Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

1 қазан 2024 ж.

Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын

Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) каталитикалық қаржыландыру ретінде $500 000 алып,
2 қыркүйек 2024 ж.

«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола

Орталық Азия Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте 2022 жылдан бері

28 шілде 2017 ж.

Райымбек ауданының фермерлері agrobiz.kz порталының қызметімен танысты

"Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қауымдастықтар қоры" ҚҚ 26 шілдеде USAID-тың "Тиімді басқаруды қолдау бастамасы" бағдарламасының шеңберінде "Қазақстан фермерлері" жобасы бойынша Алматы облысының Райымбек ауданында (Кеген ауылы) фермерлер мен аграрлық кәсіпорын өкілдері, аудандық және ауылдық әкімдіктердің өкілдерімен "Аgrobiz.kz - агробизнес субъектілерінің өзара әрекеттестігі мен дамуының жаңа мүмкіндігі" тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

"1997 жылы Нарынқол мен Кеген аудандарының біріктірілуінен Райымбек ауданы құрылды. Аудан облыс орталығынан ең алыс орналасқан аудан, шамамен 550 шақырымдай. Біздің аймақ шаруашылық үшін өте қолайлы. Шөптері шүйгінді, егістігі суыққа төзімді келеді. Мал шаруашылығымен қатар егін шаруашылығы да жақсы дамыған. Біздің өңіріміз Қазақстанға өзінің картоп өнімдерімен де әйгілі", - дейді Райымбек ауданы әкімінің орынбасары Дастан Құдабаев.

Дей тұрғанмен аудан әкімінің орынбасары сатылым деңгейінің азайып бара жатқанына қынжылыс білдірді. "Алайда, кейінгі уақытта өнімдердің сатылым деңгейі азайып қалды. Мәселе сұраныстың жоқтығында емес, аудандық фермерлерді алып-сатар делдалдардан басқа көп ешкім біле бермейді. Біздің ауданның фермерлері, ауыл шаруашылығы субектілері, мамандар туралы мәлімет жеткіліксіз болар.  Agrobiz порталы  арқылы біз ендігі кезекте бүкіл Қазақстанға ауданымыздың аграрлық потенциалын таныстырамыз!", - деп сенім білдіре келе, ол мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге мемлекет тарапынан көптеген көмек, жеңілдіктер көрсетіліп жатқанын атап өтті.

"Аталған үрдіске қоғамдық ұйымдар мен жекелеген азаматтардың атсалысуы кімді де болса қуантады", - деп  аудандық әкімдіктің өкілі өз сөзін қорытындылады. 

Поделиться страницей: