Подпишитесь на наши новости:
Жаңалықтар
другие Жаңалықтар
Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын
«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола
29 желтоқсан 2015 ж.
Құрықтың жас оқушысы «Туады ерлер - Ел үшін» республикалық байқауында жеңіске жетті
9-11 қыркүйекте Семей қаласында Қазақстанның мектеп оқушылары арасында Республикалық Абай оқулары өтті. Бірінші орынды Құрық ауылының № 6 орта-мектебінің 6 «А» сыныбының оқушысы Асар Доғдырбаев алды, жетекшісі – ұстазы Жұмажанова Балғаным.
Асар Ақтау қ. облыстық оқулар байқауының жеңімпазы болып табылады. Облыстық байқауда жүлделі орын алып, ол XV республикалық Абай оқуларына Семей қ. шақырылды.
Асар Құрық ауылындағы орта білім сапасын жақсарту бойынша ОАЕҚ жобасы шеңберіндегі барлық творчествалық байқауларға қатысты. Оның жетекшісі Балғаным Жұмажанованың сөзінше «Асар осындай жетістіктерге өзінің табандылығы, белсенділігі және бастама шеңберінде ұйымдастырылған көптеген байқауларға қатысқаны арқасында жетті».
ЕРСАЙ компаниясының қолдауымен қаржыланатын «Құрық ауылындағы орта білім беру сапасын жақсарту бастамасы» жобасы ұстаздарға кәсіби тренингтер өткізу, ата-аналарды мектеп шараларына қатыстыру арқылы және балалардың креативті ойлау,көшбасшылық қасиеттері мен оқуға деген мотивициясы мен қызығушылығын арттыру арқылы Құрық ауылдағы мектептер мен колледждегі білім сапасын жақсартуға бағытталған.