Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

20 қараша 2017 ж.

Құрық а. мектептерінің 9-шы сынып оқушыларына арналған тренингтік лагерь өтті.

2017 жылдың 30 қазан – 3 қараша аралығында Құрық а. мектептерінің: Гимназия, №1 мектеп және №6 мектептерінің 9-шы сынып оқушыларына арналған тренингтік лагерь өтті. Тренингке, Ералы ст. және Аппақ а. тұратын оқушыларды қосқанда, 100 мектеп оқушылары қатысты.  «Жаңа Ұрпақ» РЖДО сарапшылары тренерлер ретінде қатысты. Лагерьді өткізуге 11 волонтер атсалысты, олар 2017 жылдың маусым айында өткен тренингке қатысқан 11-ші сынып оқушылары мен колледж студенттері.

Лагерьдің басты мақсаты ауылдың үйлесімді дамуы үшін әр түрлі мектептердің оқушыларын біріктіру. Лагерь ойын-сауық компоненттен және дамытатын тренингтік бөлімнен тұрды. Лагерь бағдарламасы мектептік бағдарламаны толықтырды (көшбасшылық, креативтік ойлау, шешендік өнер, жобалық жұмыс, қорқыныш пен адамның ішкі психологиялық тосқауылдардан арылу). Керіс байланысқа сәйкес, лагердің барлық қатысушылары өткен іс-шараға риза болды және келешекте осындай іс-шараларға қатысуға ниет білдірді.

Лагерь өткен уақытта қатысушылар «Игі іс бағдарламасын» құрастырған болатын, және онда олар ауылдың дамуы үшін және мұқтаж адамдарға бірнеше ай ішінде көмектесу үшін іс-әрекеттердің тізімін жасады. Осыған сәйкес лагерьге қатысушылар ауылдың бірнеше жерінде қоқыс жинап, абаттандырды, ардагерлердің, емханадағы пациенттердің және балабақшалардағы балалардың хал-жайын біліп қайтты. Сонымен қатар Құрық ауылының үш мектебінің 9-шы сынып оқушыларының ұйымдастыруымен сол мектептердің оқушыларына арналған «Жастар нашақорлыққа қарсы» атты концерт өткізуге дайындалуда.

«Осы 5 күн өте ерекше, қызықты оқиғаларға толы болды. Сөзбен жеткізу мүмкін емес. Барлық тренерлерге, волонтерларға, ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін. Әр тренерден бір өмір сабағын алдық. Көптеген нәрсені үйрендік, бір бірімізге сене білудің, достықты бағалаудың маңыздылығын түсіндік...Біз бірге жыладық та, күлдік те, ұрсыстық та. Біз көшбасшы болуға лайық екенімізді дәлелдедік. Әрине, оның бәрі оңай болмады. Көптеген қиындықтарды басымыздан кештірдік, бірақ бір жұдырықтай жұмыс істеп, жеңіске жеттік», - дейді Өтеулиева Мәншүк, тренингтік лагерь қатысушысы.

«Лагерьдің барлық ұйымдастырушыларына үлкен алғыс білдіремін. Осы 5 күн ішінде біз мейірімді болуға,үлкендерді құрметтеуге, кішілерге көмектесуге, әр атқан қадамыңның алдында ойлануға, жүрегіңді тыңдауға, кешірімді болуға, қолыңдағыны бағалауға, адамдарға сенуге, қойған мақсаттарыңа жетуге, өміріңдегі мүмкіншілктерді жібермеуге, қиыншылықтарға төзе білуді үйрендік. Бізді көшбасшы болуға үйретті. Осы каникулды біз өте пайдалы өткіздік. Мен бұл лагерьді ешқашан ұмытпаймын», - дейді лагерь қатысушысы, Арманқызы Жаңылсын.

 

 

 

 

Поделиться страницей: