Подпишитесь на наши новости:
Жаңалықтар
другие Жаңалықтар
Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын
«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола
11 сәуір 2017 ж.
Түркістан мен Сарыағашта ХҚКО қызметкерлеріне арналған тренингтер өткізілді
3-4 сәуірде Түркістан қаласында алматылық Қоғамдық пікірді зерттеу ұйымымен жүргізілген "Шелек ауданының шалғай елді-мекендерінде тұратын мүгедектігі бар жандардың мемлекеттік қызметтерге тең қолжетімділігін зерделеу" атты әлеуметтік зерттеудің қорытындылары жарияланған техникалық кездесу өтті. Кездесу USAID-тың қаржылай қолдауымен жүзеге асырылып жатқан "Тиімді басқаруды қолдау бастамасы" бағдарламасының қатысушы "Ерекше Таңдау-Шелек" Қорының мемлекеттік қызмет көрсететін мамандарға арналған екі күндік тренингіне ұласты.
Мемлекеттік қызмет көрсетумен айналысатын мамандарға арналған оқыту семинарының аясында қызмет этикасы мен мүгедектігі бар жандардың ерекшеліктерін білу мәселелері, сонымен қатар мүгедектігі бар жандарға дұрыс әрі жылдам қызмет көрсету мәселесі талқыланды.
"Біз білім қорымызды байыттық, көптеген жаңа дүниелерді білдік, семинар-тренинг жанды әрі практикалық форматта өтті", - деп, тренингке қатысушы Гүлзада ханым өз ойымен бөлісті.
"Ойындардың, жаттығулардың және үй жұмысының арқасында біз мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қандай қиындықтар мен мәселелерге тап болатынын ұғындық, енді біз оларды жақсырақ түсінеміз", - дейді ХҚКО қызметкері Тұралы мырза.
Кездесуге қатысушыларға мүгедектердің құқықтары жөніндегі БҰҰ конвенциясын ратификациялау және әлеуметтік қорғаудан теңдей мүмкіндіктер құруға өту туралы айтылды, сонымен қатар мүгедектігі бар жандарға мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары және мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам ұйымдарының Алматы облысы бойынша "Халыққа қызмет көрсету" Департаменті мен "Ерекше Таңдау-Шелек" КҚ мысалындағы бірлескен қызметін жетілдіру жолдары талқыланды.
"Біз мүгедектігі бар жандарға мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған болашақ мекемелердің үлгілерін жасадық, бұдан әрі біз бұл мәселені, қызметтерді қолжетімді ету мәселесін жергілікті орындарда көтере аламыз", - деп семинарға қатысушы Ержан мырза өз пікірін қосты.
Түркістаннан кейін "Мемлекеттік қызметтер - барлығына қолжетімді" семинары Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш қаласында өткізілді. Мұнда семинарға Ордабасы, Мақтаарал, Сайрам, Төлеби аудандары ХҚКО-ларының құжаттар қабылдау жөніндегі мамандары қатысты. Барлығы 16 адам.
"Тренинг маған өте ұнады. Мұндай тренингтер келешекте жалғасын тапса, және мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекеттік қызметтер кедергісіз қолжетімді болса екен деген тілегім бар", - деп Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар секторының басшысы Х. Ақмолда ойын түйіндеді.