Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

13 қараша 2015 ж.

Алматыда «Бизнес және ҮЕҰ: өзара әрекеттестік механизмі» атты дөңгелек үстел өтті

Бүгін Алматы Менеджмент Университетінде ҮЕҰ Сараптау орталығының және Орталық Азия Еуразиялық Қоры ұйымдастыруымен «Қазақстанда ҮЕҰ саласында сарапшылар әлеуетін дамыту бастамасы» жобасы аясында «Шеврон» компаниясының қолдауымен «Бизнес және ҮЕҰ: өзара әрекеттестік механизмі» атты дөңгелек үстел өтті.

Өздерінің әлеуметтік бағдарламаларын жүзеге асыруда «Шеврон» әрқашан үкіметтік емес ұйымдармен серіктестікке арқа сүйенді. ҮЕҰ маңызды әлеуметтік мәселелерді шешу саласындағы бірігей тәжірибе мен білімді меңгерген және бизнес, үкіметтік ұйымдар мен тұрғындар арасындағы байланыстырушы бөлім болып табылады. Олар адамдардың қажеттілігін біледі, бізді кері байланыспен қамтамасыз етеді және біздің әлеуметтік инвестициялардың тиімділігін бағалайды» – деді компанияның өкілі Лейла Айтмуханова.

Дөңгелек үстелде бизнес және мемлекеттік ұйымдардың, ҮЕҰ-дың және академиялық қоғамдастықтардың өкілдері сектор аралық өзара әрекеттестік механизмін дамыту және әлеуметтік мәселелердің ортақ шешімін табу үшін жиналды. Іс-шараның қатысушылары бизнестің коммерциялық емес ұйымдармен серіктестік тиімділігін, ҮЕҰ осындай серіктестіктен қандай артықшылыққа ие болатынын және қандай әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік беретінін талқылады. Сонымен қатар, олар жемісті ұзақ мерзімді серіктестік қатынастардың үлгісін талқылап, жетістікке жетелейтін факторларды анықтады.

«Әрбір елде мемлекеттің тиімді дамуы үшін үшбұрыштың «мемлекет – бизнес – азаматтық қоғам» өзара әрекеттесуі қажет. Қазақстанда серіктестік қатынастар мемлекетпен бизнес немесе мемлекетпен ҮЕҰ арасында қалыптасады. Бизнес пен ҮЕҰ арасындағы қарым-қатынас әлі де көп жақсартуды қажет етеді. Дөңгелек үстел барлық жақтарға түйісу нүктесін және қатынас механизмдерің мүмкіндігін табуға көмектесетініне сенеміз» деп ОАЕҚ жоба менеджері Алма Шолпанкулова баяндады.

ОАЕҚ директоры Ринад Темирбековтың ойынша: «Бірнеше жыл бұрын біз Корпоративті әлеуметтік жауапкершілік бойынша зерттеу жүргіздік. Зерттеу ҮЕҰ аймақтағы бизнестің қызметі туралы біртұтас көріністің жоқтығын көрсетті. Ол ақпаратты әрбір бөлек компаниялардан ала алады. Өз кезегінде бизнестің басым бөлігі ҮЕҰ-дың жеткілікті әлеуеттігі жоқ деп ойлайды, сонымен бірге корпоративті әлеуметтік жауапкершіліктің дамуы үшін жергілікті өкіметтің ашық еместігі кедергі болып табылады. Көп компаниялардың пікірінше, мемлекет корпоративті әлеуметтік жауапкершілік дамуында тиісті жағдайлар жасап және тұрғындардың мүддерлерін ескере отырып көшбасшы және байланыстырушы бөлім болуы керек. Тәжірибе тиімді әлеуметтік бағдарламалар мемлекет, бизнес және тұрғындар арасында қатынас қалыптасқан жерде жүзеге асатындығын көрсетеді». – деп.

«ҮЕҰ саласында сарапшылар әлеуетін дамыту бастамасы» жобасы ҮЕҰ секторы жұмысын институционалды дамуды күшейту арқылы халыққа сапалы қызмет көрсетуді жақсартуды көздейді. ҮЕҰ көшбасшылары және тренерлері (бапкерлері) үшін тренингтер сапасын арттыру ҮЕҰ сарапшылар әлеуетін дамыту мақсатында жобаның көздейтін басты міндеті болып саналады.

Поделиться страницей: