Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

12 наурыз 2014 ж.

AES компаниялар тобы жаңа балабақша салып, оны қала меншігіне сыйға тартпақ

2015 жылдың 18 ақпанында Өскемен қаласының әкімдігі, Қазақстандағы AES компаниялар тобы мен «Орталық Азияның Еуразия Қоры»Корпоративтік Қоры арасында жаңа балабақша құрылысы жобасын жүзеге асыру бойынша өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік бағдарламасын жүзеге асыру аясында, Қазақстандағы AES компаниялар тобы мен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі арасындағы 2014 – 2016 ж. қайырымдылық шараларын жүзеге асыру туралы 2014 жылдың 20 ақпанда қол қойылған меморандумға сәйкес, Қазақстандағы AES компаниялар тобына кіретін «АЭС Шүлбі ГЭС» ЖШС және «АЭС Өскемен ГЭС» ЖШС «Орталық Азияның Еуразия Қоры» қорына Өскемен қаласындағы 140 орындық балабақша ғимараты құрылысы үшін 320 миллион тенге көлемінде қаржы бөлді.

Құрылыс аяқталғаннан соң, балабақша ғимараты қайтарымсыз негізде қалаға сый ретінде беріледі. Қол қойылған меморандумға сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі қала дамуының бас жоспарына сәйкес, облыс орталығы, Машиностроителей көшесі ауданында (Арматуралық зауыт ауданында) балабақша құрылысы үшін орын бөлді және аталмыш әлеуметтік нысанның шағын аудан тұрғындары үшін өте жоғарғы сұранысқа ие екендігін атап өтті.

Қалалық әкімдік аталмыш қайырымдылық жобаны жүзеге асыруға, соның ішінде, қажетті байланыстар пен жаңа балабақша ғимаратын қалалық коммуналдық жүйеге қосу туралы мәселелерді уақытылы шешу, сондай-ақ балабақша ғимаратын құрылыс аяқталғаннан соң қайтарымсыз негізде коммуналды мүлікке қабылдауға байланысты мәселелерде қолдау көрсетуге келісті.

Альфия Жұмаева, Қазақстан бойынша AES Корпорациясының вице-президенті, меморандумға қол қою рәсімінде былай деді: «Қазақстан Республикасының кішкентай азаматтары үшін жағдайдың жасалуы елдің болашағы үшін үлкен маңызға ие, біз осы қайырымдылық іске өз шағын үлесімізді қосқанымызға қуаныштымыз. AES компаниясы осы жобаның сәтті жүзеге асуына барлық жағдай жасайды, біздің серіктес Орталық Азияның Еуразия Қорымен бірлесе отырып, келесі жылы барлықтарыңызды Өскемен қ. жаңа балабақшаның ашылу салтанатында көруге үміттенеміз».

Аталмыш жоба Қазақстандағы AES компаниялар тобының кезекші әлеуметтік бастамасы болып табылады. Өткен жылдары AES компаниялар тобы ШҚО-да бірқатар әлеуметтік бағыттағы маңызды жобаларды жүзеге асырды, солардың ішінде Өскемен қаласындағы жедел жәрдем ауруханасы жанындағы жаңа заманауи күйік орталығы, Семей қаласындағы 160 орындық балабақша, облыстың емдеу орталықтары үшін жедел жәрдем автокөліктері және тағы басқа.

Дерек көзі: http://www.1720.kz/story/gruppa-kompanij--postroit-novyj-detskij-sad-i-peredast-ego-v-dar-gorodu#/3

Поделиться страницей: