Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

23 маусым 2023 ж.

Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында халықтың

Қатысушылар қолөнер немесе көкөніс өсіруді үйреніп, жеке микробизнесін дамытуға
16 мамыр 2023 ж.

Орал қаласында Orle Fest қалалық фестивалі өтеді

Келген қонақтарды жергілікті қолөнершілердің дизайнерлік бұйымдар мен
15 мамыр 2023 ж.

Ақмола облысында иппотерапия сабақтары мен ат турлары

«Keremet jol» қоғамдық бірлестігі Ақмола облысында иппотерапия сеанстарын өткізіп

17 шілде 2015 ж.

“Тиімді басқаруды қолдау бастамасы” бағдарламасының шағын жобалары конкурсының жеңімпаздары Астана қаласындағы грант-семинарға қатысты

Астана, 2015 жылғы 10 шілде - ОАЕҚ жобалық командасы USAID өкілдерімен бірлесіп Астана қаласында шағын жобалар конкурсының 7 жеңімпазына арнап грант-семинар өткізді. Семинар қатысушылары жобаларды іске асыру, өзекті мәселелерді анықтау және талқылау сондай-ақ, демеушілік көмек шартына қол қою үшін қаржылық, бағдарламалық және коммуникациялық есептілік бойынша талаптармен танысты. Әр ұйым ұзақтығы 8 айға созылатын жобаларды іске асыру үшін 20 000 АҚШ долларына дейін қаржыландыруға ие болады.

1. «Десента» ҚБ (Павлодар қ.). «Геоақпараттық жүйені енгізу арқылы Павлодар қаласын басқару және мәселелерін шешу процесіне қала халқын тарту» деп аталатын жоба муниципалитет пен қала азаматтарының бірлескен күшімен қаланы басқару мәселелерін шешуге бағытталған.

2. «Чернобыль және Арал балалары» ҚБ (Қызылорда). «Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу» деп аталатын жоба арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынудың кіріспе интегралданған үлгісін енгізуден тұрады, бұл балалардан бас тарту санын азайтуға мүмкіндік береді және Қызылорда қаласында алдын алу шараларының тиімділігін жоғарылатады. Сондай-ақ осы жоба әлеуметтік жетімдік мәселелерін жүргізу жөніндегі ведомство аралық топтарды құрудан тұрады.

3. «Радуга» ҚБ (Қостанай). «Әрқашан жанымыздағылар үшін!» деп аталатын жоба 18 жастан асқан бала жастан мүгедектердің қамқоршысы мәртебесін анықтау жөніндегі заңнамалық ұсыныстарды әзірлеуге бағытталған.

4. «Теміртау жастар одағы» ЖҚБ. «Менің депутатым» деп аталатын жоба депутат корпусы мен аумақтардағы халықтың өзара әрекеттері механизмін жасауға көмектесетін әмбебап мобильді қосымша мен web-ресурс жасауға бағытталады.

5. «ЗУБР» ӘКҚ (Өскемен). "Интегралдаған арнайы әлеуметтік қызметтер үлгісі - жүйені басқарудың клиенттерге бағытталған тәсілі> деп аталатын жоба арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетудегі жүйелік өзгерістерді іске қосатын және әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулықты қорғау саласындағы тұтынушылар үшін олардың сапасын жоғарылататын модельдер мен механизмдерді жасауға және мақұлдауға бағытталған.

6. «Петропавл пәтер иегерлерінің тұтынушылық кооперативтерінің аймақтық қауымдастығы» (Петропавл). «Қоғамдық бақылауды енгізу және өз үйін электронды басқару процесіне иегерлерді тарту арқылы ПИК жұмысының тиімділігін және есептер беруін жоғарылату» деп аталатын жоба пәтер иегерлерінің, ТҮКШ мемлекеттік басқармасы өкілдерінің пәтер иегерлері кооперативтерімен электронды портал арқылы өзара әрекеттерін дамытуға бағытталған.

7. «Адам құқығы хартиясы» ҚБ (Алматы). «Қазақстанның халықаралық міндеттемелерді дамыту бойынша мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасындағы диалог» деп аталатын жоба Қазақстан Республикасының ҚР баяндамаларын, сонымен қатар конвенциялық органдардың тақырыптық шешімдерін қарастыру нәтижелері бойынша адам құқығы саласындағы халықаралық міндеттемелерін орындауына бағытталған.

Поделиться страницей: