Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

1 қазан 2024 ж.

Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын

Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) каталитикалық қаржыландыру ретінде $500 000 алып,
2 қыркүйек 2024 ж.

«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола

Орталық Азия Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте 2022 жылдан бері

23 желтоқсан 2015 ж.

Шығыс Қазақстан облысындағы интеграцияланған арнайы әлеуметтік қызметтер моделі: қоғамдық мониторинг нәтижелері

Шығыс Қазақстан облысы аумағында «ШҚО-дағы интеграцияланған арнайы әлеуметтік қызметтер моделі - жүйе басқарудағы тұтынушыға бағдарлану» жобасы жүзеге асырылуда.

Жоба барысында «ЗУБР» ӘКҚ мамандары әлеуметтік қорғау, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы арнайы әлеуметтік қызмет көрсету сапасы мен тиімділігіне Қоғамдық мониторинг жүргізді. Мониторингінің негізгі магистральдық жүйелері келесілер болды:
- Арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсетушілер мен тұтынушылар арасында жүргізілген «айналық» пікіртерім (қызмет көрсетушілер мен тұтынушылар «көзімен» қарағандағы арнайы әлеуметтік қызметтердің сапасы мен тиімділігі туралы толыққанды және нысаналы ақпарат жиналды);
- Зырян және Өскемен қалаларында арнайы әлеуметтік қызмет көрсету үдерісіне тартылған әлеуметтік қорғау салалары мемлекеттік мекемелерінің, білім беру және денсаулық сақтау, ПМПК, МСС, ҮЕҰ және өзге салалар мамандарымен фокус-топтарын өткізу.
Оған қоса, жоба аясында Риддер қаласы мен Глубокое кентіндегі түзету кабинеттері, ПМПК, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері, денсаулық сақтау басқармасы, Өскемен қаласы емханаларының медицина қызметкерлерінің қатысуымен бірқатар сарапшылық кездесулер мен «ой жарыс» өткізілді. 
Осы кездесулердегі ең өзекті мәселелер – тікелей қызмет көрсетушілердің (әлеуметтік қызметкерлер, медицина қызметкерлері мен әлеуметтік педагогтар) өзара қарым-қатынас жасауындағы түрлі аспектілер, құжаттарды рәсімдеудің процедуралық мәселелері, мүгедекті сауықтырудың жеке бас бағдарламаларының жүзеге асырылуы, күш біріктірудің оптималды механизмдері, қызметтерді интеграциялау болды.
Түрлі мүдделі тараптарды тарта отырып жүргізілген тиянақты талдау жұмысы «ЗУБР» ӘКҚ мамандарына зерттеліп отырған үш сала бойынша арнайы әлеуметтік қызмет көрсету үдерісі сұлбасының және тұтынушымен қарым-қатынас жасау үдерісі негізінде интеграцияланған арнайы әлеуметтік қызмет көрсетудің бірыңғай сұлбасы жобасын жасап шығаруға мүмкіндік берді. 
Оған қоса, нормативтік-құқықтық актілерге өзгеріс енгізу бойынша ұсыныстар, ауыр өмірлік жағдайға тап болған тұлғаның (отбасының) Жеке картасы жобасы жасап шығарылды. Аталған құжаттар кең ауқымды сарапшылық талқылауға, оның ішінде Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жанынан құрылған арнайы әлеуметтік қызметке зәрулікті бағалау және анықтау тәртібін қайта қарастыру, арнайы әлеуметтік қызметтің интеграцияланған моделін енгізу, арнайы әлеуметтік қызмет құнын анықтау бойынша Жұмыс тобы мүшелеріне де шығарылды. 

[1] Аталмыш жоба  Орталық Азияның  Еуразия қоры мен  USAID қолдауымен «Тиімді басқаруды қолдау бастамасы» бағдарламасы аясында  жүзеге асырылуда.

Поделиться страницей: