Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

29 желтоқсан 2015 ж.

Шекараларды кеңейте отырып

2014 жылдың наурызында «Шеврон» компаниясымен қолдауымен «ҮЕҰ саласындағы сарапшылардың әлеуетін дамыту бастамасы» жобасы шеңберінде Орталық Азияның Еуразия Қорымен ұйымдастырылған «Тиімді вебинарды өткізу» тақырыбындағы вебинарға қатыстым.

Сол жылдың мамыр айында «Әлеуметтік серіктестік арқылы ҮЕҰ дамыту» тақырыбындағы вебинарды өткізуге ОАЕҚ байқау жариялады. Менің өтінімім өтіп, жоғары дәрежелі тренер Махаббат Еспенованың кәсіби қолдауының арқасында мен «Әлеуметтік серіктестік арқылы ҮЕҰ дамыту» вебинарын жүргізе алдым. Өткізген вебинар Қазақстанның барлық аумағындағы ҮЕҰ өкілдерінің жоғарғы бағасын алды.

Мен осымен тоқтап қалмадым, алынған білімдер мен дағдылармен бөлісу керек, оларды ары қарай дамыту керек. Сондықтан біз Алматы облысының Ішкі саясат басқармасының  ҮЕҰ институционалдық дамуына арналған шараларды ұйымдастыруға бағытталған, соның ішінде вебинарларды өткізу, «ҮЕҰ мектебі» мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс байқауына қатыстық және оны жеңіп алдық.

2015 жылы маусымда Алматы облысы ҮЕҰ өкілдері үшін «ҮЕҰ дамуы үшін әлеуметтік серіктестік» тақырыбында вебинар ұйымдастырдық. Вебинарға қатысуға қызығушылық танытқандар көбірек болды, бірақ көптеген ҮЕҰ өкілдерінің компьютер мен Интернетке қол жетімділігі төмен.

Сонымен қатар, 2015 жылы мамыр айында Натан Коус өткізген, ҮЕҰ үшін кәсіпкерлік қызметті дамытуға бағытталған ОАЕҚ ұйымдастырған вебинарлары ұнады. Мен маркетинг шеберімен, табысты өсіру бойынша маман, табысты консультант, «Израильдың ең үздік бизнес-тренері» дәрежесінің иегерімен тілдесуден үлкен рахат алдым. Алынған білімдер мен дағдыларды мен өзімнің ҮЕҰ өкілдеріне арналған семинарлар, тренингтер мен вебинарларда қолдануды, сондай-ақ қоғамдық бірлестік үшін әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мүмкіндігін көруді жоспарлаудамын.

Меніңше, сіз жүзеге асыруды армандайтын идеялар табысының негізі оларды жүзеге асырудың жолдарын үнемі іздеу болып табылады. Өз арманыңызды дамыту үшін кез келген мүмкіндікті қолданыңыз (менің жағдайымда бұл Орталық Азияның Еуразия Қорының вебинарларға қатысу туралы шақыртуы). Өз арманыңызға берік болыңыз.

Барлық қызығушылық танытқандарға өз армандарының орындалуын тілеймін!

Орталық Азияның Еуразия Қоры мен «Шеврон» компаниясына азаматтық қоғамды дамытуға көмектесетін пайдалы жобалары үшін рахмет!

Исаева Нуржауар 

биология ғылымдарының кандидаты, экономика профессоры, педагог,

Орталық Азия Университетінің жоба үйлестірушісі,

 «Инновациялық тәжірибелер» ҚБ Басқармасының төраға орынбасары (Алматы облысы)

Бұл табыс тарихы жоба қатысушысы Иссаева Нуржауардан алынды.

Жоба қатысушының Фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасына сілтеме https://www.facebook.com/nuzhauar.issayeva?fref=ts

Поделиться страницей: