Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

8 шілде 2022 ж.

Солтүстік Қазақстан облысының мектептерінде инклюзивті оқу-ағарту бойынша трениңдер басталды

«АРДОС-Жүрек» мүгедектігі бар адамдар бірлестігі 4000-нан астам мүгедектігі бар бала тұратын Петропавл қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысының мектептерінде инклюзивті білім беру қағидаттарын ілгерілетіп жатыр. Жоба «Шеврон» компаниясымен серіктестікте Орталық Азияның Еуразия Қорымен «Qolda 4.0» жедел көмек бағдарламасы шеңберінде іске асырылып жатыр.

Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының қолдауымен өңірдің мектептері мен колледждерінде команда «Маған теңдей қара» атты 10 практикалық трениң өткізді. Студенттер мен оқушылар мүгедектігі бар адамдармен қарым-қатынас этикасымен танысып, іс жүзінде тірек-қимыл аппараты немесе көру қабілеті бұзылған адамға жағдаяттық көмек көрсетуді үйренді.

Жоба жетекшісі Ақжан Кәрім мұндай кездесулер мен практикалық трениңдер оқушылардың әлеуметтік жауапкершілігін арттырып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін салауатты бәсекелестік ортаны құруға көмектесетінін атап өтті. 

Сондай-ақ, команда облыстың 150 инклюзивті білім беру мекемелеріне мониториң жүргізді. Оның қорытындысы бойынша мектептер мен колледждердің 80% - ы мүгедектігі бар адамдардың барлық санатына қолжетімсіз. Педагог-ассистент, дефектолог, сурдопедагог сияқты арнайы педагогтардың жетіспеушілігі байқалады. Мектептерде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды сапалы оқыту үшін заманауи жабдықтар жоқ. Өңірдегі 4000 мүгедекдігі бар баланың жартысы жалпы білім беретін мектептерде, екінші жартысы үйде немесе арнайы білім беру мекемелерінде оқиды.

Команда инклюзивті білім беру саласындағы 1650 педагог арасында сауалнама жүргізді. Сауалнамаға жауап берген педагогдың 60%-ы инклюзивті білім беру бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтпеген және ақпараттық-ресурстық қолдау алғысы келеді.

«Біз Қазақстандағы инклюзивті білім беруді дамытудың нақты көрінісін көрдік, ол проблемаларды ғана емес, одан әрі жұмыс істеу мүмкіндіктерін де көрсетеді. Біз инклюзивтік білім беруді адамдардың белгілі бір санатына емес, барлығына қажет екенін түсіну үшін инклюзивті білім беруге деген көзқарасты өзгерткіміз келеді», – деді «АРДОС-Жүрек» жетекшісі Ақжан Кәрім.

Байланыс:

Ақжан Кәрім, «АРДОС-Жүрек» жобасының жетекшісі

тел.:  8 705 183 25 09

Жания Хаирова, «Qolda» бағдарламасының коммуникация бойынша менеджері

zhaniyaenu@gmail.com

_________________________________

«Qolda» жедел көмек бағдарламасы Орталық Азияның Еуразия Қоры және «Шеврон» компаниясының серіктестігімен жүзеге асырылып отыр.

ОАЕҚ – 2005 жылы аймақта құрылған үкіметтік емес ұйым. ОАЕҚ жергілікті қауымдастықтарды нығайту мен азаматтық және экономикалық әл-ауқатын жақсарту арқылы, азаматттардың өз болашағын құруда белсенді қатысуға көмектесу үшін қоғамдық және жеке ресурстарды жұмылдырады.

«Шеврон» – дүниежүзіндегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз табысты да тұрақты әлем құруда қолжетімді, сенімді әрі таза энергияның рөлі зор деп санаймыз. «Шеврон» мұнай мен табиғи газ шығарады, транспорттық отын, жанар-жағармай және мұнайхимия өнімдерін өндіреді, бизнес пен саланы жетілдіретін технологияларды дамытады. Біз өз операцияларымыздағы көміртегі көлемін төмендетуге және дәстүрлі бизнес бағыттарымызбен қатар көміртегі аз бизнесті дамытуға ұмтыламыз. «Шеврон» туралы қосымша ақпаратты www.chevron.com сайтынан табуға болады.

 

 

Поделиться страницей: