Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

22 маусым 2016 ж.

Балабақша-Мектеп сабақтастығы: үрдіс басталып кетті

25-30 сәуір аралығында Құрық ауылында «Step bу Step» технологиясы бойынша балабақшалардың жоғарғы топтары мен мектепке дейінгі топтарының тәбиешілеріне арналған педагогикалық этика және балаға білім беру үрдісіне ата-аналардың белсенді араласуын қамтамасыз етудің кейбір жолдары бойынша тренинг өткізілді. Тренингті «Step by Step» ҚҚ-ның директоры Дина Айджанова, сарапшы Сауле Бейсенбаева, арт-терапия маманы Марина Курманова мен психолог Зура Дамекова өткізді.

«Тренинг өте керемет өтті деп ойлаймын. Тренингте балаларға арналған қызықты кітап шығаруды, ата-аналармен тиімді жұмыс жасауды, жеке баланы бақылауды, сабақта қолданатын ойындарды түрлендіруді үйрендім. Басқа тақырыптардағы тренингтерге қуана қатысар едім. Алдағы уақытта жұмысымда пайдалануға тырысамын», - дейді тренингке қатысушы (Step by Step педагог).

«Step by Step» мектепке дейінгі және бастауыш білім беру жүйесінде кеңінен қолданылатын және әлемдік педагогиканың ең үздік дәстүрлері мен қасиеттері үйлесім тапқан технология. Бұл технология педагогтің қызметіне демократиялық және гуманистік қағидаларды ендірудің тиімді шешімдерін ұсынады, ұлттық білім беру бағдарламасын жаңа әдістермен байытады, заманауи талаптарға сай баланың тұлға ретінде қалыптасуы мен жеке дамуын қалыптастырады. Сондай-ақ, баланың білім алу үрдісіне жанұяның белсенді атсалысуын қамтиды. «Step by Step»  технологиясы сыныптың орталығы «бала» екендігін, ал сабақ баланың мүмкіншіліктерін ашуға бағытталғанын басты назарға ала отыра, білім беру ортасын қалыптастырады.

16-21 мамыр аралығында Монтессори жүйесінің математика бөлімі бойынша тренинг өткізілді. Балабақшалардың оқытушылары сенсорика мен математика бөлімдері бойынша ақпарат алып, балалармен жұмыста қолдануды үйренді. Тренингті «Монтессори класының» маманы Гүлдана Казбекова өткізді.

«Монтессори жүйесінің алғашқы тренингіне қатысуымнан алған әсерім жақсы. Көптеген нәрсені көзбен көріп, қолмен ұстап үйренуге негізделген екен. Монтессори жүйесі дәстүрлі оқыту жүйесіне кедергі болмайды деп ойлаймын, бірақ көрнекі құралдар керек. Көрнекі құралдармен түсіндірген нәрсе баланың есінде ұзақ сақталады. Мысалы, математика сабағын алатын болсақ, Монтессори құралдарын пайдалану - мұғалімнің тақырыпты түсіндіруін жеңілдетеді және балаға да өте қолайлы деп білемін. Сондай-ақ, сабырлы болуға үйретеді екен»-деп тренингке қатысушылардың бірі өз ойын білдірді (Монтессори-педагог ).

«Монтессори» әлемдегі бала дамытудың ең үздік жүйелерінің бірі болып табылады. Тренингтер 3-6 жастағы балаларға арналған монтессоридің математикаға арналған құралдарымен танысуға, меңгеруге бағытталады. Балалар өз көз алдарына елестете алмайтын нәрселерді есте сақтай алмайды, ал Монтессори құралдары арқылы барлығын қолмен ұстап, сезе отыра, баланың сенсомоторлы қажеттіліктері өтеледі. «Монтессори» жүйесімен оқытылатын бала үшін туған тілін меңгеру қандай оңай, табиғи нәрсе болса, математиканы да меңгеру соншалықты оңай болады.

«Бірге өсеміз!» мектепке дейінгі білім беру сапасын жақсарту бастамасы Құрық ауылында ERSAI Caspian Contractor LLC  компаниясының қолдауымен 2013 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді. Қазіргі тааңда жобаға Құрықтың 6 балабақшасы қатысуда. Барлығы 10 «Step bу Step» тобы мен 5 «монтессори» сыныбы жұмыс істеп жатыр. Осылайша Құрық ауылы балаларының 90%-ы «Бірге өсеміз!» бағдарламасы аясында заманауи тиімді білім беру технологиялары мен әдістерімен білім алуда.

2016 жылы аталмыш бағдарлама үздіксіз  білім беру үрдісін қамтамасыз етуді, яғни балабақшалар мен бастауыш мектеп арасында мирасқорлықты орнату, бүлдіршіндердің балабақшадан мектепке күйзеліссіз өтуі, баланың орта білім беру жүйесінің ерекшеліктеріне тез бейімделуі сияқты мәселелерді шешуді мақсат етіп алды.  2016 жылы «Step by Step» және «Монтессори» технологияларды ендіру жалғасын табуда.

Аталмыш бағдарламаның жалғасы ретінде  бастауыш білім беруді жетілдіруге арналған «Бірге жұмылып, білімге талпынайық!» бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Құрық ауылының 6 мектебі -  бағдарламаның  қатысушылары. Бұл мектептердің бастауыш сынып мұғалімдері мен әкімшіліктері үшін осындай тренингтер ұйымдастырылып жатыр. 

Поделиться страницей: