Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

1 қазан 2024 ж.

Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын

Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) каталитикалық қаржыландыру ретінде $500 000 алып,
2 қыркүйек 2024 ж.

«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола

Орталық Азия Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте 2022 жылдан бері

11 сәуір 2017 ж.

Сапалы жобалар жазуды үйренеміз

"Шырақ" Мүгедектігі бар әйелдер ассоциациясы" 10-11 сәуірде Алматы қаласында Алматы облысы, Астана және Қостанай қалаларының мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс жүргізетін үкіметтік емес ұйым қызметкерлеріне арналған "Сапалы жобалар жазуды үйренеміз" тренингін өткізуде.

Тренинг интербелсенді формада, тыңдаушылардың белсенді қатысуымен өткізіліп жатыр. Тренер Захира Бегалиева қызықты практикалық тапсырмалар мен жаттығулар беруде. Қатысушылардың көпшілігі донорлық ұйымдарға бірнеше рет өтінім бергендерімен, қажетті құжаттарды рәсімдеудегі білім мен қабілеттің жетіспеушілігі, бюджетті дұрыс жоспарлай алмау, логикалық шеңберді құрастыра алмау және міндеттерді нақтылай білмеу гранттарды жеңуге кедергі болғанын жасырмады.

"Мен өзімнің осы тренингке қатысып жатқаныма өте қуаныштымын, маған жобалар мен өтінімдер жазуды үйрену керек, себебі мен өзімнің әлеуметтік кәсіпорным - массаж кабинетін ашуды жоспарлап отырмын және мүмкіндігі щектеулі жандарды жұмысқа қабылдайтын боламын", - деп тренингке қатысушылардың бірі, бірінші топтағы мүгедек Элла Петровец (Талғар қ.) өз ойымен бөлісті.

Тренинг келесі тақырыптарды қамтиды:

- фандрайзингтің негізгі мақсаттары мен түсініктері: әлеуметтік жобалар мен ұйым қызметін қолдауға қаражат жинау;

- донорлармен ұзақмерзімді қарым-қатынас орнату; мақсатты аудитория - анықтау және ықпал ету; 

- қажеттіліктерді және мақсатты аудиторияның мәселелерін сараптау арқылы жобаның міндеттерін құрастыру ережелері;

- жобаның мақсаттары мен міндеттерін нақты көрсету: айырмашылығы неде және қалай шатастырмау керек?

- жобалардың жоспарын құрастыру және оны іске асыру кезеңдері, жобаның бюджетін неден бастау қажет?

- шығыстар бабы және қажетті ресурстар, ҮЕҰ қызметінің тиімділігін, сапасы мен ашықтығын арттыру құралы ретіндегі жобаны бағалау мен мониторингілеу. 

Поделиться страницей: