Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

1 қазан 2024 ж.

Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын

Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) каталитикалық қаржыландыру ретінде $500 000 алып,
2 қыркүйек 2024 ж.

«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола

Орталық Азия Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте 2022 жылдан бері

20 ақпан 2018 ж.

Талдықорғандағы әлеуметтік тәжірибе: қараңғылықтың дәмін татып көру

"Ерекше Таңдау-Шелек" Корпоративтік Қоры 15 ақпанда Талдықорған қ. "Dark cafe" әлеуметтік-тәжірибелік жобасын өткізді.

Іс-шара USAID/ТБҚБ "Мемлекеттік қызметтер - барлығына қолжетімді" жобасының аясында, Алматы облысының Ішкі саясат басқармасының бірлесіп ұйымдастыруымен жүзеге асырылды.  

Аталған тәжірибенің мақсаты - мүгедектігі бар адамдарға деген қоғамдық көзқарасты өзгерту, көру қиындықтары бар адамдар тап болатын  қиындықтарды сезіну, сондай-ақ зағип жандарды тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету.

"Біз мүмкіндігі шектеулі жандар дұрыс жұмыс істей алмайды деген стереотиптерді бұзамыз. Біз мүгедектігі бар жандардың мемлекеттің азаматы ретінде өз құқықтарын толыққанды жүзеге асыруларына кедергі келтіретін проблемалар жіті зерттелген үлкен жұмыс жасадық. Бүгінде Қазақстанда 671 мыңнан астам мүгедектігі бар адамдар өмір сүреді, олардың ішінде Алматы облысы бойынша 1300-ден астам көру қабілеті төмен адам өмір сүреді. Көру қабілеті нашарлаған жандар жұмыс істеуге арналған мамандандырылған кәсіпорындар облыс бойынша тек 29. Біздің мақсатымыз барлық кедергілерді жойып, барлығына тең жағдай қалыптастыру", - дейді "Мемлекеттік қызметтер - барлығына қолжетімді" жобасының жетекшісі Захира Бегалиева.

Әлеуметтік тәжірибеге қаланың кез-келген түрғыны қатыса алды. Тәжірибенің шарты - тас қараңғыда түскі ас ішу. Қатысушылар тағамды тек дәм сезу мүшелері арқылы сезіп-таныды.

"Бұл бір ерекше сезімдер болды, тас қараңғыға еніп, бірдеңені көріп қалуға тырысасың. Иістерді тауып, тәрелкелердің орнын сипап анықтауға тырысасың. Алайда дұрыс тамақтану, әрине, мүмкін болмады", - деп жобаға қатысушы Мұрат Туғанбаев өз сезімдерін жылы жүзбен әңгімелеп берді.

Қазақстанда мұндай тәжірибенің алғаш рет өткізілгендігін атап өткен жөн. Ол басқа елдерде тәжірибеден өтіп, оң нәтижесін беруде.

Акцияның ұйымдастырушылары Талдықорғанда өткізілген бастаманың өзге аймақтарға таралып, жүйелі негізде өткізіліп тұратын шараға айналуынан үмітті.

Ақпарат негізіне nur.kz. порталының мақаласы алынды:

(https://www.nur.kz/1717284-v-taldykorgane-poprobovali-temnotu-na-vkus.html).

Поделиться страницей: