Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

13 қыркүйек 2017 ж.

Құрық ауылында бизнес-идеялар конкурсы басталды

Орталық Азияның Евразия Қоры Маңғыстау облысында  ERSAI Caspian Contractor Company LLC компаниясының қаржылық көмегімен жүзеге асып жатқан «Құрық ауылында кәсіпкерлік әлеуетті дамыту» жобасының шеңберінде Құрық ауылы жастарының арасында бизнес-идеялар конкурсының басталғанын хабарлайды.

Жоба мақсаты: Құрық ауылы тұрғындары арасындағы кәсіпкерлік белсенділік деңгейін көтеру.

Жоба міндеттері:

  • табыс әкелетін қызмет формасы ретінде Құрық ауылы тұрғындарын қатыстыру және өзін-өзі жұмыспен қамту деңгейін көтеру.
  • кәсіпкерлердің және стартаптардың қаржылық және қаржылық емес мүмкіндігін кеңейту.

 

Жобаның мақсатты тобы: Құрық ауылында тұратын 18 бен 35 жас аралығындағы жастар.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

  • мотивациялық хат;
  • таңдалған мәселенің өзектілігін негіздеу;
  • ұсынылған бизнес-идеяның шешу жолын сипаттау;
  • бизнес идеяны қаржылық негіздеу.

 

Ескертпе: толығырақ ақпаратты және өтініш формасын осы жерде жүктей аласыз:

 

Үздік концепция авторлары біздің жаттықтырушылармен бірге бизнес-жоспар жасау оқытуына қатысады және кәсіпкерлік саласындағы алдыңғы қатарлы мамандардан кеңес алады. Үздік бизнес-идеялар қаржылық және тәлімгерлік қолдауға ие болады.

Өтініштерді 2017 жыл 20 қыркүйекке дейін ademi@ef-ca.org почтасына жіберу қажет.

Барлық қосымша сұрақтар бойынша келесі контакті арқылы хабарласа аласыздар: Әдемі Сақбекова, ОАЕҚ жоба бойынша ассистенті, моб.: +7 701 841 63 93 немесе почта бойынша: ademi@ef-ca.org

Поделиться страницей: