Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

1 қазан 2024 ж.

Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын

Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) каталитикалық қаржыландыру ретінде $500 000 алып,
2 қыркүйек 2024 ж.

«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола

Орталық Азия Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте 2022 жылдан бері

11 қыркүйек 2024 ж.

Трекиң және қаржы: “Байтақ жер” жобасы Ақмола облысының туристік бизнесіне көрсететін қолдау

Орталық Азияның Еуразия Қоры “Шеврон” компаниясымен серіктестікте іске асыратын “Байтақ жер” жобасының жеңімпаздары өз ісінің табыстылығын жоғары жылдамдықпен ұлғайтуда.

Жобаның екі жылға 2-6 млн теңге мөлшерінде берілген пайызсыз қарыздары арқасында тоғыз ақмолалық кәсіпкер өз кірісін бірнеше есе ұлғайтып, өз ісінің жаңа дамыту қырларын ойлап тапты. Бұл жолда олар қаржылай қолдаумен бірге жоба командасы ұйымдастырған оқыту курстары, инкубациялық бағдарлама және сарапшылармен трекеңті сәтті жұмылдыра білді. Кәсіпкерлердің сөзінше, жаңа білімдер және сарапшылармен жеке жұмыс олардың жобаларын іске асыруға зор көмек тигізді. 

- Әрбір қатысушымен үш ай бойы жеке жұмыс жүргіздік. Әр 2 апта сайын қатысушылар өздеріне мақсат қойды, біз тәуекелдерді талқылап, шектеулерді қарастырдық. Кездесулерімізді зумда өткіздік. Жеке қасиеттеріне мен қаржыландыру мерзімдеріне қарай 3 кәсіпкер белгіленген мерзімнен бұрын, 3 кәсіпкер анықталған мерзімге сәйкес мақсаттарына жетті және қалған 3 кәсіпкер бастапқыда жоспарланғаннан көбірек уақыт жұмсады, - деді “MOST” бизнес-акселераторының кәсіби трекері Татьяна Хасанова.

Татьянаның сөзінше, бизнес иесінің ойлауы көптеген сұрақтарға жауап іздеуді қажет етеді. Сезімдерге жол бермей, жағдайды дұрыс бағалап, маңыздылықты анықтау кәсіпкерлер үшін кей уақытта қиынға соғады. Өз қызметтері мен тауарларын жақсартып қана қоймай, бизнес иелері жобаларын дамытудағы шектеулерден өтіп, баға өзгертуді, ұзақ мерзімді жоспарлауды, бір-ақ адамның икемділігіне негізделетін бизнес жүйеден бас тартуды үйренген. “Әрбір қатысушымыздың трекиң мақсаттары әртүрлі. Біреулер ісінің жаңа дамыту жолдарын іздеп, тұтынушылардан түсетін қаржыны тұрақтаса, басқалар жасалған инвестицияларға сәйкес бағаларын өсіруді көздейді. Үшіншілер өмірінде алғаш рет басқаларға тапсырма беруді үйренеді”.

Қарыздарға ие болған кәсіпкерлердің жобалары бір-біріне мүлдем ұқсамайды: этноауыл мен киіз үйлер өндірісін ашылуынан ірімшік өндіретін орынның бизнес-үрдістерін жолға қоюға дейін. 

Өз жобаларын қысқа мерзімнің ішінде сәтті іске асыратын кәсіпкерлердің арасында Ерейментау ауданының тұрғыны Елдос Оспанов. 2001 жылдан бастап кәсіпкер көлді жалға алып, кәсіпқойлар мен спортшылар арасындағы балық аулауды дамытады. Оның сөзінше, “Байтақ жер” жобасына қатысқаны балық аулау жолдамалары сатылымдарын екі есе ұлғайтуға көмектесті. Бұл жоғары нәтижеге қол жеткізуге кәсіпкер қазіргі мүшелер саны 40 адамнан құралған Сarp club Toygankol-дің ашылуы және де диджиталға шығуы себеп болды деп атап өтеді.  

- Жобаға дейін әлеуметтік желілерді қолданудан алшақ болсам, қазір www.toygankol.kz сайты мен бизнес инстаграм-аккаунтының жұмысын жоспарлап отырмын. Жобаға қатыспааған жағдайда, осындай нәтижелерге қол жеткізуге болатыны жайлы еш ойламас едім. Маусым айында ҚР карпфишинг чемпионатын өткізіп, қыркүйекте Бөгенбай батыр белбеуіне арналған жарысты ұйымдастырмақпыз, ал жылдың аяғына дейін клуб мүшелерінің санын 50-ге дейін арттыруды көздеймін, - деді кәсіпкер.

Ақкөл ауданында “Красный горняк” бақтақ (форель) шаруашылығын дамыту идеясымен жобаға келген Фарида Елеусизова қазіргі таңда аттас отбасылық демалыс базасында енгізілген жаңашылдықтарды жетілдірумен  айналысады.  

- Жобаға қатысып, біз қызмет көрсететін тұтынушыларымыздың шеңберін балықшылар жанұяларына дейін кеңейтіп, қосалқы қызметтер арқасында отбасылық демалыс базасы ретінде дамуға болатынымызға көз жеткіздік. Оқытудан өту және жоба жеңімпазы атану ісімізді оң жаққа бұруға қуаттандырды. Сәуірдің ортасынан брондау жүйемізді толығымен автоматтандырдық, арнайы бағдарлама жұмсап, каспи төлемдерді қостық әрі брондауда ЖИ құралдарын қолдануды жоспарлаймыз. Бюджеттерге жаңа көзқараспен қарап, басқару есебін енгіземіз, әрі әрдайым тұтынушыларымызбен байланыстамыз. 

Биыл “Красный горняк” кафе ашты, оның келушілері арасында елордадан келе жатқан жүргізушілер де бар, себебі, демалыс базасы Астана қаласынан небәрі 124 шақырым арақашықтықта орналасқан. Жоба бөлінген қаржы тағы да монша, екі қонақ үй салуға жұмсалды, қонақ үйдің біреуі меймандарды қабылдауға дайын. Ал сатып алынған балық арқасында демалыс базасы күнделікті жұмыс кестесіне көшті.

- Екі айда бітірген құрылыс жұмыстары әрі жаңа қызметтерді енгізу қалыпты жағдайда екі жылға созылған еді. Қазір мен бәрін бақылап, қажетті үрдістерді орнатып, қызмет көрсету әрі команда сұрақтарымен айналысамын. Сонымен қатар, қысқы уақытқа дайындық жұмыстарын бастадық.   

Біржан Сал ауданында орналасқан атмосфералық “Лес и звезды” глэмпингінің иесі Қанат Төкесбай өткен жылдың көктем-жаз кезеңіне қарағанда өз табысын 40% дейін ұлғайтты. Кәсіпкердің айтуынша, бұл жетістік “Байтақ жер” жобасына қатысу арқасында мүмкін болды, онсыз аталған нәтижеге бір жылдың ішінде ғана қол жеткізер еді. 

-Табыстың өсуіне әлеуметтік желілердегі белсенділік, жарнама, блогерлермен жұмыс, әрі бұл жұмысқа жауапты адамдардың командаға келуі жәрдемдесті. Оқыту кезінде қосалқы қызметтер табыстың жоғары көтерілуіне жақсы әсер ететіні жайлы айтылған. Сол себептен, қарызымызды велосипедтер сатып алуға, бассейн мен мангал зоналарын ұйымдастыруға бағыттадық. Қазіргі кезде демалушылардың бос уақытын өткізуге арналған инфрақұрылым жасаумен айналысамыз, бәлкім, бізде жабық бассейн, қысқы кафе де жақын арада ашылады. 

“Байтақ жер” жобасының І және ІІ маусымы қатысушыларының мысалы ОАЕҚ және “Шеврон” компаниясының бастамасы үкімет пен қызығушылық танытқан азаматтармен тығыз байланыста жұмыс жүргізу нәтижесінде Қазақстанда эко-, этно- және агротуризм саласындағы кәсіпкерлікті жүйелі негізде дамытуға болатынына дәлел. Жоба қатысушылары қаржылық көмекпен қатар жаңа білімдерді меңгеріп, командаларын жинап, өз ісін дамыту арқылы жергілікті қауымдастықтарға пайда әкеліп, нарықтағы ұсыныстардың сан алуандығын ұлғайтады.

Ақмола облысындағы эко-, этно-, агротуризмді дамытуға бағытталған «Байтақ жер» жобасы 2022 жылдан бері жүзеге асырылады. Жобаның І кезеңінің алты жеңімпазы өз жобаларын іске асыруға арналған пайызсыз қарызға ие болды. Жобаның ІІ кезеңіне қатысуға ниетін білдірген 73 кәсіпкердің 40-ы оқыту курсынан өтіп, олардан ақпанның соңында өткізілген қарыздар байқауы нәтижесінде 9 жеңімпаз іректелді.

«Байтақ жер» жобасы туралы толық ақпаратты www.baitaqzher.kz ресми сайтынан, подкастынан, сондай-ақ жобаның Instagram парақшасынан таба аласыз.

Поделиться страницей: