы жетілдіретін технологияларды дамытады. Біз өз операцияларымыздағы көміртегі көлемін төмендетуге және дәстүрлі бизнес бағыттарымызбен қатар көміртегі аз бизнесті дамытуға ұмтыламыз. «Шеврон» туралы қосымша ақпаратты www.chevron.com сайтынан табуға болады.

Поделиться страницей: