Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

4 маусым 2015 ж.

ЕРСАЙ компаниясының жобасы AmCham байқауының номинациясын жеңіп алды

ЕРСАЙ компаниясының «Құрық ауылындағы орта білім беру сапасын жақсарту бастамасы» жобасы Американдық Сауда Палатасының (AmCham) жыл сайынғы байқауында "Community Service Award (Small Company/NGO)" номинациясы бойынша 12 жеңімпаздың қатарынан табылды.

«Құрық ауылындағы орта білім беру сапасын жақсарту бастамасы»жобасы Орталық Азияның Еуразия Қорының «Жастар және білім беру» саласы бойынша жобаларының бірі болып табылады. 2012 жылдың желтоқсан айынан бастап, аталмыш бастама Маңғыстау облысы Құрық ауылының төрт мектебі мен колледжіндегі білім беру мен тәрбиелік үрдістер сапасын жақсартуға бағытталды. Жоба шеңберінде колледж бен мектептердің әкімшілік және оқытушылық құрамының кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында тренингтер мен семинарлар өткізілді, оқушылардың оқу үрдісіне талпынысын өсіруге бағытталған мектепішілік іс-шаралар, сондай-ақ оқу орындары арасындағы серіктестік қатынастардың жақсаруына бағытталған шаралар ұйымдастырылды. Жобаның доноры және серіктесі ЕРСАЙ компаниясы болып табылады.

Жоба Қазақстандағы Американдық Сауда Палатасының AmCham Achievement Awards 2015 жылсайынғы жүлдесінің 65 номинанты қатарына енген. Американдық Сауда Палатасымен ұйымдастырылған марапаттау рәсімі 2015 жылдың 30 мамырында Rixos Astana Hotel өтті.

AmCham Achievement Awards байқауы – Қазақстандағы Американдық Сауда Палатасының түрлі қызмет салаларындағы жеке қатысушылары мен түрлі ұйымдарының жетістіктерін ерекше атап өтетін жыл сайын өткізілетін іс-шарасы. www.amcham.kz ресми сайтына сәйкес, басшылық лауазымдарда, кәсіпкерлік, инновация, корпоративтік экологиялық жауапкершілік саласында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызмет, білім беру және мәдениет саласындағы жетістіктері үшін 2015 жылғы номинациялар санаты ұсынылды. Барлық номинациялар, гендерлік және лингвистикалық теңдікті ескере отырып, түрлі қызмет салаларынан тұратын палатаның үш тәуелсіз қатысушыларынан, Қазақстанның әр түрлі аймақтарының ірі және шағын компанияларының өкілдерінен құралған AmCham Іріктеу комиссиясымен қарастырылады. Комиссия құрамы жыл сайын өзгеріп отырады, және олардың қабылдаған шешімі ресми марапаттауға дейін құпия болып табылады. 

Поделиться страницей: