Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

1 қазан 2024 ж.

Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын

Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) каталитикалық қаржыландыру ретінде $500 000 алып,
2 қыркүйек 2024 ж.

«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола

Орталық Азия Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте 2022 жылдан бері

17 қараша 2015 ж.

Шымкентте Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының ҮЕҰ-на арналған эдвокаси бойынша семинар өтті

ШЫМКЕНТ – 2015 ж. 9-11 қыркүйек аралығында Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) Қазақстандағы Ұлыбритания Елшілігінің қаржылай қолдауымен қауымдастықтағы эдвокаси бойынша үш күндік семинар өткізді. Аталмыш семинар Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің қолдауымен жүзеге асатын«Адам құқықтары жөніндегі реформаларды насихаттау үшін Оңтүстік Қазақстанның ҮЕҰ мүмкіндіктерін күшейту» жобасы шеңберінде ұйымдастырылды.

Семинар ҮЕҰ желісінің жергілікті бенефициарларға қауымдастықтағы эдвокаси бойынша көмек көрсетуде техникалық мүмкіндіктерін жақсартуға, сондай-ақ жергілікті, өңірлік және ұлттық деңгейде адам құқықтары саласындағы мүдделі тараптарды хабардар ету мақсатында құжаттарды және зерттеулерді жүргізу үшін деректерді жинаудың қажетті құралдары мен практикалық тәсілдерімен танысуға бағытталған.

Семинарға Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының ҮЕҰ-ның 26 өкілі (директорлары мен жоба үйлестірушілері) қатысты. Семинар тренері «Талдықорған құқық қорғау орталығы» ҚҚ Директоры Виктор Тен болды.

Тренер халықтың мәселелерін анықтау үшін қолданылатын деректерді жинау әдістері; мемлекеттік органдарға ресми сұрау арқылы деректерді жинау және оларға түсініктемелер алу; аталмыш мәселе бойынша қолданыстағы ұлттық заңнаманы талдау; мәселені ескере отырып, ұлттық заңнаманың адам құқықтарының халықаралық стандартарына сәйкестігі; барлық деректерді құрылымдау; эдвокаси кампаниялар сияқты тақырыптарды талқылады.

"Аталмыш семинар эдвокаси-кампанияға дайындық кезіндегі мақсаттарға жету үшін жүргізілуі қажетті жұмыстың ары қарайғы бағытын нақты анықтауға мүмкіндік берді", - деп "Вероника" әйелдер клубы ҚБ жетекшісі Варвара Найденова атап өтті.

Виктор Тен, семинар тренері: "Соңғы жылдары үкіметтік емес ұйымдардың қызметі неғұрлым мағыналы, өзекті және қажет болуда. Бүгінгі таңда ҮЕҰ жекелеген аймақтардың және тұтастай ел дамуында маңызды рөл атқаратын айтарлықтай ресурс болып табылады. Орталық және жергілікті билік органдары мемлекеттің дамуындағы ҮЕҰ рөлін мойындайды, тіпті кейбір мәселелерде үкіметтік емес сектор өкілдерінің пікірі мен сараптамасын басшылыққа алады. ҮЕҰ тарапынан диалог құру құралының бірі эдвокаси болып табылады".

Семинарға қатысушылар үш күн барысында әлжуаз топтардың мәселелерін талдауға және олардың жағдайын жақсарту бойынша нақты мақсаттарды анықтауға бағытталған оқу кешенін тамамдады. Бұл өз кезегінде жергілікті ҮЕҰ-дың өз фокус топтарында эдвокаси кампаниялар бойынша кәсіби біліктілігін арттыруға септігін тигізеді. 

Қосымша ақпарат үшін Ақмарал Қарлыбаева, Орталық Азияның Еуразия Қоры жоба менеджеріне, тел. + (727) 250-18-10 (ішкі 130), akmaralk@ef-ca.org, немесеҚарлығаш Жаманқұлова, ҚР Еуропалық Одақ Өкілдігінің баспасөз-хатшысына,.+(7172) 97-11-48, karlygash.jamankulova@eeas.europa.euхабарласыңыз.

 

Поделиться страницей: