Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

10 маусым 2015 ж.

Алматыда ҮЕҰ мен мемлекеттік сектор өкілдеріне арналған адам құқықтары жөніндегі тренингтер өткізілді

АЛМАТЫ – 8-9 маусымда Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) «Адам құқықтары жөніндегі реформаларды насихаттау үшін Оңтүстік Қазақстанның ҮЕҰ мүмкіндіктерін күшейту» жобасы шеңберінде Еуропалық Одақ Өкілдігінің қолдауымен адам құқықтары жөніндегі тақырыптық тренингтер өткізді.

Тренингтер Оңтүстік Қазақстанның әлеуметтік осал азаматтардың құқықтарын қорғау және ілгерлету аясында ҮЕҰ мен мемлекеттік сектор өкілдерінің кәсіптік деңгейінің көтерілуіне және әлеуетінің нығайтылуына бағытталған. Тренингтер төрт мақсатты топтардың құқықтары бойынша өткізілді: мүмкіндігі шектеулі адамдар; әйелдер мен балалар; ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар мен жастар және жастарды жұмыспен қамту мен репродуктивті денсаулық.

Тренингтер келесі тақырыптарды көтерді: мақсатты топтар мен жалпылама адам құқықтары бойынша заңдар, адам құқықтарының бұзылуы мен қорғау тетігі бойынша кейстер, құқықтық көмек көрсетудің тәжірибелік дағдыларын дамытуға бағыттылған модельдеу, командалық жұмыстар.

Тренингке Оңтүстік Қазақстанның төрт аймағынан (Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан) 46 ҮЕҰ желісі мүшелері (директорлар мен бағдарлама үйлестірушілер) және 16 мемлекеттік сектор өкілдері қатысты.

Тренер-ұйымдар ретінде «Сана Сезім» құқықтық орталығы, «Талдықорған құқықтық орталығы» ҚҚ, «Шырақ» мүгедек әйелдер ассоциациясы» ҚБ және «Шығармашылық-бастамашыл әйелдер лигасы» ҚБ болды. Әрбір тренер-ұйым әр мақсатты топқа арналған нақты мысалдардан құрылған заңдық нормалар мен тиімді заңгерлік көмек көрсету бойынша деректі қадамдардан тұратын практикалық «Құқықтық көмек нұсқаулығын» құрастырды.

Адам құқықтары жөніндегі тақырыптық тренингтер ҮЕҰ желісі мүшелерінің адам құқықтары бойынша біліктілігін арттырып, халық қажеттерін жақсырақ қанағаттандыруға және осал топтар мүшелеріне көрсетілетін қызмет сапасы мен өзектілігін көтеруге мүмкіндік береді.

Қосымша ақпарат үшін Ақмарал Қарлыбаева, Орталық Азияның Еуразия Қоры жоба менеджеріне, тел. + (727) 250-18-10 (ішкі 130), akmaralk@ef-ca.org, немесе Қарлығаш Жаманқұлова, ҚР Еуропалық Одақ Өкілдігінің баспасөз-хатшысына,.+(7172) 97-11-48, karlygash.jamankulova@eeas.europa.eu хабарласыңыз.

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАЛАР:

Поделиться страницей: