Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

1 қазан 2024 ж.

Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын

Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) каталитикалық қаржыландыру ретінде $500 000 алып,
2 қыркүйек 2024 ж.

«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола

Орталық Азия Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте 2022 жылдан бері

24 тамыз 2016 ж.

Қызылорда қаласында қоғамдық тыңдау өтеді

Қызылорда, Қазақстан - 2016 жылдың 26 тамызында «Бастамаларды қолдау» Қоғамдық бірлестігі USAID «Тиімді басқаруды қолдау бастамасы» бағдарламасы шеңберінде «Ұлт денсаулығы – басты назарда!» жобасы бойынша Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп «Қызылорда облысындағы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберіндегі көрсетілетін қызметтің тиімділігін арттыру» тақырбында қоғамдық тыңдау өткізеді.

Аталмыш жоба Қызылорда облысының Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен ақпарат алмасу, медициналық мекемелердің жұмысты ұйымдастыру бағыты бойынша, ұсыныстар мен тұрғындарға ақпараттық материалдарды дайындап, қолдау көрсету бағытында жүргізілуде.

Қоғамдық тыңдау барысында  Қызылорда облысының Қызылорда қаласы, Жалағаш ауданы және Қазалы ауданданы тұрғындары арасында жүргізілген сауалнаманың нәтижесі таныстырылады және Қызылорда қаласы, Жалағаш және Қазалы ауданындағы медициналық мекемелердің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберіндегі көрсетілетін қызметтері бойынша маңызды мәселелер талқыланады, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміні бойынша Қызылорда облысының тұрғындарын ақпараттандырудың тиімді инновациялық жолдарымен таныстырылады және жоба барысында әзірленген және Министрліктер мен Қызылорда облысының басқармаларына жолданған ұсыныстармен таныстырылады.

Жергілікті деңгейдегі шешім қабылдаудағы қауымдастықтың ролін көтеру, мемлекеттік органдармен, бизнес құрылымдырмен және медициналық мекемелермен әріптестікті және тиімді диалогті құру тегін медициналық көмек алуда оң әсер қалдырары сөзсіз.

Қоғамдық тыңдау нәтижесінде жасақталған ұсыныстар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберіндегі көрсетілетін қызметтің және тегін дәрі-дәрмекпен қамтамассыз ету бойынша әлеуметтік маңызды мемлекеттік бағдарламалардың мониторингін жүргізуге қоғамның қатысуы механизмі ретінде қолданылады, сонымен қатар басқа әлеуметтік маңызды салаларда қолдану үшін қағамдық тыңдау қатысушыларына үлгі болып табылады.  

Байланыс үшін ақпарат: Қызылорда қаласы, Әуезов көшесі, 20/16, Тел: 8 777 004 65 56,   8 775 396 69 96, Ахметханова Найля – жоба координаторы

Поделиться страницей: