Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

12 желтоқсан 2017 ж.

Ұтымды сөйлей білу – тиімді қарым-қатынастың негізі

Құрық ауылы, Маңғыстау облысы, Қазақстан – 7 желтоқсан 2017 жылы «Ұтымды сөйлей білу – тиімді қатынастың негізі» тақырыбында конкурсқа қатысушы кәсіпкерлерді жұрт алдында сөйлеуге үйрететін тренинг өтеді.

Тренинг өтетін жер: Қарақия кәсіптік колледжі, Микрорайон 2 к., 217 үй (акт залы). Тренингті батыс аймақтарына маманданған, тәжірибелі бизнес-тренер Асқар Секербаев өткізеді. Тренингтің қатысушылары – конкурсқа бизнес жоспарларын өткізген Құрық ауылының тұрғындары.

Қатысушылар тренинг барысында ақпараттық тізбекті құруды, ақпаратты жеткізудің ережелерін, сөйлеудің ішкі және сыртқы құрылымы, аудиторияны сөз сөйлеу процесіне тарта білу тәсілдері мен сенімділікті арттыру әдістерін үйренеді.

Осылайша, тренингтің қорытындысы бойынша қатысушылар бизнес жоспардың мақсатын нақты жеткізуді, жұрт алдында сөз сөйлеу мен презентация қорғау барысында «шектеулер ережесін» қолдануды, PowerPoint-та презентация жасауды, ақпаратты түсінікті, тиімді және сауатты жеткізуді меңгереді.

Тренинг ERSAI компаниясының қаржылық қолдауымен Орталық Азияның Евразия Қорының «Құрық ауылында кәсіпкерлік әлеуетті дамыту» жобасының шеңберінде өткізіледі. Жобаның мақсаты – Құрық ауылында кәсіпкерлік әлеуетті дамыту болып табылады.

Барлық қосымша сұрақтар бойынша, өтініш, ОАЕҚ проекттер бойынша ассистенті Әдемі Сақбековаға хабарласыңыз, тел: +7 (727) 250 18 10, моб.: +7 701 841 63 93, немесе электронды почта арқылы: ademi@ef-ca.org

 

Поделиться страницей: