Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

1 қазан 2024 ж.

Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын

Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) каталитикалық қаржыландыру ретінде $500 000 алып,
2 қыркүйек 2024 ж.

«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола

Орталық Азия Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте 2022 жылдан бері

1 маусым 2015 ж.

Мектеп инновациялары бастау алуда

Өткен аптаға ОАЕҚ командасы «Кока Кола Алматы Боттлерс» компаниясымен бірлестікте, Ақмола облысы Аршалы ауданының орта мектептерін аралап қайтты. Осы сапардың мақсаты ауылдық мектептердің материалды-техникалық базасының, сондай-ақ олаға тиесілі спорттық ғимараттардың ағымдағы жағдайын терең түсіну үшін ауылдық мектептерді аралау болып табылады. Аралау үшін ауданнан 19 мектеп таңдалды (28 мектеп ішінен), олар экотуризм, скауттық лагерлер, әскери-спорттық жаттығу, түрлі клубтар, спартакиада және тағы басқа бағыттарды қосатын 20 ерекше шағын жобаларды ұсынды.

 

Шолу сапары Аршалы ауданы мектептерінің жағдайының нашар екенін көрсетті. Көптеген мектептерде дене шынықтыру пәнін толыққанды өткізуге қажетті спорттық инвентарьдың жоқ болып шықты (90% дейін). Көптеген залдар толық және косметикалық жөндеулерді қажет етеді. Ойын алаңдары қоршалмаған, арнайы жабындысы жоқ немесе жағдайы нашар.

«Біздің мектепке спортты дамыту мен оқушыларды салауатты өмір салтына оқу бойынша оң баға берілді. Дегенмен де, шаңғыға дайындау және қысқы ойын түрлері бойынша (хоккей, коньки) сабақтарға арналған инвертардың жоқтығынан, мектеп дене шынықтыру мәдениеті мен спорт бойынша мемлекеттік бағдарламаны толық көлемде орындамайды»,- депВячеславский ОМ дене шынықтыру пәнінінң мұғалімі Савватиев В.И. атап өтті.  Менің ойымша, «3.2.1. – СТАРТ!» жобасының байқауына қатысу арқылы біздің мектеп пен Аршалы ауданының мектептерінің дене шынықтыру пәндерінің ұстаздары арасында спорттық база толығады, балалар өзінің мүмкіндіктерін жаңа спорт түрлерінде жүзеге асыра алатын және өздерінің сүйікті спорт түрлерін бойынша қалыптасқан қабілеттерін тереңірек жетілдіре алатын болады.Орталық Азияның Еуразия Қорына, «Кока Кола Алматы Боттлерс» компаниясына өткізілген тренингтер және Аршалы ауданының білім беру орындарының спорттық ғимараттары инфрақұрылысының ары қарайғы дамуы үшін үлкен алғыс білдіремін».

 

Шолу сапары мектептердің материалды-техникалық қамтамасыз етілуінің жақсаруына, ауылдағы спорт саласында мектептегі қызметтер сапасының артуына бағытталған ОАЕҚ «3.2.1. – СТАРТ!» жобасы компонеттерінің бірі болып табылады. Жоба «Кока Кола Алматы Боттлерс» компаниясының қаржылық қолдауымен жүзеге асады.

 

 

Поделиться страницей: