Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

7 қазан 2016 ж.

Тәлімгерлік бағдарламасы аясында ҮЕҰ жұмыс кездесуі

2016 жылдың 29-30 қыркүйегі аралығында Алматыда мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын қорғау бойынша жұмыс істейтін ұйымдар үшін тренинг түріндегі ҮЕҰ жұмыс кездесуі өтті. Аталған ұйымдар Орталық Азияның Еуразия қоры ҚР-ғы Еуропа Одағының Өкілдігі қолдауымен жүзеге асырып жатқан «Адам құқығы жөніндегі реформаларды насихаттау үшін Оңтүстік Қазақстанның ҮЕҰ мүмкіндіктерін күшейту» жобасының қатысушылары болып табылады. 

Тренинг мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс істейтін ұйымдарға сараптамалық есепті дайындауға қойылатын негізгі талаптар, қағидалар мен тәсілдемелер бойынша, сондай-ақ жергілікті, аймақтық және ұлттық деңгейдегі адам құқықтары саласындағы ҮЕҰ қызметінің нәтижелерін талдап-саралау бойынша жан-жақты ақпарат беруді мақсат етіп қойды.

Тренингке Алматы және Жамбыл облыстарының 5 ҮЕҰ төрағалары мен үйлестірушілері қатысты. Тренер ретінде ҚБ «Шырақ» Мүгедектігі бар әйелдер Ассоциациясы» төрайымы әрі жобаның серіктесі Ляззат Қалтаева болды.

Тренер сараптамалық есеп қатысты қағидалар; оның әрбір құрамдас бөлігінің құрылымы мен мазмұны; талдаудың кең таралған әдіс-тәсілдері; сондай-ақ жұмыс нәтижелерінің негізінде жинақталған қорытындылар мен ұсыныстарды өзара тұтастыру бойынша тәжірибелік жаттығулар барысында әр ҮЕҰ өз жобасының ағымдағы күйін және алдағы даму векторларын көрсету мүмкіндігіне ие болды. Бұдан басқа, қатысушылар бірлесіп тәлімгердің өңірлік сапар кестесін, сондай-ақ алдағы Астанада өтетін атқарушы билік органдарымен жұмыс кездесуінің егжей-тегжейін нақтылап анықтады.

Екі күн барысында тренинг қатысушылары халықтың әлжуаз тобы мәселесі бойынша атқарылған жұмысты саралау мен аталған топтың жағдайын жақсарту бойынша нақты мүдделерді айқындауға бағытталған мағлұматтар жиынтығын меңгере алды. Бұл өз кезегінде фокус топтардың эдвокаси-науқан мәселелері бойынша жергілікті ҮЕҰ-дың кәсіби деңгейін көтеретіні анық.

«Сараптамалық есептің басты мақсаты – ұйым атқарған жұмыстың нәтижелері негізінде ұсыныстарды алға тарту болып табылады. Аталған тренинг ҮЕҰ-ға сараптамалық есептің негізгі талаптары мен әдістемелерімен танысуға мүмкіндік берді», - деп атап өтті жоба серіктесі мен ұйымдардың тәлімгері, Ляззат Қалтаева.

Қосымша ақпарат үшін жоба менеджері Ақмарал Қарлыбаеваға + (727) 250-18-10 (вн.120), akmaralk@ef-ca.org, немесе ҚР-дағы ЕО өкілдігінің баспасөз хатшысы Қарлығаш Жаманқұловаға + (7172) 97-11-48, karlygash.jamankulova@eeas.europa.eu байланыс деректері арқылы хабарласыңыз.

 

Поделиться страницей: