Подпишитесь на наши новости:
Жаңалықтар
другие Жаңалықтар
Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын
«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола
14 наурыз 2017 ж.
Ринад Темірбеков: Мемлекет пен ҮЕҰ қоғамдағы өзгерістер туралы есеп беруді үйренуі тиіс
Алматы. 7 наурыз. ҚазТАГ - Владимир Радионов.
Қазақстанның үкіметтік емес секторындағы соңғы үрдістердің бірі ҮЕҰ көрсеткен қызметі үшін ақысын үкімет төлейді – халықаралық ұйымдардан гранттар азайып, олардың орнына мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс келіп отыр.
«Орталық Азияның Еуразия Қоры» (ОАЕҚ) КҚ атқарушы директоры Ринад Темірбеков мемлекеттің ынтымақтастық үшін ҮЕҰ-ларды іріктеу критерийлері өзгеше және қоғамшылдар жаратқан ақшаларына емес, олардың жұмыстарының нәтижесінде қоғамда қол жеткізілген өзгерістері туралы есеп беріп үйренулері керек дейді.
Айта кетерлігі, өзгеріс үдерістері екі жақты болуы керек: мемлекеттік органдар да ҮЕҰ жұмыстарын ұзақ мерзімді саралауды үйренуі керек, себебі қандай да бір жобалардың тиімділігін оны жүзеге асырғаннан кейінгі 2-3 жылдан соң ғана көруге болады.
Біздің Р. Темірбековпен әңгімеміз қазақстандық ҮЕҰ-лардың кәсіби деңгейі, олардың мемлекетпен ынтымақтастық мүмкіндігі және мұндай ынтымақтастықтың қоғамға пайдалылығы туралы болады.
- Ринад, егер ҮЕҰ жұмысы туралы айтар болсақ, Сіздіңше олардың кәсіби деңгейі қаншалықты жоғары? Кейде біздің қоғамшылдарымыздың көпшілігі мақсатқа эмоциямен қол жеткізгісі келетіндей.
- Егер тіркелген ҮЕҰ жалпы санын алатын болсақ (оның ішінде тек қағаз бетінде ғана бар квази-ҮЕҰ да бар), онда нақты жұмыс жасап жатқандарының және пайдалыларының пайызы аса көп емес. Ал егер жұмыс жасап жатқан ұйымдарға келсек, олардың жалпы даму деңгейі күннен-күнге артып келеді. Көптеген ҮЕҰ басқару тұрғысынан алғанда бизнес-үрдістерді де қамтуды қолға алды. ҮЕҰ – қоғамнан бөлек, уақыттан тыс өмір сүретін бірлік емес: қоғамның дамуымен ұйым да дамып отырады. Қалыптасқан, тәжірибелі, беделді ұйымдар бар.
Оның үстіне, шартты түрде ҮЕҰ өздерінің мамандануына қарай категорияларға бөлінеді. Меморгандардың деңгейінде жұмыс жасап жатқандары да бар, олар үкімет мүшелерімен қатар ұсыныстар бере алады, заң жобасын дайындайды, рәсімдерді, стандарттарды дайындайды, оларды қорғайды. Яғни олар жоғарғы деңгейдегі «ойын ережесін» дайындаумен айналысады.
Әу баста қарапайым азамат деңгейінде жұмыс жасау мақсатында құрылған ҮЕҰ-лар бар, олар көбіне әлеуметтік осал топ мүдделерін қорғайды. Айталық, заңгерлік көмек көрсетеді. Бізде заңгерлік көмекке қол жетімділік жария түрде болғанмен, оның механизмдері толық көлемде жұмыс жасамайды. Сондықтан белгілі бір қызмет түрлеріне қолжетімділігі жоқ адамдар санаты бар – мысалы, адвокаттар ауылдарға баруға құлшынбайды.
Егер адам қандай да бір деңгейдегі диалогтың толыққанды мүшесі болуды қаласа, ол білікті, ақпаратты эмоциямен емес, объективті ұсынуы керек және кәсіби болуы тиіс деген пікірдемін. Кейде ҮЕҰ-лар өздеріне сырт көзбен қарап, өзара ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін көре білуі керек, бір-бірінен үйренуі керек. Мұнда бәсекелестік жоқ, ҮЕҰ жұмысы көрсетіп отырғандай, егер қоғам жалпы кешегі күнмен ойлайтын болса, алға жылжушылық болмайды.
ҮЕҰ-лар мемлекеттік деңгейге дейінгі прогрессивті жобалар жасағанмен, егер халық оған деген қажеттілікті сезінбесе, бойкүйездік пен салғырттық көңіл-күй бар болса, онда алға жылжу да болмайды. Сондықтан қауымдастық мүддесіне бағытталған жобалар тиімді, сондықтан сондай көңіл-күйді ұстап, соны дамытып, өз күш-жігеріңді салу маңызды. Үкіметті қанша болса да ұрсуға болады, алайда сен таңертең гимнастика жасай алмасаң не өз аулаңды жинауға құлық танытпасаң – оған үкіметтің қатысы қанша?
- Сіз қоғамдағы бойкүйездік көңіл-күй туралы айттыңыз. Ал егер оған басқа қырынан көз салсақ, онда қарапайым адам ҮЕҰ туралы да солай айта алады – өздерінің қалтасын ойлаған «грант жеушілер» деп. Және де олай ойлайтындардың саны көп. Неліктен сондай?
- Себебі оған негіз бар. Тек грант тартуға есептеліп құрылған ҮЕҰ-лар да бар. Олар тамаша тұлғалар болуы мүмкін және пайдалымыз деп ойлаулары да мүмкін. Алайда тек грант жеңіп алып оған есеп беруді ғана мақсат тұтқан ұйымдар ұзаққа бармайды, себебі табысты жұмыс жасау үшін миссия қажет, мақсаты мен оған жету жолдарын көре білу керек, жұмысында жүйелілік пен бірізділік жолға қойылуы қажет.
Бір ғана бағытта жүйелі жұмыс жасайтын және нәтижеге қол жеткізетін ұйымдар бар. Олар үрдістерге өзгерістер енгізеді және мүдделерін қорғаумен айналысқан топ адамдарының өмірі өзгереді, олардың өздері де оны байқайды.
Ал жұмысты жақсартуға келетін болсақ, онда өмірдің өзі түзетулер енгізіп отырады. Соңғы кездері ҮЕҰ-ларды қаржыландырудың классикалық қайнар көздері – халықаралық ұйымдардан және т.б. келетін қаржыландыру азайды, себебі Қазақстан дамыған ел дейді-мыс және сырттан келетін көмек көлемі азаюда. Дегенмен мемтапсырыс шеңберінде қаржыландыру мен жеке меншік секторынан – әр түрлі корпорациялардан қаржыландыру артып келеді.
Мемлекет қаржыландырудың өзіндік тетігін жасады – орталықтандырылған. Бір жағынан ол жақсы – бақылау деңгейі лайықты болса, онда барлығы жүйелі түрде, ашық болады. Бірақ айқындылық болмаса, адамдар қаржыландыру үшін іріктеудегі басымдықты түсінбесе – шектеулер болады.
Мен қазір оң тұстарын көп көріп отырмын. ҮЕҰ-лардың орнықтылығы мәселесі өзекті, себебі ол қаржылық орнықтылық болсын, бағдарламалық орнықтылық болсын – олар кемшін дамыған.
«Бағдарламалық орнықтылық» дегеніміз не? Ол егер қандай да себептермен ұйым алаңды тастап кетуге мәжбүр болса, онда ол оған дейін серіктестер мен ізінен ерушілерден қолдау үзілмейтіндей, серіктес ұйымдардан орнын басатын алаң алу мүмкіндігі болатындай, міндет атқарыла беретіндей әлеует жинап қалуы керек деген сөз. Егер басқалар осы ұйымның жасап жатқан ісінің құндылығына сенетін болса, ол өте маңызды, демек, жұмыс дұрыс жүргізіліп жатыр деген сөз.
Қаржылық орнықтылық – ол тек дебет пен кредит туралы мәліметтер ғана емес, ол дамуға ресурс жинай алу – конференцияларға бару, ғылыми жұмыстармен айналысу, зерттеулер жүргізу деген сөз.
- Біз ҮЕҰ үшін мемтапсырыс туралы айтқан екенбіз, онда оған деген қоғамшылардың көбінің секемдене қарайтынын айтпасқа болмас. Олар осы арқылы өздеріне «бұғау» салмақшы деп те айтып қалды. Ал Сіз қалай ойлайсыз?
- Басымдықты айқындауда сөзсіз диалог пен тепе-теңдік болуы керек. Мемлекет «музыкаға тапсырыс» беруге құқылы – ол да бенефициар ғой, бұл жағдайда меморгандар – мүдделі тұлғалар, олар алда қалай даму керектігі туралы өздерінің пайымдаулары барлар. Тура сол сияқты ҮЕҰ-лар да – олар, бәлкім, бір нәрсеге ғана шоғырланған шығар, меморгандар сияқты келешек пен қиын нүктелер туралы түсініктері онша ауқымды емес болар. Егер ҮЕҰ жұмысы өзгерістерге, айталық, қоғамдық бүтін кластерді өзгертуге бағытталған болса, мемлекетпен өзара әрекеттесуден қашып құтылмайсыз: ол заңнамадағы өзгерістер, нормативтік-құқықтық актілер мен т.б. болуы мүмкін.
Және бүгіндері мемтапсырыспен жұмыс жасауды қадағалайтын меморгандардың жұмысында мен оң нышандарды байқап отырмын. Екінші байқаудың нәтижелері бойынша (олар жақында ғана жарияланды) мемтапсырыс лоттарының үштен бірі қажеттіліктерді анықтайтын зерттеулерге бағытталған. Ол дұрыс көзқарас: алдағы жұмыс тақырыбын нақты анықтау үшін объективті ақпаратты жинау керек. Келесі кезең ҮЕҰ және меморгандардың бірлескен зерттеулері мен талдау жұмыстарының салдары болмақ.
Екінші мәселе – мембюджет есебінен іске асырылған жобалардың тиімділігінің мониторингі. Келесідей параметрлерді нақты айқындайтын тетік керек: ұйымға ақша берген екен, олар жұмысты атқарды, қорытындысында не өзгерді? Әлеуметтік жобалар – олар ұзақ мерзімдік, уақытты қажет етеді. Ықпал да бірден көрінбейді, құрылған механизм жұмыс жасап кетуі үшін бір-екі жыл керек. Мониторинг стандарттары да жасалуда. Жалпы алғанда мен ол тәжірибеге оң көзқараспен қараймын.
Медициналық тілмен атсақ, бүкіл ағза кейде ақауға шалдығып отыратын болса, бір мүше сау деп айтуға болмас: қан айналымы бұзылса – бүкіл ағза зардап шегеді. Егер ҮЕҰ дамуын мемлекеттің және қоғамның даму жүйесінде қарастыратын болсақ, біз барлық мәселелерді көріп отырмыз. Ол сыбайлас жемқорлық та, ол қандай да бағдарламаның тиімділігін бағалауда жүйелі көзқарастың жоқтығы да. Тіпті ұлттық деңгейлерде жаңа жобалар туындап жатады, бизнес-жобалар және т.б., ал біраз уақыт өткенде тіпті депутаттардың өздерінде сұрақ туындайды: зауыттар ашып жатырмыз, ал олардың қайсылары 3-4 жылдан соң жұмысын жалғастырып жатыр екен?
Қайда болмасын объективті ақпарат бар ма екен: осы аралықта осыншама жаңа өндіріс ашылды, олардың осыншасы әр түрлі себептермен жабылды, ал осындай кәсіпорындар өндірістік қуатына шықты және т.б. Ол ақпаратты қасықтап жинау керек. Сондықтан жүйелік проблемалар қоғамдық ұйымдардың тиімділігіне әсерін тигізеді.
- Мемтапсырыстың тағы бір мәселесі: жобаға деп бөлінетін қаржының оның аясында шешілуі тиісті міндеттерге сай келмеуі. Бұл туралы үкіметтік емес сектор өкілдері көп айтқан. Мемлекет сапаға нұқсан келтіру арқылы үнемдеп жатыр ма?
- Мұнда қандай да бір теріс ниет бар дегім келмейді. Мәселеге біржақты қарау қате, кез келген дүниенің ағы мен қарасы болады ғой. Жұмыстың сомасы мен көлемін жоспарлағанда кемшіліктер барын теріске шығармаймын. Бірақ, екінші жағынан, ешкім де сізді ол ақшаны алуға мәжбүрлемейді. Біз өз серіктестерімізге жиі айтамыз: егер сіздер басынан бастап қандай да жобаны, оған бөлінетін соманы іске асыру мүмкін емес деп есептесеңіздер – байқауға қатыспаңыздар. Егер ҮЕҰ-лардың барлығы да бірден өздерінің сұранымдарын кері алдыртып, олай болмады деп мәлімдер болса, ол да жақсы болар ма еді. Бірақ мұндай жағдайда әу бастан-ақ ақша алуға есептеліп құрылған квази-ҮЕҰ-дың жұмысы жеңілдеп қалар еді. Алайда бұл енді мәселенің этикалық тұсы.
Мемлекет пен ҮЕҰ арасындағы әлеуметтік серіктестіктің жаңа тетігі аясында өткен алғашқы байқауда мынадай жайт орын алды: бізге өте қызық бағдарламалар болды, алайда біз жалпы сомасын қарағанымызда шығынның орны толмайтыны көрініп тұрды. Біз оған қатыспадық, бірақ ұсыныс жасадық: тренингтік шығындарды, сапалы талдаманы т.б. жабу үшін операциялық шығындарды қоса есептеу керек. Және де оған уақытты да көпбірек беру керек.
Және де «қаламасаң – алма» деген ұстаным ҮЕҰ-лар қол қусырып отырсын дегенді аңғартпайды. Егер сен және қоғам осы тірлікті қажет деп тапсаң, осы жұмысты қолдауға дайын адамдар міндетті түрде табылады. ҮЕҰ жұмысы – ол әлеуметтік бағытталған қызметтер. Және де ҮЕҰ мен бизнес-құрылымдардағы әкімшілдендіру және басқару әдістері бірдей. Қаржыландыру көздері әркелкі болуы керек. Құнды қызметті адамдар сатып алатын болады. Мұның есебінен белгілі бір адамдар тобына сіз осы қызметті тегін көрсете аласыз. Мәселені жан-жақты теңдестірілген күйде шешкен абзал.
Қаншалықты сын көзбен қарағанмен, менде мемәлеуметтік тапсырыс тетігінің бастамасы жақсы деген үміт бар, ал келешекте қалай болары - уақыт еншісінде.
- Ал мемлекет ҮЕҰ-лардан «ықпал ету агенттерін» емес, серіктестерін көріп отыр ма?
- Егер меморгандарда дұрыс ойлаушы адамдар отырса, олар ҮЕҰ-дан сарапшылық сынды тамаша дерек көздерін ала алатындығын, ҮЕҰ жұмыстың бір бөлігін өз есебінен атқара алатынын жақсы түсінеді. Және ҮЕҰ рөлін түсіну бар – жақында ғана премьер осы тұрғыда пікір білдірген болатын. Сондықтан, жалпы, серіктестікті дұрыс ұғыну жоқ емес.
Дегенмен мәселенің бәрі істі егжей-тегжейлі жүзеге асыруға келгенде туындайды. Бұл жерде шын мәнісінде мәселелер өте көп. Егер шенеунік оған немқұрайлы қараса (қоғамдық кеңеске 10 ҮЕҰ жинау керек болғанда ол өзінің аузына қарап отқандарды жинаса), онда орындалған жұмыстың нәтижесі де ресми түрде ғана болады. Бұл ретте қоғамдық ұйымдарға беруге болатын функциялардың көптігін түсінетін органдар да бар, оған өңірлер мысал.
Ал мұны жалпыұлттық ережеге айналдыру керектігі, ең озық тәжірибелер неғұрлым тез дамуы үшін, кемшіліктің орнын түзететін тетіктер болу керектігі басқа мәселе. Бізге жүйелі түрде амалдар жетіспейді: ол талдаманы, тізбектілікті, сабақтастықты қарастырады. Бізде ең жоғарғы деңгейде сабақтастық жоқ: министрліктерде жаңа басшылар алдыңғылар не істегенін ұмытып қалады, жинақталған тәжірибеге арқа сүйеместен өздерінің көзқарасын жаңалық ретінде көрсеткісі келеді.
Ұзаққа барудың керегі жоқ. Бес жыл бұрын біз бір министрлікке бардық, ондағы шенеуніктер бізге бизнес-инкубаторларды құру туралы бір жаңалық ретінде айтып берді. Біз оларға 2003 жылы үкімет бизнес-инкубаторлар құру керектігі туралы қаулы қабылдағанын естеріне салдық. Қателікті қайталамас үшін сол кезде ол идея неліктен жұмыс жасамай қалғанына талдама жасауға болар еді ғой.
Бұл тұрғыдан маған қытайлықтардың әрекеті ұнайды: олар өздерінің тарихына ешқашан түкірмейді. Тіпті атақты Мао Цзедун туралы олар ол өзінің қызметінде 30% қателесті, ал 30%-да дұрыс жасады дейді. Яғни өткеніне лайықты баға бере отырып, одан сабақ алуға әрекеттенеді. Және де осы талдаманың арқасында қарқынмен дамуда.
Бізде мейлінше көп түрде ықпалды бағалауды енгізуіміз керек. «Ақшаны қайда жараттың» тұрғысынан мақсаттық есепті емес, ол түсінікті ғой. Ақша жаратылған соң не болғанына есеп беруі керек, тетік жұмыс жасап кетті ме, қаншалықты тиімді, 2-3 жылдан соң жағдай қалай өзгерді деген тұрғыдан есеп берулері керек. Ол бізде тым аз – үкіметте де, үкіметтік емес секторда да.
- Сұхбатыңызға рақмет!
Дереккөз: http://www.kaztag.kz/kz/interview/detail.php?ID=528352