Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

3 тамыз 2017 ж.

Құрық балабақшаларының қызметкерлері әріптестерімен тәжірибе алмасты

Құрық, Маңғыстау облысы - 2017 жылғы 10-14 шілде аралығында "Степ бай степ" технологиясы және "Монтессори" әдісі бойынша Құрық ауылы балабақшаларының базасында Маңғыстау облысының тәрбиешілері мен әдіскерлеріне арналған тәжірибелік тренингтер өткізілді.

Тренингке облыс көлеміндегі 10 елді мекеннің мектепке дейінгі мекемелерінен 40 маман және 26 балабақша қызметкерлері қатысты. Ұйымдастырушыларға "Степ бай степ" технологиясы бойынша оқуға жалпы саны 21 және "Монтессори"  әдісі бойынша 29 келіп түсті.

"Степ бай степ" тренингінде қатысушылар технологияның негіздерімен, әр бір оқыту орталығының ерекшеліктерімен, олардың әрқайсысында пайдаланылатын тәжірибелік материалдармен танысты, техникалық карталар жасау мен оқу жылын жоспарлауды үйренді. Сонымен қатар қатысушыларға өз балабақшаларында жаңа технологиямен табысты жұмыс атқаруға мүмкіндік беретін әдістемелік материал табысталды.

"Монтессори" тренингіне қатысушылар базалық курсты, монтессори-шеңберді игеріп, "Монтессори" ортасымен танысты, ТӨЖ (тәжірибелік өмір жаттығулары) аймақтары мен Сенсориканың ерекшеліктерін зерттеді. Қатысушылардың әрқайсысы тәжірибе жүзінде аталған аймақтардағы негізгі материалдармен жұыс істеп, барлық базалық презентацияларды меңгерді. Келешекте өткізілетін 4 тренингте қатысушылар Тіл, Ғарыш және Математика аймақтарын, сондай-ақ Монтессори материалдары мен презентацияларын меңгереді деп жоспарлануда.

Үстіміздегі жылдың қазан айында қатысушылар Құрық ауылының бес балабақшасы  аясында үшкүндік тәжірибеден өтпек.

"Мен өзімнің "Степ бай степ" тәжірибелік тренингіне қатысу мүмкіндігіне ие болғаныма өте қуаныштымын. Барлығы жоғарғы деңгейде өтті. Мен "Степ бай степ" технологиясын білдім, ол балаларға өте пайдалы әрі тәрбиешінің жұмысын әлдеқайда жеңілдетеді. Тренингте алған бар білімімді жаңа ұрпақты тәрбиелеу мен дамыту жұмысымда пайдаланатын боламын. Педагогтар мен тренингті ұйымдастырушыларға алғысым шексіз. Жаңа тренингтерді тағатсыздана күтемін", - дейді "Степ бай степ" тренингіне қатысушылардың бірі Гүлмира.

"Мен "Монтессори" әдісі туралы көп естігендіктен осы тренингке келдім. Оның балалар үшін қаншалықты пайдалы екендігін мүлдем білмеген екенмін. 5 күн ішінде монтессори-амал туралы көп нәрсе үйрендім, ал, ең маңыздысы, тәжірибе жүзінде көрдім. Мен Монтессори-материалдарды алғаш көріп қана қойғам жоқ, олармен жұмыс жасап көрдім. Мен Монтессоридің барлық тренингінен өтіп, амал-әдістерді өз балабақшамда енгізгім келеді", - деп Монтессори әдісі бойынша тренингке қатысушы өз ойымен бөлісті.

Жергілікті сарапшылардың әлеуетін арттыру мақсатында оқытуды Құрық ауылы балабақшаларының (Айгөлек, Болашақ, Құлыншақ) "Степ бай степ" және "Монтессори" тренерлері жүргізді. Барлық 10 тренер де аталған әдістер бойынша тәжірибелі мамандар - олар "Бірге өсеміз" бағдарламасы аясында "Степ бай степ" және "Монтессори" әдістерін меңгерген алғашқы мамандар. Олардың жұмыстары 3 жыл бойы Қазақстанның жетекші сарапшыларымен мониторингтен өткізіліп келеді.

"Біздің тәрбиешілерден Монтессори және Степ бай степ бойынша қазақ тілді сарапшылар өсіп шыққанына өте қуаныштымын", - дейді ОАЕҚ-ның жоба жөніндегі маманы Ажар Нұрбай. - Бүгінгі тренерлер - осы тиімді әдістерді меңгеру жолында от пен суды кешіп, қиындықтарын көтерген ауылдың қарапайым әйелдері. Бұл біздің елімізге жетіспей тұрған дүние..."

Тренингтер "Бірге өсеміз" жобасының бесінші фазасы шеңберінде өткізіліп жатыр. Жобаның бесінші фазасы 2017 жылдың 24 мамырында қол қойылған "Маңғыстау облысының әкімдігі, Маңғыстау облысының білім басқармасы және ОАЕҚ арасында Маңғыстау облысында әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру мәселелері жөніндегі өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумды" жүзеге асыру мақсатында Маңғыстау облысында мектепке дейінгі білім беруде инновациялық әдістер арқылы білім таратуды көздейді.

 

Поделиться страницей: