Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

7 тамыз 2020 ж.

«Қоғамдық кеңістіктер» әлеуметтік жобасының жеңімпаздары анықталды!

2020 жылдың қаңтарында «Теңізшевройл» ЖШС қаржылай қолдауымен Орталық Азияның Еуразия Қоры іске асыратын - «Қоғамдық кеңістіктер» жобасы - Атырау облысы, Жылыой ауданында өз жұмысын бастады. Жобаға қатысу үшін Ақкиізтоғай, Тұрғызба, Майкөмген, Жаңа Қаратон, Қосшағыл және Шоқпартоғай ауылдарының тұрғындары шақырылды.


 Жобаның  мақсаты: өз елді-мекендерін жақсартуды қалайтын, өз қауымдастықтарының дамуына үлес қосқысы келетін, аталған ауылдардың белсенді азаматтары, жастары, үкіметтік емес ұйым мүшелері мен жалпы немқұрайлы емес тұрғындарынан құралған ынталы топтардың бастамаларына қолдау көрсету.

Жоба тобы ақпан айында 6 ауыл тұрғындарымен кездесу өткізіп, жоба таныстырылымын жасады. 2020 жылдың маусым айында жобаға қатысып, грант алуға өтініш білдірген ауыл белсенділерінен құралған бастамашыл топтар үшін - қашықтықтан "Жобаны дамыту және басқару" атты семинар-тренингі өткізілді. Тренинг барысында жоба командасы қауымдастықтарды жұмылдыру бойынша үлкен тәжірибесі бар маман - Әсел Иманғожинамен бірге мақсатты аудиторияға жоба жазудың қыр-сырын үйретті және ынталы топтардың арасында жоба жазу бойынша онлайн консультациялар өткізілді.


 «Қоғамдық кеңістіктер» жобасы шеңберінде грант алуға өтінімдер қабылдау - 2020 жылдың шілде айының бірінші жұлдызынан бастап 19 шілдесі аралығында жүргізілді. 19 шілде мен 2 тамыз аралығында келіп түскен өтінімдерді тәуелсіз сарапшылар өкілдері қарастырып, өз бағаларын берді.

Барлығы 15 өтінім қарауға жіберілді, 14 өтінім грантқа мақұлданды, бір өтінім конкурстың талаптарына сәйкес келмегендіктен өтпеді. Жалпы өтінімдер жақсы жазылған және әр қауымдастық өз мәселелерін дұрыс жеткізе білген. Барлық жобаларға тәуелсіз сарапшылар тарапынан оң баға берілді.

 Өтінімдерді іріктеу төмендегі критерийлер бойынша жүргізілді:

1)      жергілікті тұрғындар үшін жобаның қажеттілігі;

2)      жобаға жергілікті тұрғындардың қатысуы және үлесі;

3)      жобаның тұрақтылығы;

4)      жобаның бюджеті.

 

Тәуелсіз Сарапшылар комитетінің бағалауы нәтижесінде, "Қоғамдық кеңістіктер" жобасы шеңберінде Ақкиізтоғай, Тұрғызба, Майкөмген, Жаңа Қаратон, Қосшағыл  ауылдары бойынша келесі жобалар жеңімпаз деп табылды:

 Ақкиізтоғай ауылы (3 жоба):

Жоба атауы

Жоба жетекшісі

1.

«Бақытты балалық шақ»  балалар ойын алаңы

Нарикова Асыл Алимбердиевна

2. 

«Ұлт болашағы –иманды ұрпақ»

Ермеков Саламат Мырзағалиұлы

3. 

Ақкиізтоғай ауылында дене шынықтыру, жаттығу алаңын салу

Аманкелди Каракулович Карасаев                             

 

 Майкөмген ауылы (3 жоба):

Жоба атауы

Жоба жетекшісі

4. 

«Көркейтеміз бала –бақша ауласын»

Алиева Молдир Орынбасаровна

5.

Спорт жанкүйерлері

Мусагалиев Кайрат Тогизбаевич

6. 

«Ас – адамның арқауы»  асхана жобасы

Андамасова Динара Алмазовна

 

 Жаңа Қаратон ауылы (2 жоба):

Жоба атауы

Жоба жетекшісі

7. 

«Денсаулық» футбол алаңын қалпына келтіру арқылы ауыл жастарын спортқа баулу.

Кожамуратов Қайрат  Кожамуратович

8. 

«Жан Жылуы»

Кашабаева Балжан Сергеевна

 

Қосшағыл ауылы (2 жоба):

Жоба атауы

Жоба жетекшісі

9. 

«Мейірім шуағы» балалар ойын алаңы

Саурова Насипа Қоңырбайқызы

10. 

«Бешім-ата саябағын жандандыру»

Жұманова Қалдыгүл Нұрсейітовна

 

Тұрғызба ауылы (4 жоба):

Жоба атауы

Жоба жетекшісі

11. 

Абат баққа айналар балабақшам

Қоспақова Маншук Зинадиновна

12. 

«Ашық аспан аясындағы жаттығу алаңы»

Едигеев Акылбек Едигеевич

13.

«Жүректен жүрекке»

Мақсотова Нұрила Ғабиденқызы

14. 

«Көрікті-әсем саябақ»

Запенов Бақыт Амантайұлы  

 #tco #efca #ourpublicspases #тшо #феца #Қоғамдықкеңістіктер #әлеуметтікжоба #общественныепространства #социальныйпроект  #грант #өтінім #заявка #атырау #жылыой #ақкиізтоғай #тұрғызба #майкөмген #жанакаратон #шокпартогай #қосшағыл 

Поделиться страницей: