Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

23 қыркүйек 2022 ж.

Өскеменде стихиялық қоқыс орындары проблемаларын шешу үшін «Таза қала» сайты іске қосылды

«Эмир» ҚҚ «Таза қала» жобасының сайтын іске қосты. Ол Өскемен қаласының аумағында қоқысты шығару және кәдеге жарату, сондай-ақ рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын орындармен байланысты мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік береді. Платформа қаладағы ең үлкен проблеманы – стихиялық қоқыс орындары мен қоғамдық кеңістіктерді тазарту мәселесін шешу үшін қала тұрғындарының, мемлекеттік органдары мен билік өкілдерінің өзара әрекеттестігін жолға қоюға мүмкіндік береді. Жобаны Орталық Азияның Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте «Qolda 4.0» жедел көмек бағдарламасы шеңберінде іске асырып жатыр.

Команда сайт көмегімен азаматтардың өтініштерін жинап, мемлекеттік органдарға жіберіп қана қоймай, қоқыс жинау мәселелерінің қаншалықты тиімді шешілгенін бақылауды жоспарлап отыр. Сайтта келіп түскен әрбір өтініш бойынша ТКШ бөлімдерінің жауаптары және олардың статистикасы жарияланатын болады. Сайттың жұмысы қоқыс жинаудың шешілмеген мәселелері үшін қоғамдық сынға жиі ұшырайтын жергілікті органдар жұмысының тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.

«Жобамыздың идеясы қалалық информациялық алаңды бақылауға негізделген. Қала тұрғындары күн сайын әлеуметтік желілерде стихиялық қоқыс орындарының мекен-жайын көрсете отырып, посттар мен сториз жариялайды. Бірақ әлеуметтік желілердегі жарияланымдар ресми жүгіну болып саналмайды. Біз адамдарда ЭЦҚ болмаса немесе eOtinish платформасы арқылы жүгіну мүмкіндігі болмаса да, мемлекеттік органдарға жүгінуге мүмкіндік беретін құралды әзірледік», – деп атап өтеді қор директоры Сергей Елагин

Оған қоса, қор командасы әртүрлі қоғамдық эко іс-шараларды – сенбіліктерді, тақырыптық кездесулерді, марафондарды – ұйымдастыруға көмек көрсетеді. Команда қала тұрғындары Өскеменнің өміріне белсенді қатысуға дайын, ал мемлекеттік органдар жобаны қолдап, қаланы тазалау және абаттандыру бойынша тиімді шешім таба алады деп санайды. Жобаның ұраны – «Өскеменді бірге тазалайық»!

Байланыс:

Сергей Елагин, «Эмир» ҚҚ директоры,

8705 173 08 13

Жания Хаирова, «Qolda» бағдарламысының коммуникация менеджері

zhaniyaenu@gmail.com


«Qolda» жедел көмек бағдарламасы Орталық Азияның Еуразия Қоры және «Шеврон» компаниясының серіктестігімен жүзеге асырылып отыр.

ОАЕҚ – 2005 жылы аймақта құрылған үкіметтік емес ұйым. ОАЕҚ жергілікті қауымдастықтарды нығайту мен азаматтық және экономикалық әл-ауқатын жақсарту арқылы, азаматттардың өз болашағын құруда белсенді қатысуға көмектесу үшін қоғамдық және жеке ресурстарды жұмылдырады.

«Шеврон» – дүниежүзіндегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз табысты да тұрақты әлем құруда қолжетімді, сенімді әрі таза энергияның рөлі зор деп санаймыз. «Шеврон» мұнай мен табиғи газ шығарады, транспорттық отын, жанар-жағармай және мұнайхимия өнімдерін өндіреді, бизнес пен саланы жетілдіретін технологияларды дамытады. Біз өз операцияларымыздағы көміртегі көлемін төмендетуге және дәстүрлі бизнес бағыттарымызбен қатар көміртегі аз бизнесті дамытуға ұмтыламыз. «Шеврон» туралы қосымша ақпаратты www.chevron.com сайтынан табуға болады.

Поделиться страницей: