Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

10 сәуір 2015 ж.

«Үкіметтік емес сектордағы менеджмент» МВА бағдарламасы

ҮЕҰ Сараптама орталығы, Almaty Management University Мемлекеттік және қоғамдық саясат мектебі мен Орталық Азияның Еуразия Қоры, «Шеврон» компаниясының қаржылай қолдауымен, «Қазақстандағы ҮЕҰ сарапшыларының әлеуетін дамыту бастамасы» жобасы шеңберінде, үкіметтік емес сектордағы МВА бағдарламасымен оқу бойынша Қазақстан азаматтары үшін байқау жариялайды.

Қазақстанның үкіметтік емес секторының тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің дамуы – бағдарламаның басты мақсаты.  

Оқыту аяқталғаннан кейін, ізденушілер төмендегідей мүмкіндіктерге ие болады:

  • ҮЕҰ менеджменті мен жоба қызметін дамыту бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды қалпына келтіру;
  • ҮЕҰ қызметіне қатысты кез келген тақырыпқа сәйкес аналитикалық, консультациялық, әдістемелік, білім беру, ақпараттық және техникалық қолдау көрсету;
  • әлеуметтік идеялар жөніндегі жобаларды ұйымдастыру мен қолдау дағдыларын үйрену;
  • ақпараттық-консультациялық қолдау, логистика және гранттар бойынша есептілік, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, сондай-ақ басқа да халықаралық донорлар және тағы басқа шеңберіндегі қызмет бойынша жұмысты ұйымдастыруды үйрену.

 

Мақсатты топ – қоғамдық ұйымдардың жетекшілері мен қызметкерлері, ҮЕҰ жас көшбасшылары, бастамашыл топтардың мүшелері.

Оқу формасы – қашықтықтан оқу.

Оқу ақысы:

Грант оқу ақысының 50% жабады, қалған 50% студентпен төленеді.

 

Оқытуды Алматы Менеджмент Университетінің ең үздік профессорлық-оқытушылық құрамы, азаматтық қоғамның дамуы саласындағы шақырылған сарапшы мамандар жүргізеді.

Түсу үшін талаптар:

- жоғарғы білімі туралы дипломның болуы.

- компьютерлік сауаттылық.

Құжаттарды қабылдау - 2015 жылдың 1 сәуірінен 15 маусымына дейін.

Байқау 2015 жылдың 15 -30 маусым аралығында өтеді.

Өтінімдерді қарау ALMA University Мемлекеттік және қоғамдық саясат мектебінің жетекшілері мен ОАЕҚ қызметкерлерінен құралатын Байқау комиссиясымен жүзеге асатын болады.

Бағдарлама соңында студенттерге Үкіметтік ұйымдар менеджменті мамандығы бойынша «Іскерлік басқару магистрі» біліктілігі (академиялық дәрежесі) беріледі және мемлекеттік үлгідегі диплом табысталады.

 

Анықтама үшін:

AlmatyManagementUniversity (ALMAUniversity) – бұл Орталық Азияның бизнес-білім беру мен бизнес-зерттеу саласындағы әлемдік кластағы бизнес-мектеп. 2009 ж. желтоқсанда ALMU-ға ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұлттық аккредитициясы берілді, 2010 ж. қаңтарда ALMU-ға бизнес-білім беру сапасы саласындағы CEEMAN Еуропалық институционалды аккредитациясы берілді. 2013 жылы ALMU Eduniversal рейтінгінде төртінші пальма бұтағын алып, әлемнің үздік топ-300 бизнес-университтерінің қатарына енді. 2008-2011 жж. ALMU, үш пальма бұтағының иегері, Еduniversal агенттігінің әлемдік рейтінгісімен, Қазақстандағы №1 бизнес-университет болып танылды. ALMU әлемнің ең беделді аккредитацияларының бірі - АМВА (Халықаралық AMBA аккредитациясы (AssociationofMBA's, UK) иегері атанды. 2010 ж. ALMU Қазақстанның Ұлттық Тұтынушылар лигасының «Мінсіз» сапа ұлттық белгісімен марапатталды. 2012 ж. наурызда ALMU «Сенім-2011» отандық жұмыс берушілер арасында, Қазақстандағы 2011 жылғы үздік жұмыс беруші ретінде мойындалды. ALMA University бағдарламалары туралы толық ақпаратты сайттан ала аласыздар: http://www.iab.kz/

 

Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) - 2005 жылы аймақта құрылған үкіметтік емес ұйым. ОАЕҚ жергілікті қауымдастықтарды нығайту мен азаматтық және экономикалық әл-ауқатын жақсарту арқылы, азаматттардың өз болашағын құруда белсенді қатысуға көмектесу үшін қоғамдық және жеке ресурстарды жұмылдырады. ОАЕҚ жергілікті институт ретінде Еуразия Қорының қызметін жалғастыруда. Еуразия Қоры - 1993 жылдан бастап Орталық Азияда $ 40 млн астам инвестиция құйған, жеке коммерциялық емес ұйым. ОАЕҚ туралы қосымша ақпарат алу мына сайта кіре аласыз: http://www.ef-ca.kz

 

Қосымша ақпаратты төмендегі байланыс арқылы алуға болады:

ж.т.: 8 (727) 302-23-02 немесе электрондық мекен-жай арқылы: a.kuanysheva@iab.kz,

ҮЕҰ Сараптама орталығының үйлестірушісі Қуанышева Айнұр.

Поделиться страницей: