Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

11 мамыр 2018 ж.

Тиімді басқаруға арналған интернет-технологиялар

24-26 сәуір аралығында Душанбеде "Тиімді басқару реформаларын қолдауға арналған интернет-технологиялар" атты аймақтық шеберхана өтті.

Іс-шара АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігімен (USAID) қаржыландырылатын "Тиімді басқаруды қолдау бастамасы" жобасының аясында ұйымдастырылды. Аталмыш жоба Қазақстандағы және Тәжікстандағы Орталық Азияның Еуразия Қорымен жүзеге асырылуда.

Шеберхананың мақсаты - тиімді басқару реформаларына деген сұранысты арттыру мен ұлғайту үшін интернет-технологияларды зерттеу мен қолдану.

Іс-шараға Қазақстандағы және Тәжікстандағы ТБҚБ жобаларының 30-ға тарта өкілдері қатысып, алғашқы күні көпшілікпен өз жұмыстарының аралық нәтижелерімен бөлісті. Ресейден Иван Печищев, қырғызстандық Николай Пихота және қазақстандық Гүлім Әмірханова сынды халықаралық тренерлер жобаның түйткілдерін, мақсаттарын, сипаттамаларын, аудиториясы мен ықтимал коммуникация каналдарына сараптама жүргізу арқылы технологиялық шешімдерді (сайт, чат-бот, презентация, инфографика, трансляция) жүзеге асыру құралдарын қолдану бойынша тренингтер өткізді.  

"Мен ОАЕҚ  (Орталық Азияның Еуразия Қоры - авт.) жобаларына осымен екінші рет қатысып отырмын, (...) бүгінгі шара командалардың өз жобаларына технологиялық шешімдер табуларына көмектесетін шеберхана түрінде өтуде. Әрине, өткен уақыт ішінде командалардың қалай өзгергендігін байқадым, мәжілістен тыс уақытта олар жобаларының дамуы жайлы айтып жатты, кейбіреулер айтарлықтай нәтижеге қол жеткізіп үлгерген, сондықтан көпшілік үшін біз мұнда тек кеңесші рөліндеміз. Біреулерге әр қадамды егжей-тегжейлі түсіндіру қажет болса, енді біреулер өздері-ақ үлкен мамандар. Меніңше, олар өз білімдерімен басқалармен бөліссе, тіпті қызықты болар еді. Біз әріптестерімізбен өте жақсы жұмыс атқардық. Шақыруларыңызға рахмет!", - деді тренер Иван Печищев.

Шеберхананың екінші күні мультимедиялық сторителлинг, SMM және ақпараттарды визуализациялау бойынша параллель сессиялар өткізілді.

"Шеберхана өте ұнады. Тәжікстандық әріптестеріміздің жобалары өте қызықты. Керемет тренерлер, практикалық жұмыс жеткілікті. Санамда идеялар туып, біздің ұйымымыздың ақпараттық кеңістігінде, өз айналамда кей нәрсені өзгерткім, іске асырғым келеді. Ұйымдастырушыларға көп рахмет!", - деп Өскемен қ. келген қатысушымыз Евгения Шрейбер ("ЗУБР" ӘКҚ) жылы лебізін білдірді.

Тәжікстандық қатысушы Бахтиер Абдуджаборов ("Қоғамды дамыту қоры" ҚҚ директоры) Евгениямен келісті: "Бүгінгі семинар бізге өте пайдалы болды, өз идеяларымызды, өз тауарларымызды ілгері басқызуда, жаңа серіктестер табуда ақпараттық технологияларды пайдалану жөнінде көптеген жаңа дүниелерге қанық болдық.

Шеберхана жұмысына, сондай-ақ, Тәжікстан Республикасы Президенті Аппаратының Ақпараттық технологиялар мен коммуникациялар орталығының өкілі Сараев Махмудхон мырза қатысты. Ол "Тәжікстандағы интернет-технологиялардың болашағы" тақырыбында презентация жасады. Шараны интернет желісіндегі қауіпсіздік саласының маманы Фархан Абдурахмановтың презентациясы тәмамдады.

Поделиться страницей: