Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

19 маусым 2015 ж.

Ауылдық ҮЕҰ тұрақты даму негіздерін оқып үйренуде

Өскемен, Қазақстан – Бүгін Өскемен қаласында 17-19 маусым аралығында өткен ауылдық ҮЕҰ мен бастамашыл топтарға арналған «Қоғамдық ұйымдардың тұрақты дамуы» атты тренингі мәресіне жетті.

Тренинг Қазақстандағы «Шеврон» компаниясымен серіктестікте жүзеге асатын «ҮЕҰ саласындағы сарапшылар әлеуетін дамыту бастамасы» жобасы шеңберінде, Almaty Management University (ALMA University) жанындағы ҮЕҰ Сараптама Орталығы мен  Орталық Азияның Еуразия қорының қолдауымен өткізілді. Тренинг қатысушылары – ауылдық ҮЕҰ мен бастамашыл топтардың өкілдері қоғамдық сектордағы жұмыс пен қоғамдық ұйымдарды дамыту қабілеттеріне оқытылды. Тренингте мынадай мәселелер қарастырылды:

  • үшінші сектор ерекшеліктері,
  • ұйымдастырушылық жоспарлау,
  • жоба өтінімін әзірлеу.

 

«Қоғамдықтық ұйымдардың тұрақты дамуы» атты 3 күндік тренингте біз өзіміздің жұмыста қолданатын теориялық және практикалық ақпарат алдық. Алынған білімдер біздің ұйымға жобаны әзірлеу мен жүзеге асыруға септігін тигізетін болады. Осындай тренингтер тек қана қызметін енді бастап келе жатқан ҮЕҰ үшін ғана емес, сондай-ақ тәжірибесі мол, бірақ дамымай жатқан ҮЕҰ үшін де өте пайдалы. Аталмыш тренингтің ұйымдастырушылары және тренерлер Абулова Мунира мен Сафонова Надеждаға алғысымыз шексіз», - деп тренингтің бір қатысушысы - «Жаншуақтай» Қоғамдық бірлестігінің өкілі, Тоқсанбаева Гүлнар Жуанханқызы өз ойымен бөлісті.

«ҮЕҰ саласындағы сарапшылар әлеуетін дамыту бастамасы» атты ОАЕҚ жобасы халыққа тиімді қызмет көрсету үшін ҮЕҰ секторының жұмысын институционалды даму арқылы жетілдіруге бағытталған. ҮЕҰ сарапшылары әлеуетін жақсарту мақсатында, ҮЕҰ көшбасшылары мен тренерлеріне арналған тренингтердің сапасын жақсарту жобаның басым міндеттерінің бірі болып табылады.

Поделиться страницей: