Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

6 мамыр 2021 ж.

«Қоғамдық кеңістіктер» әлеуметтік жобасының жеңімпаздары анықталды!

2021 жылдың ақпанында «Теңізшевройл» ЖШС қаржылай қолдауымен Орталық Азияның Еуразия Қоры іске асыратын - Атырау облысы, Жылыой ауданы және Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл елді мекенінің қоғамдық инфрақұрылымдарын жақсартуға бағытталған - «Қоғамдық кеңістіктер» жобасы бойынша өз жұмысын бастады. 


Жобаның  мақсаты: өз елді-мекендерін жақсартуды қалайтын, өз қауымдастықтарының дамуына үлес қосқысы келетін, аталған ауылдардың белсенді азаматтары, жастары, үкіметтік емес ұйым мүшелері мен жалпы немқұрайлы емес тұрғындарынан құралған ынталы топтардың бастамаларына қолдау көрсету.

Жоба тобы наурыз айында Боранқұл ауылы тұрғындарымен кездесу өткізіп, жоба таныстырылымын жасады. Жобаға қатысуға өтініш білдірген ауыл белсенділерінен құралған бастамашыл топтар үшін - "Жобаны дамыту және басқару" атты семинар-тренингі өткізілді және ынталы топтардың арасында жоба жазу бойынша онлайн консультациялар үзбей жүргізілді.


«Қоғамдық кеңістіктер» жобасы шеңберінде грант алуға өтінімдер қабылдау - 2021 жылдың наурыз айының он бірінші жұлдызынан бастап 10 сәуір аралығында жүргізілді. 10 сәуір мен 5 мамыр аралығында келіп түскен өтінімдерді тәуелсіз сарапшылар өкілдері қарастырып, өз бағаларын берді.

Барлығы, Боранқұл ауылынан 12 өтінім келіп түсті, 7 өтінім грантқа мақұлданды. Жалпы өтінімдер жақсы жазылған және әр қауымдастық өз мәселелерін дұрыс жеткізе білген. Барлық жобаларға тәуелсіз сарапшылар тарапынан оң баға берілді.

 Өтінімдерді іріктеу төмендегі критерийлер бойынша жүргізілді:

1)      жергілікті тұрғындар үшін жобаның қажеттілігі;

2)      жобаға жергілікті тұрғындардың қатысуы және үлесі;

3)      жобаның тұрақтылығы;

4)      жобаның бюджеті.

 


 Тәуелсіз Сарапшылар комитетінің бағалауы нәтижесінде, "Қоғамдық кеңістіктер" жобасы шеңберінде келесі жобалар жеңімпаз деп табылды:

 

Жоба атауы Жоба жетекшісі
1. «Көркейе бер мектебім», алаң мен жаяу жүргіншілер жолын салу Сапаров Қайыржан
     
2.  «Дені сау ұрпақ, ел болашағы», спорт алаңы мен балалар ойын алаңы Нурманова Бакытгул
     
3.  «Баланың ойыны – баланың болашағы», балалар ойын алаңы жобасы Баймаганбетов Галымжан
     
4. «Жастар аллеясы», көгалдандыру жұмыстары Бүркітов Әбілахат
     
5. «Балауса балғын балалық шақ», балалар ойын алаңының жобасы Бисенгалиева Улмекен
     
6. «Street workout» көше тренажер алаңы Өскінбаев Ғабит
     
7. «Жеңіске деген ынта», футбол алаңын қайта қалыпқа келтіру Арангалиев Жайлыбек 


 #tco #efca #ourpublicspases #тшо #феца #Қоғамдықкеңістіктер #әлеуметтікжоба #общественныепространства #социальныйпроект  #грант #өтінім #заявка #атырау #боранқұл

Поделиться страницей: