Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

1 қазан 2015 ж.

«Пәтер иелері кооперативтерінің қызметін қоғамдық бақылау» жобасы аясында ПИК төрағаларына арналған семинар өтті

ПИК басқарудың негізгі формасының бірі болып табылады, оған әдетте бірнеше тұрғын үй кіреді. Көппәтерлі тұрғын үй иелері күнделікті қандай жұмыс орындалуы керектігін, немесе ол жұмыстар айсайын орындалу керек пе, жылына қанша жұмыс атқарылу керектігін, сондай-ақ атқарылатын жұмыстың нақты сомасы қаншаға бағаланғаны туралы ақпараттан бейхабар. Сол себептен, меншік иелері ПИК жұмысының ашық болмауының салдарынан, төлеп отырған ақшаларының қалай жұмсалып жатқанына алаңдаушылық танытады. Өйткені, меншік иелерін толғандыратын сұрақ, төленіп жатқан қаржы, тұрып жатқан үйдің жөндеу жұмысына емес басқа бағытта жұмсалуы мүмкін деген ой.

Сондықтан, меншік иелері ПИК жұмысының нәтижесін  көрмеген соң тиісті қаражатты төлеуден бас тартады, ал ПИК жұмысының нашарлығы, қаражаттың тапшылыға әкеліп соғып отыр.

Әдетте, меншік иелерінің көбісі өз уақыттарының тапшылығын алға тартып, сондай-ақ жиналыстар айқай шумен өтетіндіктен жиналыстарға қатысқылары келмейді.  

Осындай түсініспеушіліктің аясында меншік иесі басқару туралы шешімнің қабылдануына арналған жиналыстарға қатыспағандықтан тұрып жатқан үйлерінің техникалық жағдайынан, басқа да мәселелерден бейхабар қалып қояды. Түсініспеушілік пен сенімсіздік артып төлем ақылар құлдырап жатады.

 Аталмыш жоба, ПИК жұмысының тұрғындар алдында ашықтығына, барлық қабылданатын шешім  меншік иелерінің интернет арқылы дауыс беріп қабылдануына бағытталған. Жоба барысында қалалық меншік иелеріне арналған портал әзірленетін болады, яғни әрбір ПИК төрағасы барлық атқарылған жұмысы бойынша, сонымен қатар қаржы қызметі жөнінде, сметалар мен барлық ревизия актілерінде жүктеп, толықтап отыратын болады. Меншік иелері толыққанды мәліметтен тыс, ПИК жұмысы барысында қабылданатын әртүрлі шешімдерге де электронды түрде өз дауыстарын бере алатын болады.

Жобаның іске асуы тұрғын үйдің проблемаларын көріп түсінуге, бірлесе қабылданған шешімдерінің қаншалықты тиімді болғанын көрсететін болады.

Семинарды өткізуге көмек көрсеткен АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігі USAID және Орталық Азияның Еуразия қоры. 

Поделиться страницей: