Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

1 қазан 2024 ж.

Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын

Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) каталитикалық қаржыландыру ретінде $500 000 алып,
2 қыркүйек 2024 ж.

«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола

Орталық Азия Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте 2022 жылдан бері

19 сәуір 2016 ж.

Шымкенте жастардың репродуктивті құқықтары бойынша тренингтер өтті

2016 жылдың 6-7 сәуірде ҚБ Орталық Азияның Еуразия Қорының басшылығымен Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің қаржыландыруымен «Интеллект» ОҚО Экономикалық және азаматтық білім беру орталығы» «Адам құқықтары реформаларын насихаттауда Оңтүстік Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының мүмкіндіктерін арттыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Өтпелі жастағы жастардың репродуктивті денсаулығы және оларды өз мүдделері мен құқықтарын қорғау үдерісіне тарту» атты екі күндік семинар-тренингін ұйымдастырды.

Семинар-тренинг өтпелі жастағы жастардың өзінің репродуктивті және денсаулық құқықтарын қорғау туралы білімдерін арттыруға бағытталған. Тренинг аясында қатысушылар репродуктивті денсаулықтың негізгі ұғымдары және құқық, сапалы медициналық қызметке қолжетімділік құқығы, жыныстық жолмен берілетін аурудың алдын алу, өтпелі жастағы репродуктивті денсаулық саласындағы халықаралық және ұлттық заңнама базасымен және т. б. танысты.
Тренингке Шымкент қаласының жоғары сынып оқушылары мен жастары қатысты, саны-30 адам.

Поделиться страницей: