Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

5 шілде 2016 ж.

Өскемен қаласындағы жаңа бала-бақша құрылысына кірісті

Бүгін Өскеменде 140 орынды болашақ бала-бақша орнында капсула салу рәсімі өтті. Бұл құны 405 млн. теңгені құраған әлеуметтік жоба 2014 жылы Өскемен әкімдігі, Қазақстандағы AES компаниялар тобы мен «Орталық Азияның Еуразия Қоры»  арасында корпоративті әлеуметтік жауапкершілік бойынша өзара қызметтестік туралы меморандумға сай іске асып отыр.

Қол қойылған Меморандумға сай бала-бақша құрылысы үшін орын Өскемен қаласы әкімдігімен қала дамуы бас кестесіне сай Машиностроителей (Арматура зауыты ауданында)  көшесі бойынша анықталды, осы жолы ықшамаудан тұрғындары үшін осы әлеуметтік нысанның жоғары қажеттілігін ескерген болатын. Құрылыс аяқталған соң, бала-бақша ғимараты қалаға сыйға еш ақысыз табысталатын болады.

Рәсімге Шығыс Қазақстан  облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар, Өскемен қ. Әкімі Ерлан Аймұқашев, Қазақстан бойынша AES корпорациясының вице-президенті Дүйсен Мерғалиев, «Орталық Азияның Еуразия Қоры» атқарушы директоры  Ринад Темірбеков, қалалық әкімдік өкілдері қатысты.   

Рәсімді аша отырып, Дүйсен Марғалиев былай деді: «Бұл ШҚО тұрғындарына сыйға тартылатын екінші бала-бақша болмақ, осыдан бұрын 160 орынды бала-бақшаны Семейге сыйға тартқан болатынбыз. Осы жылы Қазақстандағы AES компаниясының жұмысына 20 жыл толады, ол Өскемен ЖЭО-да №12 турбоагрегаттың іске қосылуымен ерекшелетініне қуаныштымын. Оған енді осы маңызды әлеуметтік жоба да қосылады».  

«Осы бала-бақшаның индустриалды аймақтағы құрылысы жайдан-жай емес, 2011 жылы зерттеулер жүргізіліп, ол қалада ғана емес, индустриалды аймақтардағы ірі бала-бақшалардың тапшылығын көрсеткен болатын. Осы бала-бақша Өскемендегі бала-бақшалар проблемасын шешуге өзінің қомақты үлесін қосады деген сенімдеміз», - деді ОАЕҚ атқарушы директоры Ринад Темирбеков

Өскемен әкімі Ерлан Аймұқашев: «Мемлекет еліміздің болашағы – балаларға үлкен мән береді. Олардың қаншалықты дайын, әрі білімді болуынан мемлекетіміздің сәттілігі байланысты. «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» және «100 нақты қадам» Ұлт жоспары үндеуінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев тағы бір қайтара мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруді атап айтқан болатын. Өскемен қаласында 52 мектепке дейінгі түрлі формалы  ұйымдар қызмет атқарғанына қарамастан, мектепке дейінгі мекемелерге әлі де қажеттілік өзекті болып қалуда. Болашақта жеке-мемлекеттік серіктестік негізінде және Қазақстандағы AES компаниялар тобы мен «Орталық Азияның Еуразия Қоры» қолдауымен бала-бақша салынып, қолданысқа қосылатын болады, ол болса Арматуралық зауыт ауданындағы мектепке дейінгі ұйымға деген қажеттілікті жабуға мүмкіндік береді».

Поделиться страницей: