Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

20 наурыз 2018 ж.

Тренингтік лагерь жоғарғы сынып оқушыларын біріктіреді

2018 жылдың 22-26 наурыз аралығында Маңғыстау облысының Құрық ауылында 10 сынып оқушыларына тренингтік лагерь өтті.

Тренингке 100 мектеп оқушы қатысты, соның ішінде Ералы б. пен Аппақ а. тұратын оқушылар.  Лагерь ERSAI Caspian Contractor LLC компаниясының қолдауымен өтті. «Орталық Азияның Еуразия Қоры» КҚ мен «Жаңа Ұрпақ» Республикалық көшбасшылық мектебінің сарапшылары тренерлер ретінде қатысты.

Лагердің басты мақсаты ауылдың үйлесімді дамуы үшін әр түрлі мектептердің оқушыларын біріктіру. Лагерь ойын-сауық компоненттен және дамытатын тренингтік бөлімнен тұрады. Лагерь бағдарламасы мектептік бағдарламаны толықтырады : көшбасшылық, креативтік ойлау, шешендік өнер, жобалық жұмыс, қорқыныш пен адамның ішкі психологиялық тосқауылдардан арылу.

Лагерді өткізуге 2017 жылдың маусым және қараша айларында өткен тренинтерге қатысқан 9-шы және 11-ші сынып оқушылары волонтерлар болып атсалысты.

Осы жолы лагердің жаңа компоненті мектеп психологтарының қатысуы, олар қазіргі уақытта педагогтармен, оқушылармен, ата-аналармен маңыздану мен кәсіптік бағдарлау, қиын жасөспірімдермен жұмыс, суицидті алдын алу және тағы басқа сұрақтар бойынша тиімді жұмыс атқару үшін өздерінің біліктіліктерін интенсивті тәжірибелік оқыту арқылы арттырып жатыр. Психологтар мастер-класс өткізеді, сонымен қатар өздерінің жеке өмірінде болған оқиғамен бөлісті. Мектеп психологтарының лагерге қатысуы оқушылардың психологиялық тәжірибеге деген сенімдерін арттырды.

«Барлығы жоғарғы деңгейде өтті. Барлық ойындар, әңгімелесулер қызықты болды. Психологтармен кездесу де қызықты өтті. Бір күні жыладық, бір күні күлдік. Түрлі эмоциялар болды. Топтық жұмыстар өте қызықты болды, соның арқасында команда болып жұмыс істегеннің маңыздылығын түсіндік. Бізді бірлестікке үйретті. Осындай лагерь өткізу қажет, себебі көптеген пайдалы заттарға үйренуге болады.»  - дейді Сағындык Аймира, №6 мектебінің 10 сынып оқушысы.

«Осы күндер ішінде мен көптеген пайдалы ақпарат алдым, көп адаммен таныстым. Командалық ойындардың арқасында жеке жеңіс емес, команданың жеңісінің маңыздылығын түсіндік. Біз бірімізбен ашық сөйлестік. Әр қатысушының осы легрден кейін өмірге деген көзқарасы өзгеретіндігі сөзсіз. Осы жерде өскелең ұрпақты шыдамдылыққа, шынайлыққа, көшбасшылыққа үйретеді. Осындай лагерлер Қазақстанның басқа да ауылдарында өтсе екен, басқа да балалар біз кешкен сәттерді кешсе екен» - дейді Калдыбай Несибелі, гимназия мектебінің 10 сынып оқушысы.   

«Маған осы лагерде барлығы ұнады: ойындар, тренингтер және тағы басқа. Осы жерде мен көптеген дос таптым және ададармен еркін сөйлесіге үйрендім. Бұл лагерь жасөспірімдерге үлкен пайда алып келеді.» - дейді Сисенғалиев Саят, №6 мектебінің 10 сынып оқушысы.

«Лагерь жоғарғы деңгейде өтті. Маған командалық жұмыс пен көптеген адамның алдында сөз сөйлеу ұнады. Лагерь бірігіп жұмыс істеуге, бір бірімізге түсіністікпен қарауға үйретеді» - дейді Қармысов Жігер, №1 мектебінің 10 сынып оқушысы..

 

Поделиться страницей: