Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

1 қазан 2024 ж.

Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын

Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) каталитикалық қаржыландыру ретінде $500 000 алып,
2 қыркүйек 2024 ж.

«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола

Орталық Азия Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте 2022 жылдан бері

16 наурыз 2015 ж.

ЕО жобасы Оңтүстік Қазақстан облысының осал топтары арасында құқықтық сауаттылық деңгейін көтерді

ШЫМКЕНТ - 2015 ж. 27 наурыз күні Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ)Қазақстандағы ЕО Өкілдігінің қаржылай қолдауымен 2012 ж. қазан - 2015ж. наурыз аралығында жүзеге асқан «Адам құқықтарын қорғау мақсатында ҮЕҰ желісінің ықпалын күшейту» жобасы бойынша қорытынды конференция ұйымдастырды.

Конференцияға ОАЕҚ, Еуропалық Одақ, ҮЕҰ өкілдері, жоба серіктестері және мемлекеттік сектор өкілдері қатысты. Конференцияға қатысушылар зерттеу және жоба нәтижелерін, жергілікті және аймақтық деңгейдегі әділеттілік пен адам құқықтары саласындағы серіктестіктің мүмкіндіктерін талқылады. 

Жоба үкіметтік емес ұйымдардың ықпалын күшейту арқылы осал топтардың, соның ішінде ауылда тұратын әйелдер, тәуекел тобындағы балалар мен жасөспірімдер, сондай-ақ  мүгедек адамдардың құқықтарын тиімді қорғауға бағытталды. Жоба Оңтүстік Қазақстанның 4 облысын қамтыды: Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облысы. Жоба бюджеті 250,392 евроны құрады. Жобаның серіктестері «Сана Сезім» Әйелдер бастамаларын қолдау орталығы, «КАМЕДА» ҚҚ мен «Перекресток» ҚҚ болды.

Жоба аясында Оңтүстік Қазақстанның ҮЕҰ ұйымдастырушылық әлеуетін бағалауды жүргізді, институцианалды даму, зерттеулер жүргізу, эдвокаси мен әлеуметтік маркетингті оқыды. Қоғамдық ұйымдар адам құқығы бойынша өздерінің зерттеулерін жүргізді. 15 ҮЕҰ жергілікті қауымдастықта өздерінің эдвокаси-кампанияларын жүзеге асырып, нәтижесінде әлжуаз топтардың 2000-нан астамы заңнамалық кеңестер алып, құқықтық қорғау мекемелеріне жүгінді.

МЗТО бастығы Кабылова Нильфара: «Шелек ауданының мүгедек жандары аудан орталығынан алшақта жатқандықтан, өздерінің құқықтарын білмейді. Шелек ауылындағы кеңес беру орталығының ашылғандығы аймақ мүгедектері үшін үлкен оқиға болды. Бұл – өте маңызды, әрі қызықты жоба", - деп атап өтті.

Жоба нәтижесінде ҮЕҰ тұрақты әрі тиімді құрылымға айналып, мемлекеттік сектор өкілдерімен мойындалды. Оңтүстік Қазақстан аймағының Ішкі істер және Ішкі саясат департаменті өкілдерімен өзара түсіністік және серіктестік меморандумына қол қойылды.

 

Поделиться страницей: