Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

26 желтоқсан 2022 ж.

Қысқы демалыс күндерін Қазақстанның қай жерлерінде өткізуге болады

Жаңа жылдық мерекелер жақындаған сайын, көптеген адамдар демалыс күндерін қайда тыныш және жұмыстан алшақтау етіп өткізе алатындары туралы ойлайды. Көшпелі туризм әлі де танымал бағыт болып саналса да, туған өлкелерінің табиғаты мен мәдениеті туралы білгісі келетін адамдар саны артып келеді. Қазір экологиялық туризм ерекше қызығушылық тудырады. Экология мәселелері туралы хабардарлықтың және ұлттық бірегейлікті іздеудің артуымен ішкі туризм де дамып келеді. Дәл осы бағыттарды Орталық Азияның Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте іске асырып жатқан «Байтақ жер» жобасы қамтиды. Жоба Ақмола облысында туризм саласындағы кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. Жоба туралы толығырақ http://baitaqzher.kz/ сайтынан және жобаның Instagram-дағы аккаунтынан біле аласыз.

Жылдан жылға туристер Бурабай, Көлсай, Шымбұлақ сияқты таныс жерлерге барады. Алайда, Қазақстанда туристік жағынан танымалдығы төмен аймақтар да бар, олар туралы бәрі біле бермейді. Олар бірегей ландшафтпен таң қалдырып, жаңа бағыттардың пайда болуына алып келуі мүмкін. Мысалы, қоқиқаздар келетін көлдер бёрдвочингті (birdwatching - құстарды бақылау) танымал етуге үлес қоса алады, ал қолайлы жағдайлардың бар болуы аймақтарда шаңғы тебу спортын дамыта алады. Бұл мақалада біз сізге еліміздің кейбір аймақтарындағы қысқы демалысты өткізудің танымалдығы кем мүмкіндіктері туралы айтқымыз келеді.

Ақмола облысы

Ақмола облысында баршаға белгілі Бурабайдан басқа мақтан тұтатын жерлер де бар.

Астанадан 3.5 сағаттық жерде көркем Зеренді ауданы орналасқан. Астанадан Көкшетауға автобуспен, таксимен немесе пойызбен (4-5 сағат) жетуге болады, одан әрі Көкшетаудан Зерендіге автобуспен немесе таксимен жетуге болады.

Зеренді ауданы жазда туристер арасында өте танымал. Дегенмен, бұл аймақтың табиғаты қысқы демалыс үшін де тамаша орын болып табылады. Аудан орталығы болып табылатын Зеренді ауылының кіреберісінде  жергілікті тұрғындардың сүйікті көлі орналасқан. Төбелер мен орман да ол жерден тым алыс емес. Бұл ауданда қыс өте қарлы, тыныш әрі әдемі. Ормандағы үйге оңашаланып, таза ауамен тыныстап, көл жағасында серуендеу туралы қай қала тұрғыны ойламаған. Көлдің жағасында қонақүйлер мен демалыс орындары орналасқан, олар түнеу мен үш ретті тамақтануды ұсынады. Стандартты және люкс бөлмелерде, ағаш үйлерде орналасу нұсқалары бар, бағалары бөлменің класына, адамдар санына және тамақтануға байланысты орташа есеппен 7000-нан 30 000 теңгеге дейін.

Сандықтау ауданы Солтүстік Қазақстан облысымен жанасады. Бұл аудан - Ақмола облысының қысқы белсенді демалысының нағыз қазынасы. Ауданның табиғаты мен климаты шаңғымен сырғанауға мүмкіндік береді. Оған арналған құрал-саймандарды Сандықтауда көптеген жылдар бойы жұмыс істеп келе жатқан «Дружба» мәдени-туристік кешенінен алуға болады. Кешен Балкашино ауылында орналасқан және шаңғы мен шаңғы роликтерін үш сағатқа дейін 500 теңгедге жалға береді. Оқыту әзірге тек жоспарланып тұр, бірақ қызметкерлер негізгі ұғымдарды түсіндіре алады. Сондай-ақ, кешен 5000 теңгеден басталатын туристік маршруттар бойынша нұсқаушы-гидтің қызметтерін ұсынады.

Көкшетаудан Балкашиноға таксимен 1.5 сағатта жетуге болады. Астанадан автобустар мен таксилер жүреді.

Алматы облысы

Алматы облысы белсенді қысқы демалыс мүмкіндіктерімен, ең алдымен Шымбұлақ пен Медеумен танымал. Бірақ шуылдан алыс және тауға көрінісі бар тыныш демалысты ұнататындар үшін көптеген мүмкіндіктер бар. Төменде олардың кейбіреулері жинақталған (бағасы демалыс және мереке күндері басқа болуы мүмкін).

Тұңғыш Президент атындағы саябақтан 10 минуттық жердегі тауға қарайтын Almacampkz үйлері. Almacamp-тың Instagram аккаунтында сіз үйлердің фотосуреттерін, олардың бағаларын және саябақтан басталатын маршруті бар бейне нұсқаулықты көре аласыз. Жалпы аумақта сыйымдылығы 3 ересек адамға дейін 3 үй бар. Үйлерді жалға алу тәулігіне 45 000 және 65 000 теңге аралығында. Әр үйден жуынатын бөлме керек-жарақтары, шәйнек, микротолқынды пеш, тоңазытқыш және ыдыс-аяқ табуға болады, үйлерде проектор мен wi-fi бар.

«Альпі раушаны» биік таулы қонақ үйі Іле-Алатау ұлттық паркінің аумағында Үлкен Алматы көліне барар жолда орналасқан. Қонақ үйге өз көлігіңізбен жетуге болады (бұл үшін сізге арнайы рұқсат қажет болады) немесе «Аюсай» визит-орталығынан трансферді пайдалануға болады. Егер сіз әрқашан қысқы демалысты қарлы шыңдарға қарайтын қонақүйде өткізгіңіз келсе, осында келсеңіз болады. Екі адамға арналған стандартты бөлме тәулігіне 36 000 теңге тұрады. Қонақ үйде мейрамхана мен монша да бар. Сонымен қатар, қонақ үйден саябақтың табиғи көрікті жерлеріне жетуге болады.

Almatyhomes екі қабатты үй. Бұл опция шаңғы және сноуборд әуесқойлары үшін қызықты болады, өйткені үй «Oi-Qaragai» тау шаңғы курортынан 5 минуттық жерде орналасқан. Сондай-ақ жақын жерде «Табаған» кешені орналасқан. Үйді жалға алу жұмыс күндері 60 000 теңге, демалыс күндері 120 000 теңге тұрады. Үй каминмен жабдықталған және 5-6 адамға жарамды.

Маңғыстау облысы

Ақтау соңғы жылдары ішкі туристер үшін ең тартымды бағыттардың біріне айналды. Бұл таңқаларлық емес, өйткені мұнда сіз Каспий теңізінің көріністерін тамашалай аласыз, Бозжыра шатқалын және басқа да таңғажайып жерлерді көре аласыз. Көптеген басқа нысандарға сияқты бұл жерлерге де туристер қаптап жазда келеді.

Бірақ қыста Маңғыстау облысында да көруге болатын көп нәрсе бар. Салқын ауадан ләззат алып, көптеген туристерді кездестіруге алаңдамай, жағалауда серуендеуге болады. Басқа облыстардың адамдары біле бермейтін жайт - аққулар Каспий теңізіне қыстауға ұшып келеді. Олар әдетте желтоқсан айында келеді. Жергілікті тұрғындар және сырттан келушілер құстарды тамақтандыруды жақсы көреді. Бірақ мамандардың айтуынша, оларды нанмен тамақтандыруға болмайды, сондықтан аққулар үшін қауіпсіз өнімдер туралы алдын-ала сұрастырып алған дұрыс.

Аққулар қызғылт қоқиқаздар мекендейтін Қаракөл көліне де келеді.

Байланыс:

Алия Испаева, жоба менеджері aliya@ef-ca.org

Айжан Жансултанова, жоба ассистенті aizhan@ef-ca.org 


«Байтақ жер» жобасын Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) «Шеврон» компаниясымен серіктестікте әзірледі.

ОАЕҚ – 2005 жылы аймақта құрылған үкіметтік емес ұйым. ОАЕҚ жергілікті қауымдастықтарды нығайту мен азаматтық және экономикалық әл-ауқатты жақсарту арқылы азаматттардың өз болашағын құруда белсенді қатысуға көмектесу үшін қоғамдық және жеке ресурстарды жұмылдырады.

«Шеврон» – дүниежүзіндегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз табысты да тұрақты әлем құруда қолжетімді, сенімді әрі таза энергияның рөлі зор деп санаймыз. «Шеврон» мұнай мен табиғи газ шығарады, транспорттық отын, жанар-жағармай және мұнайхимия өнімдерін өндіреді, бизнес пен саланы жетілдіретін технологияларды дамытады. Біз өз операцияларымыздағы көміртегі көлемін төмендетуге және дәстүрлі бизнес бағыттарымызбен қатар көміртегі аз бизнесті дамытуға ұмтыламыз. «Шеврон» туралы қосымша ақпаратты www.chevron.com сайтынан табуға болады.

Поделиться страницей: