Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

22 қыркүйек 2015 ж.

Талдықорғанда Алматы және Қызылорда облыстарының ҮЕҰ-на арналған эдвокаси бойынша семинар өтті

2015 жылдың 16-18 қыркүйегінде Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) Қазақстандағы Ұлыбритания Елшілігінің қаржылай қолдауымен қауымдастықтағы эдвокаси бойынша үш күндік семинар өткізді. Аталмыш семинар Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің қолдауымен жүзеге асатын «Адам құқықтары жөніндегі реформаларды насихаттау үшін Оңтүстік Қазақстанның ҮЕҰ мүмкіндіктерін күшейту» бағдарламыс шеңберінде ұйымдастырылды.

Семинар ҮЕҰ желісінің жергілікті бенефициарларға қауымдастықтағы эдвокаси бойынша көмек көрсетуде техникалық мүмкіндіктерін жақсартуға, сондай-ақ жергілікті, өңірлік және ұлттық деңгейде адам құқықтары саласындағы мүдделі тараптарды хабардар ету мақсатында құжаттарды және зерттеулерді жүргізу үшін деректерді жинаудың қажетті құралдары мен практикалық тәсілдерімен танысуға бағытталған.

Семинарға Алматы және Қызылорда облыстарының ҮЕҰ-ның 20 өкілі (директорлары мен жоба үйлестірушілері) қатысты. Семинар тренері «Талдықорған құқық қорғау орталығы» ҚҚ-ның директоры Виктор Тен болды.

Тренер халықтың мәселелерін анықтау үшін қолданылатын деректерді жинау әдістері; мемлекеттік органдарға ресми сұрау арқылы деректерді жинау және оларға түсініктемелер алу; аталмыш мәселе бойынша қолданыстағы ұлттық заңнаманы талдау; мәселені ескере отырып, ұлттық заңнаманың адам құқықтарының халықаралық стандартарына сәйкестігі; барлық деректерді құрылымдау; эдвокаси кампаниялар сияқты тақырыптарды талқылады.

Семинар қатысушылары үш күн бойы әлжуаз топтардың мәселелерін талдауға және олардың жағдайын жақсарту бойынша нақты мақсаттарды анықтауға бағытталған оқу кешенін иемденді. Бұл өз кезегінде жергілікті ҮЕҰ-дың өз фокусты топтарында эдвокаси кампаниялар бойынша кәсіби біліктілігін арттыруға көмектеседі. 

«Бұл семинар маған халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін эдвокаси-кампаниялар жүргізу мен жобаларды жазуда жаңа білім мен дағдыларды алуға мүмкіндік берді», - деп «Еңбекшіқазақ аудандық жергілікті қауымдастық қорының» жетекшісі Бақытгүл Елшібаева атап өтті.

«Қамқор» мүгедектердің Қоғамдық Бірлестігінің жоба үйлестірушісі Айсұлу Сайлыбаева: «Эдвокаси бойынша семинар маған дәйекті аргументтер негізінде мәселелердің мәнін анықтауға мүмкіндік берді, мен енді жергілікті және облыстық деңгейлерде эдвокасиды қолдана отырып мәселелерді шешу жолдарын білемін».

Поделиться страницей: